Фанг (халық)
Фанг | |
пангве, пахуин | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
4 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Камерун |
2,5 млн. |
Габон |
430 000 |
Экваторлық Гвинея |
280 000 |
Тілдері | |
яунде, эвондо тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, католицизм |
Фанг (пангве, пахуин)[1] — Экваторлық Африкадағы банту халықтарының тобы (Габон, Экваторлық Гвинея, Камерунның оңтүстігі). Олар оңтүстіктегі Огове ойпатынан Санаги бассейніне және солтүстігінде шығыс Адамава үстіртіне дейінгі аумақты алып жатыр. Халық саны шамамен 4 млн. адам (2009 ж.).[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тіл банту тілдер отбасының солтүстік-батыс тобына жатады. Олар яунде немесе эвондо тілдерінде (диалектінде) сөйлейді.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпшілігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сонымен қатар католиктер, протестанттар және христиан-африкалық секталардың ізбасарлары бар.[4]
Этногенезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этногенетикалық негіздер Фангтың ата-бабаларын Конго бассейнінен немесе қазіргі оңтүстік Судан аумағынан Адамава үстіртінің оңтүстігіне қарай қоныс аударған мигранттармен байланыстырады, оларды 19 ғасырдың басында фульбе жаулап алушылары қуып жіберген. Олар еуропалықтармен делдалдық саудамен айналысты. Неміс отарлауына қарсы тұрды (Булу көтерілісі 1891–95, Яунде 1895 және т.б.)[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптерге тропикалық қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, жүгері, жержаңғақ, ямс, маниок, көкөніс, бана��, май пальмасы, темекі), аңшылық, балық аулау жатады. Қолөнерден – ағаш пен сүйектен ою (ата-бабалардың стильдендірілген бастары, антропоморфты бетперделер, барабандар, ән ойнауға арналған сәндік тақталар, көптеген фигуралардың күрделі композициялары және т.б.), геометриялық өрнектері бар қоржындар мен төсеніштер тоқу, ұсталық, керамикалық бұйымдар жасау дамыған. Орман шаруашылы және какао, банан, гевеа және май пальмасы плантациялары үшін маусымдық жұмыстар бар.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Матрилиндік рулық ұйым, көп балалы отбасылар, ауыл қауымдары және жасырын одақтар болды.
Елді мекендері сызықтық түзу орналасқан (ұзын ауылдар деп аталады). Тұрғын үйлері төртбұрышты, қаңқалы, қабырғалары тоқылған, төбесі биік, пальма жапырақтары немесе шөппмен жабылған, үйдің айналасында ашық веранда бар.
Дәстүрлі киімдері - ерлер талшық жамылғылары және әйелдер арналған құрғақ шөп шоғырын пайдаланған. Көсемдер иықтарына барыс терісін жамылған.
Тағамдары – көкөністер мен жемістерден дәмдеуіштер қосылған ботқа.
Халық ауыз әдебиетімен (аңыздар, ертегілер), музыка мен би өнеріне бай.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Словари ФАНГ https://slovaronline.com/browse/dee398c5-ff82-3eb5-a66e-d12aec15f697/%D1%84%D0%B0%D0%BD%D0%B3
- ↑ Фанг https://megabook.ru/article/%D0%A4%D0%B0%D0%BD%D0%B3
- ↑ Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%A4%D0%B0%D0%BD%D0%B3
- ↑ Современный толковый словарь - фанг http://www.terminy.info/russian-language/modern-dictionary/fang-pangve
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4705844
- ↑ Народы и культуры Фанг https://travel-journal.ru/ethno/48/335/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Фанг http://www.etnolog.ru/people.php?id=FANG