Мазмұнға өту

Дагари

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дагари
дагааба, дагати
Бүкіл халықтың саны

830 000

Ең көп таралған аймақтар
 Гана

700 000

 Буркина-Фасо

130 000

Тілдері

дагари тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Дагари (өз атауы:дагааба, дагати)[1]Ганада және Буркина-Фасоның шекаралас аймақтарындағы гур халықтарының тобы (Бугуриба өзендерінің төменгі ағысы, Қара Вольта өзендерінің орта ағысы және Кулпон өзендерінің жоғарғы ағысы).[2] Жалпы саны 830 мың адам, Ганада -700 мың, Буркина-Фасода -130 мың адам,[3] Малиде —30 мың, Тогода —20 мың адам тұрады.[4]

Тілі - дагари тілі.[5]

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[6] Кейбіреулері сүнниттік мұсылмандар, католиктік христиандар да бар.

Негізгі кәсібі – тропикалық егіншілік, ішінара мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал). Құрғақ құмды жерлерге тары, жүгері, бұршақ, ойпаң жерлерге күріш, ямс, тәтті картоп, тауарлы дақылдардан мақта, жержаңғақ, ямс егеді. Гананың оңтүстік аймақтарында какао плантацияларында маусымдық жұмыс кең таралған. Көркем қолөнерден – сабаннан, пальма жапырақтарынан өру, зергерлік бұйымдар жасау дамыған.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін көпбалалы қауымдар, патрилиндік (боре) және матрилиндік (соба) рулар құрайды. Неке - вирилокальды, көп әйелділік, немере туыстарының некесі сақталған.

Дәстүрлі нанымдар – ата-бабалар культі, табиғаттың жанды күштері, сиқырға, тұмарға және бақсылыққа сенімдер. Негізгі фольклорлық жанрлардан ертегілер мен мақал-мәтелдер дамыған, сонымен қатар музыкалық фольклор, ішекті аспаптар басым.

Тұрғын үйлері негізінен төртбұрышты, қабырғалары сазбалшықпен сыланған, шатыры тегіс. Шаруашылық ғимараттары дөңгелек. Түнде мал ұстайтын жабық ауласы бар.

Дәстүрлі киімдерінде ақ және қара жолақтары бар ұзын зығыр жейделер, түрлі-түсті көйлектер, жемпірлер, белдемшелер басым.

Азық-түлік негізінен өсімдік тектес - (жарма, бұқтырылған, қайнатылған, қуырылған және пісірілген түйнектер мен бұршақтар, көкөністер), сүт.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Значения слов дагари https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D1%80%D0%B8
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2627189
  3. Современная энциклопедия - дагари http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/dagari
  4. Дагари https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/379832
  5. Современная энциклопедия Дагари https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/199683-dagari/
  6. Значение слова ДАГАРИ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1838511.html
  7. Народы и культуры Д https://travel-journal.ru/ethno/32/632/(қолжетпейтін сілтеме)
  8. народы мира / Дагари http://www.etnolog.ru/people.php?id=DAGA