Явалықтар
Явалықтар | |
вонг ява | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
95,2 млн | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Явалықтар (вонг ява) — Индонезиядағы ұлт. Ява аралы мен Калимантанның кейбір аудандарында шоғырланған. Малайзияда, Сингапурда, Аустралияда, Жаңа Каледония мен Нидерланд елдерінде де тұрады. Халқы 95,2 млн адам (2010, халық санағы).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Австронезий отбасындағы ява тілінде сөйлейді. Индонезия тілі де явалықтар арасында кеңінен тараған.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілер сүнниттік мұсылмандар, аздап христиандар да кездеседі.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мамандар явалықтардың ата-бабалары қазіргі отандарына б.з.б. 1-мыңжылдық ортасында келген, кейіннен Үндістанның мәдени ықпалына түскен деп жорамалдайды. Ұлт ретінде шоғырлану үрдісі Маджапахит империясы (1293 – 1520 ж. шамасы) тұсында жанданған. 17 ғасырдың бас кезінен Нидерландының (Голландия) отарына айналып, бірнеше ғасыр бойы үлттық езгіге ұшырады.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі – егіншілік. Күріш, жүгері, кассава, батат, жер жаңғақ,бұршақ, банан, кокос, т.б. [[тропиктік дәнді-дақылдар егеді. Мүйізді ірі қара ұстайды, құс шаруашылығымен айналысады. Еңбек құралдары қарапайым – ағаш соқа, балта, кескіш пышақ, орақ, кетмен (патчал). Олар балық аулаумен кооперативті түрде айналысады, балық аулайды. Балық аулау үшін олар прау-майянг (үлкен, 20 адамға дейін) және прау (кіші) қайықтарды пайдаланады.
Қолөнерден батик жасау, қару-жарақ, қайық, зергерлік бұйымдар, ою, керамика дамыған. Дәстүрлі қылыш – крис (панде) жасайтын шеберлер ерекше бағаланады. Ою үшін ағаш, тас, сүйек, мүйіз, жаңғақ қабықтары пайдаланылады.[5]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Явалықтар қоғамы ұзақ уақытқа дейін вонг чилик (жұмысшылар мен шаруалар), сантри (саудагерлер мен қолөнершілер, дін тұтынушылар), прийяи (шенеуніктер, зиялылар), ндара (ақсүйектер) касталарына бөлініп келді. Туыстық қатынастары гавайлықтар мен ағылшындарға жақын. Явалықтар бай ұлттық әдебиетін, сәулет өнерін, музыкасы мен театрын сақтап қалған.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халық тығыздығы жоғары Яван ауылдары (десы) бір-біріне жақын орналасқан. Үйлері жол бойында, суару арналарын қоршап тұрған бөгеттер бойында орналасқан. Ауыл бамбук қоршаумен қоршалған үй-жайлардан тұрады, орталығында қоғамдық үй (лангар), басшының үйі (лураха) және мешіті бар алаң бар. Тұрғын үй қаңқалы-бағаналы болып келеді, оның қабырғалары өрілген бамбуктен көтерілді, екі не төрт жаққа бағытталған шатыры пальма жапырақтарымен немесе қыш тастармен жабылады. Үйдің алдында ашық веранда бар, алдыңғы жағы қонақ және асхана, балаларға арналған жатын бөлме ретінде қызмет етеді. Шаруашылық ғимараттары - қора, қамба т.б.[6]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық киімдері – каин, саронг. Ерлер күртеше, әйелдер кеудешені жауып тұратын кембен, ашық кофта киіп, иықтан түсіп тұратын орамал (сленданг), сан алуан әшекейлер тағып жүреді. Бастарына пүліштен жасалған пичи, икет (орамал түрі) киеді.[7]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі тағамдары күрішке негізделген. Балықтан дайындалған тағам түрлері де көп.[8]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.
- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.
- ↑ Явалықтар. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.
- ↑ Қазақ энциклопедиясы Т. 10.
- ↑ Явалықтар. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 664. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Явалықтар. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Явалықтар. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.