Пашаи
Пашаи | |
пашай, лагмандар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
130 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Пашаи (өз атауы; пашай, лагмандар)[1] — Ауғанстандағы (Кабул және Кунар өзендерінің салаларының таулы аңғарларында) және қазіргі Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы дард халқы.[2] Жалпы саны 130 мың адам.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар пашай тілінде сөйлейді. Дари және пушту тілдері де кеңінен таралған.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсіптері – егіншілік (күріш, бидай, биязы дәнді жүгері, өзендердің төменгі ағысында – қант қамысы, бау-бақша, бақша дақылдары, бұршақ), мал шаруашылығы (қой және т.б.) бар.[6]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]��лді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауыл (кала) — бұрыштарында мұнаралары бар кірпіш қабырғалармен қоршалған тікбұрышты жабық аула. Таулардың баурайында үйлер террассалы түрде орналасқан. Тұрғын үй ағаштан немесе ағаш еден арқалықтары бар тастан жасалған. Арқалықтарды, тіректерді оюмен өрнектеу жиі кездеседі.[7]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі костюм – шалбар, жейде, жеңсіз күрте. Әйелдер тізеден төмен қара түсті көйлек, бастарында тиындармен, моншақтармен безендірілген дөңгелек түсті қалпақ киеді. Көптеген моншақтар, күміс әшекейлер тағады. Әйелдер де, ерлер де былғары белбеу тағады. Еркектерге киізден жасалған қалпақ, сәлде тән.[8]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағам – ұн және сүт тағамдары.[9]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Пашаи
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 28 қазан 2024.
- ↑ Пашай сөзінің мағынасы. Тексерілді, 28 қазан 2024.
- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 28 қазан 2024.
- ↑ Пашаи. Тексерілді, 28 қазан 2024.
- ↑ Үлкен энциклопедиялық сөздік. 2012. Тексерілді, 28 қазан 2024.
- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 28 қазан 2024.
- ↑ Пашаи халқы. Тексерілді, 28 қазан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 413. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Әлем халықтары/Пашаи. Тексерілді, 28 қазан 2024.