Билаан
Билаан | |
b'laan | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
100 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
билаан тілі, ағылшын және тагал тілдері | |
Діні | |
Билаан (биланс өз аты - «тау адамдары») — Минданао аралындағы Оңтүстік Котабато, Солтүстік Котабато, Оңтүстік Давао провинцияларындағы Филиппиндік тау халықтардың бірі. Халқының саны 100 мың адам.[1] Билаандар бірнеше топтарға бөлінеді: билаан, булуан және балуд. Көрші халықтардан аласа бойлылығымен ерекшеленеді.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі билаан тілі. Диалектілері: билаан, балу, балуд немесе булуан. Ағылшын және тагал тілдері де кеңінен таралған.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар дәстүрлі культтерді сақтайды, кейбіреулері христиандар, мұсылман-сүнниттер бар.[2]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы (күріш, абака, жарма, батат, көкөністер), терімшілік және ішінара балық аулау. Қолөнері – абака талшықтарынан тоқу, маталарды бояу, ағаш ою, қару жасау және ою-өрнек кестелеу.[3]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Билаан отбасылары шағын. Тығыз туыстық байланыстар әрқашан Билан отбасының негізгі құндылықтарының бірі ретінде танылған және терең тамыр жайған. Көп әйел алу кең таралмаған. Үйленгеннен кейін жас жұбайлар туыстарынан бөлек тұра алады, сонымен қатар күйеуінің немесе әйелінің отбасына көшуге болады. Қалыңдықтың қалың мал бағасы бар. Қалыңдық пен күйеу жігітті бала кезінен атастыру дәстүрі де бар. Олар кейінірек, есейгенде үйленеді.
Билаандар рухтарға табынуды, ата-бабаларды бамбук немесе ағаштардағы ағаш табыттарға жерлеу дәстүрін сақтаған. Олар ғарышты, сонымен қатар жанның бәрын басқаратын бір ғана Жоғарғы болмыс бар деп есептейді.[4]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Билаан қоныстары шағын, шашыраңқы, 20 ғасырдың ортасына дейін уақытша қоныстар кең тараған. Тұрғын үйлері – қадалы, ағаштан немесе бамбуктан жасалған.[5]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]20-ғасырдың басына дейін билаандар жамылғы белдемшілер, мата алжапқыш киген. Қазіргі костюмдері Морос пен Магуинданао таулы халықтарының (манобо, багобо) киіміне ұқсас. Ерлер қару ұстаса, әйелдер металл және ағаштан жасалған әшекей бұйымдарды (сақина, білезік, тарақ) пайдаланады.[6]
Фольклоры
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олардың салт-жоралғылары мен билерінде ағаш люта, флейта, бамбук трубалары сияқты музыкалық аспаптар кеңінен қолданылады. Әйгілі билердің бірі Blit B ' laan рәсімі (жұптасу маусымы кезінде еркек пен әйел құстың қимылына еліктеп билеуі).[7]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Билаан
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |