Мазмұнға өту

Хрэ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хрэ
хре, тямрэ
Бүкіл халықтың саны

113 111

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам

Тілдері

хре тілі, вьетнам тілі

Діні

анимизм

Хрэ (хре, тямрэ) — Вьетнамның ресми түрде танылған 54 халқының бірі. Негізінен Биньдинь және Куангнгай провинцияларында тұрады. 1999 жылғы санақ бойынша олардың саны 113 111 адамды құрайды.[1]

Мон-кхмер тілдерінің бахнар тобындағы хре тілінде сөйлейді. 20 ғасырдың басынан латын негізіндегі жазу. Вьетнам тілі таралуда.[2]

Дәстүрлі нанымдар сақталған – анимизм, аграрлық культ.

Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, жүгері, түйнек, көкөніс және т.б.), мал шаруашылығы (ірі қара), аңшылық, балық аулау және терушілік. Қолөнердің ішінен тоқымашылық пен тоқу дамыған.[3]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі әлеуметтік ұйым - ауылдық қауымдастық (плей). Отбасы шағын, үлкен отбасының қалдықтары сақталған. Туыстық есеп екі жақты, бесінші ұрпаққа дейінгі туыстар арасында некеге тыйым салынады. Тістерді аралау, жоғарғы алты тісті жұлу әдеттері болған. Ән мен музыкалық фольклор, ертегілер мен дәстүрлер бай.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұрғын үйлері қадалы, төртбұрышты, шатыры бар, төбе шатыржалы буйвол мүйіздерімен безендірілген.

Екі ішекті халық аспабы

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерлердің дәстүрлі киімі – денені орайтын мата, көйлек, бау, әйелдердікі – екі мата кесіндісінен тұратын ұзын тігілмеген белдемше, күртеше, көкірекше, вьетнамдықтардың дәстүрлі көйлегі (ао заи) кең тараған. Қазіргі вьетнамдық киімдер жиі кездеседі. Ерлер де, әйелдер де күміс пен қоладан жасалған әшекей бұйымдарды көп тағады.[4]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хрэ ұлты өкілдерінің негізгі тамағы-қарапайым күріш, мереке күндері олар жабысқақ күрішті де жейді. Олар "кан" самогонын, ашытқы жапырақтары бар үй шарабын ішкенді ұнатады. Ерлер мен әйелдер жиі темекі шегеді және бетельді шайнайды.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Хрэ. Тексерілді, 10 желтоқсан 2024.
  2. Хрэ сөзінің мағынасы. Тексерілді, 10 желтоқсан 2024.
  3. Әлем халықтары/Хрэ. Тексерілді, 10 желтоқсан 2024.
  4. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 604. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  5. Хрэ халқы. Тексерілді, 10 желтоқсан 2024.