Мазмұнға өту

Фур (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Фур
фурави, конджара, каджаксе, фора
Бүкіл халықтың саны

1,1 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Судан

1 млн.

 Чад

30 -100 000

 Мысыр

5 000

Тілдері

конджара тілі

Діні

суннизм

Фор (фурави, конджара, каджаксе, фора) — Суданның оңтүстік-батысындағы халық (Орталық Дарфур провинциясы). Халқы 1,1 миллион адам. (2016 ж., бағалау). 30-дан 100 мыңға дейін адам Чадтың шығысында, 5 мыңға жуық адам Мысырда, 3 мың адам Орталық Африка Республикасында тұрады. Олар кунгар, тунджар, дажу топтарына бөлінеді.[1]

Тілі – конджара тілі, Шығыс және Орталық Судан тілдеріне жатады.[2]

Діні бойынша – сүнниттік мұсылмандар.[3]

Фур 16 ғасырда құрылған Дарфур сұлтандығының этникалық негізін құрады (1874 жылы Египет, 1916 жылы Ұлыбритания жаулап алды). Фурға судандық арабтар қатты әсер етті.[4]

Дәстүрлі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (тары, күріш, бидай, дурра, бау-бақша дақылдары, мақта) және мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал, түйе). Бұрын металл өңдеу дамыған. Көркемдік қолөнерден – ұсталық, керамика, тері өңдеу, зергерлік бұйымдар жасау, сүйек ою, төсеніш тоқу дамыған.[5]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Матрилиндік рулық ұйымның қалдықтары сақталған.

Ықшам елді мекендер басым. Тұрғын үйлері төртбұрышты, қыш кірпіштен қаланған, төбесі жалпақ топырақмпен жабылған. Шаруашылық ғимараттары мен көкөніс бақшалары бар үйлер ағаш қоршаулармен қоршалған.

Ерлерге арналған дәстүрлі киімі кең және ұзын жеңіл жейделер мен шалбарлар, әйелдер үшін - түрлі-түсті немесе қою түсті көйлектер, беті шәлімен жабылған.

Дәстүрлі тағамы - бидайдан жасалған тағамдар, бұрыш пен пияз қосылған күріш, көкөністер мен сүт өнімдері жиі кездеседі.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4726048?ysclid=lob8ynadpm430178875
  2. Большая советская энциклопедия > ФОР http://www.bezmani.ru/spravka/bse/base/5/008392.htm
  3. Фор (народ) http://www.moscowmsk.ru/encyclopedia/275968.html
  4. a b народы мира / Фур http://www.etnolog.ru/people.php?id=FURS
  5. Большая советская энциклопедия Фор https://gufo.me/dict/bse/%D0%A4%D0%BE%D1%80