Мазмұнға өту

Бақытжан Алдияр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген.

Шанышқылы тайпасының Ағанай-Жолық руынан шыққан. [1]

Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.

Ол көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың, «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М. Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері.

Сондай-ақ, Сорос қорының, Түркістан, «Серпер» жастар сыйлықтарының жүлдегері.

Б. Алдияр «ТұранӘлемБанкі» АҚ ұйымдастырған жазба ақындардың мүшайрасында екінші орынды алды. Сондай-ақ, Түркияның бүкілдүниежүзілік түркі жастары әдебиетін қолдау қорыны сыйлығына ие болды.

Б. Алдияр Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.

Шығармашылығы Өлеңдері 3 жинаққа енген, 3 жеке кітабы бар. Тұңғыш рет өлеңдері 21 жасында «Жыр додасы» - 1995 атты жинақта жарық көрді. Соңғы жыр кітабы «Құбыла» 2006 жылы жарық көрді.

  • Алдияр Б. Көзайым: Өлеңдер.-Шымкент: Жібек жолы, 1998.-64 бет.
  • Алдияр Б. Сезім кілті: Өлеңдер.- Шымкент
  • Алдияр Б. Құбыла: Өлеңдер.- Алматы: «Үш қиян», 2006.- 192 бет.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мекембай Омарұлы [1] = Шаңышқылы шежіресі / А.Ирисбаев — Ташкент: Езувчи, 2000. — 232 б. — 1000 таралым. — ISBN 5-8255-0662-4.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]