Шанышқылы
Шанышқылы да Ұлы жүз құрамына кіретін ру. Бұл рудың шығу тегі мен тарихы жайында көне деректерде ешнәрсе жоқ. XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде (П. И. Рычков, А. И. Тевкелев, А. Левитин, Ш. Уәлиханов) «ол (шаныпщылы) Ұлы жүз құрамына кіріп, Қаратау мен Талас өзенінің күнгейінде көшіп жүреді» деген мағлұмат бар. Алғаш рет Шанышқылы руының тарихы мен шығуы туралы Н. Аристов өз жорамалын келтіріп, Шанышқылының отаны Алтайдағы Бийдің бір саласы Аққу өзені мен Шошқалы, Шаңғылбүлақ, Қалжыр өзені ағып шығатын Марңакөлдің сағасындағы құмандар арасында деп тұспалдайды. Қаңлы мен Шанышқылының шығу тегі жоғарыдағы келтірілген аңызда Бақтиярдың өкіл баласы Қатағанмен байланыстырыла ңарастырылып, Шанышқылының ежелгі мекені ретінде Алтай өлкесі айтылады. Қатағандар туралы Әбілғазы еске алый, өзі (Әбілғазы) қазақтар арасында 1632 жылы болғанда қазақ ханы Есім хан Ташкент билеушісі қазақтан шыққан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағандарды тонап, ңысымшылық көрсеткенін айтады. Ол Қатағандарды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бұқым-Қаттаннан шығарады. Ал Рашид әд-Дин Қатағандарды көшпелі ру Қатақин деп атап, оларды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бу гунхатақидан таратады. Сол себепті қатағандар Түркістанда тек Шыңғыс дәуірінде, Шағатай сарбаздарының құрамында соларға қызмет етіп, пайда болды деп топшылауға болады. Әрине, олардың саны онша көп емес еді. Сырдарияда қатағандар жергілікті Қаңлы мен Шанышқылылар құрамынан тұрып, әлде бір қатағанның әйгілі бегін қорғау үшін соларға қосылғандар болатын.
Одақтың ыдырап, Есім ханның қудалауының салдарынан Сырдарияның оң қабағындағы Қатаған руы да ізім-ғайым жоғалады. Олардың қалған-құтқан бөлігі басқа тайпаларға қосылып, немесе шанышқылы руларына сіңіп, шанышқылы болып кетті. Қатағандардың басым көпшілігі Шайбани әулетімеп бірге Мауараннахрға кетіп, бір бөлігі Қазақстан аумағын мекендеп ңалды. XIX ғасырдың екінші жартысында қатағандар Әулиеата уезінде тұрып келді (Мақашев пен Смирнов көрсетуі��ше). Қатағандардың көпшілігі басқа қазақ руларымен мидай араласып кетті, мәселен, Ысты аталарының ішінде Асанқараған мен Байқараған әлі күнге Шымкент уәлаятында тұрып келе жатыр деседі. М. Тынышбаев қатағандардың бір бөлігі Шанышқылы болып, Қаңлы руына қосылып кетті деп есептейді. Шанышқылы руы туралы тағы бір жорамалды Н. Аристов алға тартып, ол: «Шанышқылы атауын сонымен қатар монгол дың «Юактгаоми-шиде» айтылатын Чаншиут, әйтпесе Чанкшикит рулары профессор Березин Рашид ад-Дин бойынша қияттардың тармағы Женшқұт есіміне сай келеді. Олай болса.
Шанышқылы ұрпағы Шағатай кезінде Қаңлының жергілікті руынан қалыптасып, Шағатай монғолдарынан шыққан Чаншиут немесе Шанышқылы атасының атын иемденіп, одақ түрінде құрылды»,деп есептейді. Біздің қолымызда Шанышқылы руының шығуы мен тарихы туралы бұл жорамалды нақтылайтын жазба, немесе басқа деректер жоқ болғандықтан, осымен шектелуге мәжбүрміз. Соған қарамастан, Шанышқылы руы туралы Н. Аристовтың пайымдаулары көңілге қонымды екенін айта кеткен жөн. Шанышқылының Алтайдан шыққаны туралы топонимдер мен әтнонимдер негізіндегі ой, атаулардың кейбір монгол әтнонимдерімен сәйкестігі туралы, олардың жергілікті қаңлылар мен қатағандармен байланысы туралы тағы басқа мәліметтер толық назар аудартады. Шанышқылының ата-тегінің құрамы хақында М. Тынышбаевтың шағын мақаласынан басқа әдеби деректер некен-саяқ. Тынышбаевтың зерттеуінше, Шанышқылыдан Сымыршық, одан Айрылмас (шанышқылылардың ұраны); одан Құрбақа (Балық, Саңырау, Мамыт), Дархан, Қырықсадақ, Бектау (Қырпық, Арапшы, Сырдым), Жойсын, Бағыс (Қырғызтекті). Біздің зерттеуімізде де Шанышқылы туралы жарияланымдар жарытымсыз. Шанышқылы руының жауынгерлік ұраны бәйгеде «Айрылмас», ұрыс-қақтығыста «Шанышқылы». Бұл туралы Гродеков, Аристов, Тынышбаев пен Востров жазды, ал Аманжолов «Айрылмас» пен «Бәйтерек» деп есептейді. Бұл кейбір шанышқылы аталарының қаңлылар құрамына кіргендіктен, олар «Бәйтерек» ұранын пайдаланатын болар. Шанышқылының рулық таңбасы (қолтаңба).
XIX ғасырдың аяғына таман (Мақашевке сүйенгенде) шанышқылылардың аз бөлігі Жетісу өлкесі, Верный уезінің Түрген өзенінің бойында ғұмыр кешкен. Сырдария уәлаяты Ташкент уезінде 2000 түтін, Верный, Қапал, Әулие-ата, Шымкент және Ташкент уезінде барлығы 10 000 түтін болған. М.Тынышбаевтың дерегінше, 1917 жылы қаңлылар мен шанышқылылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, ал Ташкент уезінде 160 мың жан өмір сүрген. Тағы да сол көрсету бойынша, жоғарыдағы үш уезд көлемінде 190 мың жан шанышқылылар қоныстанып жүрген. Қаңлылар мен шанышқылылардың саны туралы мәліметтер олардың негізінен Қазаңстанның оңтүстігіне таралғанын көрсетеді. Бұл барша уездерде қаңлылар мен шанышқылылар төрт маусым бойы қоян-қолтық көшіп-қонып жүргендіктен, олар бірге саналады, бірақ жан басы жағынан тепе-тең емес еді. Қапал. Верный, Әулиеата уездерінде шанышқылылардан гөрі қаңлылар басым болатын, ал Ташкент уезінде жоғарыда айтылғандай, шанышқылылар 2000 түтін құрады. Қаңлылар мен шанышқылылардың Қапал уезіндегі ата-қонысы Алтынемел тауларының етегінде, Верный уезінде Түрген өзенінің аңғарында, Әулиеата уезінде Талас өзенінің аңғарында және Ташкент төңірегінде Келес пен Шыршық өзендері бойында орналасты.
Шанышқылы руының негізгі кәсібі төрт түлік мал өсіріп, суармалы егіншілікпен айналысу болатын. Олар жартылай отырықшы және отырықшы ғұмыр кешті. Әлбетте, отырықшылар егін салып, бидай, арпа, тары мен ңауын-қарбыз еккен. Сонымен, біз Ұлы жүздің ірі-ірі он бір руының рулықтайпалық құрылымы, олардың Жетісудың Қапал, Жаркент пен Верный уездеріндегі, Сырдария уәлаятының Әулие-ата, Шымкент пен Ташкент уездеріидегі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қоныстануы туралы қысқаша шолуымызды аяқтаймыз. Әдеби деректер мен біздің зерттеулеріміздің негізінде 11 рудың 20 ата-тегі туралы кесте жасалды. Олардың тұтастығы мен толықтығы бойынша бұл тектану кестесі әр түрлі болды. Кейбір рулар мен аталар бойынша, олардың әтникалық құрылымы жайында әлдеқайда мол қамтылды. Жалайыр, Албан, Шапырашты, Дулаттың кейбір аталары бойынша біздің зерттеулеріміз тектану кестесіне енбей, орташа мағлұматпен шектелінді, ал Сарыүйсіндер мен Шанышқылы жайында деректеріміз тақұлтұқыл болды. Соған қарамастан, біздің тектану кестемізден Ұлы жүздің рулары мен аталық құрамы туралы белгілі жүйеде түсінік алуға мүмкіндік бар.
Рулардың рулық құрылымы туралы мағлұмат бермей тұрып, алдымен мүмкіндігінше ежелгі рулар: Үйсін, Дулат, Жалайыр мен Қаңлылардың шығуы мен тарихы жайында деректер беру қарастырылды. Содан соң біздің кестемізге сәйкес, рулық-тайпалық құрамы келтірілді. Одан кейін рулар мен аталардың қоныстануы, көші-қоны да қағажу қалған жоқ. Ауа райы мен жер ыңғайына байланысты жеке рулар, аталар мен қауымдастықтың негізгі кәсібінің бағыты атап өтілді. Қал-қадарынша әр аудандардағы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі де тілге тиек етілді.
Тұлғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бердіқожа батыр
- Қайрат Нематұлы Келімбетов
- Қазанғап Тілепбергенұлы Қырықсадақ
- Темірбек Қожакеев Қырықсадақ
- Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай Көрік
- Бақытжан Алдияр Ағанай-Жолық
- Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі Жұдырық
- Қаратай Тұрысов Жұдырық
- Тұтқабай Иманбеков Саңырау
- Алданов Ермек Араншы
- Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков Қатаған
- Адыл Егамбердіұлы Якубов Қатаған
- Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов Қият
- Жамал Омарова Балықшы
- Шәріпбай Медетбаев Тініке
- Орынкүл Орманқызы Тәжиева Тініке
- Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков Шошым
- Алданов Ермек Араншы
- Тұрдымұрат Әзімбаев Бесуыл