Мазмұнға өту

Каре (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Каре
бакаре, акхале, акари
Бүкіл халықтың саны

150 000

Ең көп таралған аймақтар
 Конго Демократиялық Республикасы

90 000

 Орталық Африка Республикасы

60 000

Тілдері

акаре тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Каре (бакаре, акхале, акари) — банту тобына жататын халық. Саны 150 мың адам. Негізінен Конго Демократиялық Республикасы (90 мың адам) мен Орталық Африка Республикасында (60 мың) тұрады.[1]

Тілі - акаре тілі.[2]

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[3]

Негізгі дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, жүгері, таро және жержаңғақ, көкөністер, тау күріші). Учаскелерді тазарту жұмыстарын ерлер, егу, өңдеу, жинауды – әйелдер жүргізеді. Жеке учаскелерде қарқынды бау-бақша формалары басым. Темірден құрал-саймандар мен қару-жарақ жасау, керамика, ағаш ою, тоқыма өнері дамыды. Зергерлік бұйымдар әрлеудің нәзіктігімен ерекшеленеді.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоғамдық қатынастар рулық ұйымға және ақсақал басқаратын ауылдық көпбалалы қауымдарға негізделген. Туыстық есеп – патрилиналды, неке патрилокалды. Карелер музыкалық және би фольклорына бай. Музыкалық аспаптар – барабандар, ксилофондар, ішектілер.

Қонстары шашыраңқы, конустық саман төбесі бар цилиндрлік үйшіктер топтары басым, оңтүстігінде қабырғалары бұтақтардан жасалған төртбұрышты қаңқалы қоныстары кең таралған.

Бұрынғы белге оралған маталардың орнын, қазір еуропалық костюмдер мен көйлектер алмастыруда.

Негізгі тағамдары - бұқтырылған тағамдар, бәліштер, жарма, банан, балық, көкөністер тұтынылады.[4]</ref>

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]