Мазмұнға өту

Боки

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Боки
нки, дама, осиком, веанероки
Бүкіл халықтың саны

140 000

Ең көп таралған аймақтар

 Нигерия

Тілдері

боки тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Боки (өз атаулары: нки, дама, осиком, веанероки) — Нигериядағы жалпы саны 140 мың адамнан тұратын ұлт.[1]

Тілі - боки тілі-окии (мфуа).[2] Диалектлері: басуа, бойе, ирруан, нсадип, оку, абонтакон, бурум, бибо, беби, бавоп, каньянг, оримекпанг, вула, б��терико, абу, осоком.

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[3]

Негізгі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, тәтті картоп, ямс, таро, банан), аңшылық. Қолөнерден – керамика, тоқу, ағаш ою (маскалар, ата-баба мүсіндері) дамыған.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін ауыл қауымдары, көп балалы отбасылар, рулар, ерлер мен әйелдердің жасырын одақтары, жас мекемелері, бас аулаушылар бірлестіктері құрайды. Неке вирилокалды, туысқандық есеп патрилинейлік болып табылады.

Тұрғын үйлері – төбесі конустық дөңгелек үйшіктер.

Киімдері жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі.

Негізгі тағамдары - өсімдік тектестер (жарма, бұқтырылған тағамдар, ащы дәмдеуіштермен пісірілген түйнектер).[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/8814
  2. ИЛЛЮСТРИРОВАННЫЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B1%D0%BE%D0%BA%D0%B8
  3. БОКИ http://www.aggregateria.com/B/boki.html
  4. a b народы мира / Боки http://www.etnolog.ru/people.php?id=BOKI