Мазмұнға өту

Мбете

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мбете
амбамба, умбете
Бүкіл халықтың саны

275 000

Ең көп таралған аймақтар
 Габон

175 000

 Конго Республикасы

100 000

Тілдері

мбете тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер

Мбете (амбамба, умбете)[1]Габон мен Конго Республикасының шекаралас аймақтарындағы банту тобының халқы.[2] Жалпы саны 275 мың адам. Габонда – 175 мың, Конгода 100 мың адам.[3]

Тілі - мбете тілі.[4]

Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі католиктер.[5]

Дәстүрлі кәсіптері – тропикалық қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, ямс, тәтті картоп, жержаңғақ, бұршақ дақылдары, май пальмасы, банан), терушілік, ерлер ағаш кесуде, какао, кола, кофе плантацияларында жұмыс істейді. Қолөнер – керамика, кілемше тоқу, ағаштан ою, ағаштан ғұрыптық маскалар, антропоморфтық фигуралар, музыкалық аспаптар жасау.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі әлеуметтік бірлік - үлкен отбасылық қауымдастық болып табылады.

Елді мекендері ықшам, өзен, жол бойында орналасқан. Тұрғын үйлер төртбұрышты, қабырғалары қаңқалы, шыбықтармен өрілген, төбелері биік, рафия пальма жапырақтарынан жасалған.

Негізгі тағамдары - маниок, ямс, пальма майы мен ащы дәмдеуіштер қосылған банан тағамдары.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия Мбете https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/203042-mbete/
  2. Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/29202
  3. Современная энциклопедия МБЕТЕ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/6749-%D0%9C%D0%91%D0%95%D0%A2%D0%95
  4. Современная энциклопедия - мбете http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/mbete
  5. Значение слова МБЕТЕ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1841930.html
  6. Народы и культуры Мбете https://travel-journal.ru/ethno/40/1005/(қолжетпейтін сілтеме)
  7. народы мира / Мбете http://www.etnolog.ru/people.php?id=MBET