Мазмұнға өту

Қайрат Нематұлы Келімбетов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қайрат Нематұлы Келімбетов
Қайрат Нематұлы Келімбетов
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
2012 жылдан бастап
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Серік Ахметов
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк төрағасы
11 қазан 2013
Премьер-Министр Серік Ахметов
Ізашары Григорий Марченко
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі
11 сәуір 2011 — 20 қаңтар 2012
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Ізашары Жанар Айтжанова
Ізбасары Бақытжан Сағынтаев
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Экономика Және Бюджеттік Жоспарлау министрі
28 тамыз 2002 — 18 сәуір 2006
Премьер-Министр Иманғали Тасмағамбетов
Ізашары Мәжит Есенбаев
Ізбасары Кәрім Мәсімов
Өмірбаяны
Партиясы Аманат
Білімі Мәскеу мемлекеттік университеті
Мамандығы кибернетика
Дүниеге келуі 28 қаңтар 1969 (1969-01-28) (55 жас)
Алматы, Қазақстан
Әкесі Немат Келімбетов
Жұбайы Фатима Тоқмұхамедқызы Келімбетова
Балалары Қызы Нематова Шынар (1991); ұлы Нематов Айсұлтан (1993)
Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Қайрат Нематұлы Келімбетов (28 қаңтар 1969 жыл Алматы қаласы ) — Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Ұлттық Банк төрағасы (10.2013)[1].

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шанышқылы руынан шыққан.[2]

Білім алуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1986 ж. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген.
  • 1993 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.
  • 1993 ж. бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты.
  • 1994—96 жж. Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде оқыған.
  • 1995—96 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы.
  • 1999 ж. АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған.

Қызмет жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы.
  • 1996—97 жж. — Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.
  • 1997—98 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары.
  • 1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы.
  • 2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған.
  • 2002 ж. тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
  • 2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
  • 2008 ж. қаңтардың 23 - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
  • 2008 ж. қазанның 13 - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.[3]
  • 2011-2012 жж. - Экономикалық даму және сауда министрі
  • 2012 жылы - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
  • 01.10.2013-02.11.2015 жылдары - Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қайрат Келімбетов үйленген, жұбайы - Фатима Тоқмұхамедқызы Келімбетова. Отбасында үш бала тәрбиелеуде.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты Мұрағатталған 12 маусымның 2012 жылы.
  2. Шанышқылы: Ұрпақтар сабақтастығы. Алматы. Тоғанай баспасы. 2012. 492 бет. ISBN 978-601-7007-86-7. Жауапты шығарушы Мырзахан Ахметов. Редакция алқасы: Тілеуқұл Өмірзақов, Әбдуәлі Данай және тб. 1,2 кітап.
  3. Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X