Мазмұнға өту

Талас (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Талас өзені бетінен бағытталды)
Талас
Талас өзені
Талас өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 661 км
Су алабының
ауданы
52,7 мың км²
Су ағысы
Бастауы Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтары
 • Координаттары 42°30′ с. е. 73°10′ ш. б. / 42.500° с. е. 73.167° ш. б. / 42.500; 73.167 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей
 • Координаттары 43°55′ с. е. 70°30′ ш. б. / 43.917° с. е. 70.500° ш. б. / 43.917; 70.500 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°55′ с. е. 70°30′ ш. б. / 43.917° с. е. 70.500° ш. б. / 43.917; 70.500 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қырғызстан  Қазақстан
Ортаққордағы санаты: Талас
 Басқа мағыналар үшін Талас деген бетті қараңыз.

Талас өзеніҚырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен, ұзындығы 661 км, су жиналатын алабы 52700 км². Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен, Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады.

Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқоша өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1 – 2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25 – 30 км. Көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым – тамыз айларында тасиды.

Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық, т.б.) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, сәл кермек, ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Тараз қаласы тұсында секундына 27,4 м³. Өзен бойында, Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас – Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тараз энциклопедиясы