Мазмұнға өту

Адыл Егамбердіұлы Якубов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Адыл Егамбердіұлы Якубов (1926 жылы туған, Түркістан ауданы Қарнақ аулы) – жазушы, драматург, Өзбекстанның Халық жазушысы, Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығы лауреаты, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты. Шанышқылы тайпасының Қатаған руынан шыққан. [1] Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1956). Өзбекстан жазушылар одағының кеңесшісі, «Литературная газетаның» Өзбекстандағы меншікті тілшісі (1959 – 1963, 1967 – 1970), «Өзбекфильм» киностудиясы мен Кинематография комитетінде Бас редактор, Ғафур Ғұлам атындағы баспада Бас редактордың орынбасары (1970 – 1982), «Өзбекстан әдебиеті мен саньати» газетінің Бас редакторы (1989 – 1996) қызметтерін атқарды. Қазіргі кезде Орталық Азия халықтары мәдениеті Ассамблеясының бірінші вице-президенті. Якубовтың алғашқы көлемді повесі «Құрдастар» 1951 ж. басылып шықты. «Шынайы махаббат», «Айтсам тілім күйеді, айтпасам ділім күйеді» пьесалары Хамза атындағы театрда қойылды. Одан соң «Екі махаббат», «Бір фельетон әлегі», «Мухаддас», «Қанат қатайғанда» повестері жарық көрді. «Ер басына күн туса», «Ұлықбек қазынасы», «Қайран дүние», «Диенат», «Ақ құстар», «Әділет тұрағы» романдарын жазды. «Достық», «Ел құрметі» ордендерімен марапатталған.

Cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

  1. Мекембай Омарұлы [1] = Шаңышқылы шежіресі / А.Ирисбаев — Ташкент: Езувчи, 2000. — 232 б. — 1000 таралым. — ISBN 5-8255-0662-4.