Мазмұнға өту

Саката (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Саката
баската, дзинг
Бүкіл халықтың саны

250 000

Ең көп таралған аймақтар

 Конго Демократиялық Республикасы

Тілдері

саката тілі

Діні

католицизм

Саката (баската, дзинг)[1]Конго Демократиялық Республикасындағы банту халықтарының тобы. Жалпы саны 250 мың адам.[2]

Тілі - саката тілі.[3]

Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер.[4]

Негізгі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, ямс, тәтті картоп, таро, май пальмасы, жержаңғақ, күнжіт), терушілік (кола жаңғағы, кешью) және балық аулау.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұрғын үйлері төртбұрышты, қабырғалары бамбук пен бұтақтардан жасалған және төбесі рафия пальма жапырақтарымен жабылған.

Дәстүрлі әйелдер киімі - жейде және тігілмеген белдемше, ерлер үшін еуропалық киім басым.

Тағамдары – бәліш, қамыр тәрізді пасталар, жержаңғақ ұнынан жасалған ботқалар, банан.

Музыкалық би фольклоры дамыған. Музыкалық аспаптар: соқпалы аспаптар (ндугу, банди, нгулу, т.б.), ішекті, ксилофондар, флейталар, кернейлер.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия Саката https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/206130-sakata/
  2. Современная энциклопедия САКАТА https://rus-modern-enc.slovaronline.com/9911-%D0%A1%D0%90%D0%9A%D0%90%D0%A2%D0%90
  3. Современная энциклопедия - саката http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/sakata
  4. Значение слова САКАТА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1845045.html
  5. a b народы мира / Саката http://www.etnolog.ru/people.php?id=SAKA