Кпелле
Кпелле | |
кпесе, герзе, песси | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,2 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Либерия |
758 000 |
Гвинея |
514 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, суннизм |
Кпелле (кпесе, герзе, песси)[1] — Батыс Африкадағы халық. Орталық және Солтүстік Либерияда және Гвинеяның оңтүстік-шығысында тұрады. Жалпы саны 1,2 млн.адам. Либерияда 758 мың адам (2008 ж., бағалау) Гвинеяда 514 мың адам.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - кпелле тілі, манде тілдер отбасының оңтүстік тобына жатады.[3] Жазуы 1960 жылдан бастап латын әліпбиіне негізделген.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі нанымдарды ұстанады, бір бөлігі-сүнниттік мұсылмандар, христиандар және синкреттік культтердің жақтаушылары.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсіптері -қолмен атқарылатын егіншілік (кассава, таро, күріш, жүгері, кола ағашы), майлы пальма жемістерін жинау, аң аулау, балық аулау, кофе, какао, гевея және хин ағашы да өсіріледі. Қолөнерден -темір ұстасы, керамика, тоқу, тоқымашылық, ағаш ою дамыған.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоғамдық ұйымға көп балалы отбасылар, туыстық есепке патрилинейлік, құпия одақтарға (ерлер – поро, әйелдер – санде) кіреді. Неке қонысы вирилокалды болып табылады. Полигиния, левират, кездеседі.
Дәстүрлі наным-сенімдерге ата-бабалар культі (кофо, гофо), табиғат күштері, тотемизм, фетишизм, сиқыршылық пен бақсылыққа сену жатады.
Олар шағын ауылдық ��ауымдастықтарда тұрады, елді мекендердің орталығында олардың ата-бабаларының қабірлері бар. Үйлері балшықпен сыланған дөңгелек, шөп немесе сабан төбесі бар конустық болып келеді.
Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын таңғыш.
Негізгі тағам - күріштен, жүгеріден, ащы көкөніс дәмдеуіштері мен пальма майынан жасалған жармалар мен бұқтырылған тағамдар.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Российские универсальные энциклопедии http://gatchina3000.ru/great-soviet-encyclopedia/bse/065/556.htm
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2105281
- ↑ Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/99329/%D0%9A%D0%BF%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5
- ↑ Кпелле https://megabook.ru/article/%D0%9A%D0%BF%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5
- ↑ Народы и культуры Кпелле https://travel-journal.ru/ethno/38/815/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Кпелле http://www.etnolog.ru/people.php?id=KPEL