Қыстық
Қыстық — Ұлы жүз Албан тайпасының Сүйменді тармағынан тараған рулар бірлестігі. Қыстықтың шын аты - Жиенқұл. Шежіре бойынша Қыстық:
- Аққыстық (Ақназар)
- Қарақыстық (Тоқмамыс) болып екі тармаққа бөлінеді.
- Аққыстықтан - Құлақай, Тілеміс;
- Қарақыстықтың бәйбішесінен - Әлі, Байтоқ, тоқалынан -Елтоқты, Бөже.
Бұл екі тармақтан ру болып қалыптасқандары Аққыстықтан: Құлақай, Шойқара, Жайын, Онтоғар, Майасар; Қарақыстықтан: Қарақұс, Амангелді, Момын, Бектемір, Сақау, Есене, Мәліке рулары тараған. Қыстық бірлестігі Алатау округының 1865 ж. тізімінде Айтпен қоса есептегенде 1070 түтін (үй) болған. Бұлар Қазан революциясына дейін бүгінгі Алматы облысы, Шелек, Кеген, Нарынқол, Үйғыр аудандарын, Қырғызстанның Ыстыкөл айналасын мекен еткен. Жайлауы: Қарқаралы, Асы, Сартау. Қыстауы: Сөгеті, Сарыбұлақ, Торыайғыр.
Қыстық рулары ертеден егін егіп, жеміс-жидек, бау-бақша өсірген. Ұраны - Райымбек, Малайсары, Таңбасы - Ο (дөңгелек)[1].
Тұлғалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Төле Кенжебаев
- Төлен Қабылов
- Алтынбике Бертаева Соц еңбек ері
- Әйнек Бибаева Соц еңбек ері
- Сәлім Жарылқасынов Соц еңбек ері
- Молдан Әлдербаев Министр ҚазССР
- Мәрия Нұрғалиқызы Омарова
- Марғұлан Баймұхан елші
- Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев елші
- Сұлтан Орынтаев Жоғары Кеңес депутаты
- Нұрқабек Үмбетәлиев Жоғары Кеңес депутаты 1948-54
- Ұят Дәулетбақова Жоғары Кеңес депутаты
- Оңласын Дәуренова Жоғары Кеңес депутаты
- Өмірғали Кенжебеков Жоғары Кеңес депутаты 1990-1995
- Тұрарбек Мәжілұлы Асанов
- Болат Нұрғазыұлы Нұрғазиев депутат 13 шақырылым
- Қайрат Құтымұлы Сәдуақасов
- Осан Жангелді Көшімбайұлы
- Жүнісбек Жұмабеков
- Бек Дәулетбаев Қазақ радиосын басқарған
- Ұлтарақов Қазтай
- Сағыныш Есбергенов депутат 1973
- Мереке Сатылғанқызы Атабаева
- Жеңіс Әкімжанұлы Шоқыбаев
- Құрманбай Игілікұлы Толыбаев
- Болат Қасымжанұлы Ұзақов[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |