Арғын
Арғын | |
---|---|
Ұраны | Ақжол |
Лақап атауы | {{{лақап_атауы}}} |
Шығу тегі | Басмылдар |
Жүзі | Орта жүз |
Тайпасы | {{{тайпасы}}} |
Бөлімдері | Бәйбішесінен «5 Мейрам», тоқалынан «7 Момын» |
Тараулары | «5 Мейрам»: Қаракесек, Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік.
«7 Момын»: Атығай, Бәсентиін, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты, Ақтәжі, Байтәжі. |
Ақсақалы | |
Қыстаулары | Солтүстік Сарыарқа |
Жайлаулары | Сырдария |
Веб-торабы | www.argyn.com |
Арғын (қырым тат. arğın) — түркі тайпасы. Орта жүздің құрамындағы алты тайпаның бірі. Қырым, Қазан және Қасым хандықтарындағы ең ықпалды төрт тайпаның бірі.
Тайпаның шығу тарихы
Генетикалық қоры
Қазақтардың құрамындағы арғындар
Саны
1896-1911 жылдары өткен ауыл-шаруашылық санақтарына сәйкес арғындардың саны 509 мың адамға жететін. Көкшетау уезінде қазақтардың 82 % (атығай, қарауыл), Павлодар уезінде 78 % (бәсентиін, сүйіндік), Қарқаралы уезінде 78 % (сүйіндік, қаракесек), Ақмола уезінде 67 % (қуандық, қанжығалы), Торғай уезінде 50 % (шегендік, саржетім, ақташы, үмбетей), Атбасар уезінде 46 % (қуандық, шегендік және т.б.), Петропавл уезінде 39 % (атығай, қарауыл), Омбы уезінде 35,3 % (айдабол), Семей уезінде 32 % (тобықты) құрайтын.
А.А.Темірғалиевтің мәліметтері бойынша арғындардың саны 1911-1913 жылдары 753 мыңға, ал Мұхамеджан Тынышбайұлының деректеріне сәйкес 1917 жылы 890 мыңға жететін.
Қоныстану аймақтары
Арғын тайпасының рулары бүкіл Қазақстанда қоныстанды, бірақ олардың мейлінше көп табан тіреген жерлері мыналар: Орталық Қазақстанда Есіл, Құланөтпес, Терісаққан, Қума өзендерінің аңғары, Қорғалжын, Теңіз көлдеріпің төңірегі, Нұра өзені мен оның көптеген салаларының бойы; Шығыс Қазақстанда Шыңғыстау, Шұбартау даласы, Тоқырау, Бақанас өзендерінің бойы, Солтүстік Балқаш өңірі, Қарқаралы таулары және оның көптеген өзендері бар төңірегі, Ащысу, Нұра өзендерінің бас жағы, Қарасор, Қатынкөл, Саумалкөл көлдерінің төңірегі, Баянауыл маңы мен Ертіс бойы; Солтүстік Қазақстанда Кішіқарой және Ебейті көлдерінен бастап, одан әрі Есіл мен оның салалары бойымен батысқа қарай, Зеренді, Алабота, Жалбыркөл, Сәулекөл, Ақпан-бөрлі, Тайсары, Жабай, Жыланды өзендерінің т. б. бойы.
Шежіресі
Бәйбішесінен «5 мейрам»:
- Қаракесек: қамбар, жалықбас, шұбыртпалы, бошан (таз, байбөрі, машай (қояншы-тағай, керней-кәрсон), жанту, манат), әлтеке (алмұрат, дос, қойкел, сапақ, есболат, өтеген), сарым (тоқсан, өтеміс), қара (қожас, жарас, бәркөз, өтеп, тақабай, мұрат, дүзен, тоқан) және шор (дүйсенбай, шекшек, тілеубай, әйтімбет, кожам, алтөбет).
- Қуандық: алтай-қарпықтар, ��оқа, сармантай, мұрат, сайдалы, нұрбай, алсай), есенғарт, аманғарт, өмір, темір, темеш.
- Сүйіндік: қаржас, орманшы, құлболды (айдабол, күлік, ақбура, тұлпар, қаблан), жанболды, мәжік (малай, жәдігер).
- Бегендік: қозған (қарақозған, сарықозған, оразгелді (тәңірберді, сырық)).
- Шегендік: қақсал.
Тоқалынан «7 момын»:
- Атығай: кұдайберді, бәйімбет, бағыс, баба, ақкиік, койлы, кұлансу, бабасан, кадір, елтоқ, сары, есентаңырық, сүйіндікқар, майлыбалта.
- Бәсентиін: ақмайдан, бекмайдан, тоқмайдан, ақтілес, күшік, карабұжыр, апай, бөрі, сырым, төрт сары.
- Қарауыл: жақсылық, кұрманқожа, кұлынша, кұлымбет, түнқатар, қалды, ботпан, жаулыбай, ақонай, коңырша, қантай.
- Қанжығалы: есен, бозым, каракула
- Тобықты: жуантаяқ, дадан, мұсабай, көкше, бораншы.
- Дәуіт.
- Ақтәжі, Байтәжі.
Әйелі Айнамкөзден «кіші арғындар» немесе «тоқал арғындар»
- Төменгі шекті: саржетімдер: құлқай, өтей, алдияр (таз), мадияр, қойсары, байсары, сүгір, жиенбет. Саржетім құрамына кірмейтін тағышы.
- Жоғары шекті:қараман, шақшақ, айдерке, қырықмылтық, әлімбет, бәйімбет, төлек.
Қызынан (жиен)
- Тарақты: апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші, әлі, сары, әйтей, қосанақ, алакөз, шәуке, әлеуке, төлес, сойылқас, шұңғырша, көгедей
Ұрандары мен таңбалары
Тайпа | Ру | Таңбасы | Ұраны |
---|---|---|---|
Орта жүз | босаға | ||
Арғын | көз | Ақжол, Қарақожа | |
Қаракесек | көз | Қарқабат | |
Сүйіндік | көз | Төртуыл | |
Тарақты | тарақ, | Жауқашар | |
Жоғары шекті | жоғары шекті | ||
Төменгі шекті | төменгі шекті |
Арғындар Кіші жүз жерінде де мекен еткен, ол жерлер: Қарақамыс, Шошқалы, Сарыкөл, Қойбағар көлдерінің төңірегі, көптеген шағын өзендердің бойы мен осы көлдер маңындағы алқаптар, Торғайға құятын Үлкентамды, Мойылды, Сарыторғай деген шағын өзендердің бойы, сондай-ақ Торғай өзенінің бас жағы және Сарыкөл төңірегі.
Қырым татарларының құрамындағы арғындар
Татарлардың құрамындағы арғындар
Башқұрттардың құрамындағы арғындар
Хакастардың құрамындағы арғындар
Тарихы
Округтегі ең көп Қаракесек руы бірінші топқа Мейрамсопыға жатады. Бұл жерде де туыстық ру басынан емес, Қаракесектен тарайтын жаңа патрилиндждерден басталады: Көшім Қаракесектің үшінші ұрпағы Көшім атасының (қараңыз: 2-кесте). Қамбар Қаракесектің асырап алған баласының; Байбөрі Қаракесек немересінің; Айбике және Нұрбике-Шаншар-Қаракесектің Шаншар әйелдері (Айбике мен Нұрбике) қосылған Қаракесектің төртінші ұрпағының; Қарсон Қарпық Қаракесектің төртінші ұрпағы болатын. Қарсон атасы мен Қуандық руы Қарпық атасының; Әлтеке Сарым осы аттас аталарының Қояншы Тоғай Қаракесектен төртінші ұрпақ болатын Қояншы жәие Тоғай аталарының атымен аталады. Сондай-ақ, арғын тайпасында дербес болыс құрған Тарақты руын да атап өткен жөн. Егер XIX ғасырдың 30-жылдарында болыстар (5-кестені қараңыз), мысалы, Қарауыл, Әлтеке-Сарым сияқты біртектес болса, 40-жылдарда болыстардың бөлшектепуі немесе түрлі рулардың бір болысқа бірігуі де біртектес болды. Мысалы, Тобықты болысы, Дадан, Мәмбет, Күшік-Тобықты (Дадан Тобықты, сондай-ақ Тобықтыдан тарайтын бесінші ұрпақ Мәмбет пен Күшік (қараңыз: 2-кесте) болып бөлінгеи. Ал Қарауыл-Қамбар болысы екі, қарауыл қазақтарының бір болысқа біріккені көрсетеді. Алуан түрлі қауымдардың мұндай бірлестіктері жайылымдарды және жалпы алғанда өз мүдделерін бірлесіп қорғау қажеттігінен туды. Шынына келгенде, 30-жылдарда Қарауыл атасы 4 ауылдан, ал Қамбар атасы 10 ауылдан тұрған (қараңыз: 5-кесте). Өстіп үлкен бір болысқа біріккенде ғана олар басқаларына қарсы тұра алатын еді. Бірақ болыстардың бөлшектенуі бұдан әрі де жиі кездесті, оған жайылымдардың жеткіліксіздігі мен жаңа қоныстар іздестіру себеп болды. Мәселен, 30-жылдары Тобықты болысында басқалардың бәрінен де көп көрсеткіш 50 ауыл болған (қараңыз: 5-кесте). 40-жылдардың басында олар Мәмбет-Тобықты, Күшік-Тобықты болыстарына бөлінді (қараңыз: 4-кесте). 1850 жылғы 18 қаңтарда Мәмбет-Тобықты болысының старшындары мен билері Қарқаралы округтік приказына бұл болысты (16 старш��ндық; 1723 шаңырақ) екіге бөлуді, одан 8 старшындықты (825 шаңырақ) бөліп шығаруды өтіне келіп, олар былай деген: «...басқа 8 старшындық пен болыс басқармасынан мүлде басқа жақта әрі алыс қашықтықта (200 шақырымнан астам) болғандықтан, заңда көрсетілген міндеттерді атқаруда да, тығыз орналасқан қоныста малды азықтандыруда да қиыншылықтарға ұшырап келдік, қазір де ұшырап отырмыз». Сібір қазақтары шекаралық басқармасының ұсынысы бойынша, бұл болыс кейін: Мәмбет-Тобықты және Жүз-Мәмбет-Тобықты деген екі болысқа бөлінді. Одан бұрып, 1843 жылы, Байбөрі болысы екіге бөлінген болатын. Егер 30-жылдары 279 ауылдағы 16532 шаңырақта барлыгы 115240 жан болса (қараңыз: 5 кесте), 1841 жылғы деректер бойынша Қарқаралы округіндегі 136 ауылдағы 15022 шаңырақта 101 251 адам болған.
Ауылдардың, шаңырақтардың, халықтың бұлайша кемуіне, сөз жоқ, кейбір ауылдардың солтүстікке (Баянауыл таулары мен Ертіс жағына) және батысқа (Ақмола даласына) көшіп кетуі себеп болған. Облыстық басқару формасына көшкен кезде Қарқаралы арғындары дербес әкімшілік өлшем Қарқаралы уезі болып келген еді, ол уезд Шыңғыстаудың батыс сілемдеріггеп Мойынты озені мен Ақадыр шептеріііе дейін, Балқаш көліпен Баянауыл таулары аймағына дейіп созылып ж а та тын. 1897 жылғы деректер бойынша, уезде барлығы 104569 қазақ болған. Онда 181 старшындық болып, олардағы шаруашылықтар саны 30 528ге жеткен. Алғашқы он жыл ішінде уезд халқы көбейіп, 38 616 шаруашылыққа жетті, олардың ішінде арғындар 32 515 шаруапіылық еді. Қалған шаруашылықтар басқа тайпаларға жатады. (Олар жайында тиісті бөлімдерде айтылады). Қазақстанда облыстық басқаруды енгізе отырып, орыс үкіметі жаңа әкімшілік өлшемдер енгізуге, оларға рульщ атау бермей, топономикасын қоса өзгертіп, рулық негізді түптамырымен жоюға ұмтылды (мысалы, Тоқырауын Тоқырауын өзені, Шұбартау ІШұбар таулары т. б.). Уезде барлығы 19 болыс болды. Мұндай саясат Ресейдің өзіндегі капитализм дамуына байланысты түбегейлі өзгерістерге сай келген еді.
Жергілікті феодалдардың билігіне балта шабу арқылы патша өкіметі олардың қолынан экономикалық, саяси күштерді тартып алып, Қазақстанды жалпыресейлік қажеттерге байлап матады. Олар бұл арқылы ең бастысы Қазақстанды өзінің өнеркәсіп тауарлары үшін шикізат базасы мен рыногына айналдыруды мақсат өтті. Тарақты руы Шыңғыстаудың солтүстік-батысындағы Босаға, Шаған өзендерінің бойын мекендеген. Оның 104 шаруашылығы Қу бөлысы болды. Бұл болыста сол рудың Жантоқа және Тоқтауыл деген екі атасы жайлады. Уездің шығыс бөлігінде солармен қатар түрлі болыстарға бөлшектеліп кірген Қамбар руы тұрған. Айт және Олжас аталары (462 шаруашылық) Темірші, ал Толы бай, Шана, Сарман, Тілеу аталары (240 шаруашылық) Абыралы болысы болғаи.
Кейт тауларын Қарауыл руы мекендеген. Оның Байтуған, Құттықадам аталары (400 шаруашылық) Кент болысының құрамыиа еиген. Қуандық руы Нұра өзені мен соған құятын Шиелі өзенінің бойыида, Батпаққара көлі төңірегінде көшіп жүрді. Бұл жерлерде Алтай тармағына кіретін жәие Ақсары болысын құрайтын Итболды, Байболды аталарының 250 шаруашылығы көшіп жүрген. Балқаш көлінің сәл солтүстігінен бастап, даладағы Сарыбұлақ жәие Жәмші жылгаларына дейін, Мойынты өзенінің бойында Шұбыртпалы руьшың Көкала, Күйелі аталары мекеп еткен. Бұл аталардың 500 шаруашылығы Мойынты болысының құрамына енген.
Қаракесек руынан кейінгі сайы ең көп Тобықты руы Шыңғыстау мен оның төңірегіне, әсіресе Ащысу мен Шаған өзендерінің арасына, сонымен қатар Ащысуға құятын Шынбай өзенінің бойына қоныстанды. Аңыздарда Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс XVIII ғасырдың 80-жылдарының аяғында Көкше таудан Шыңғыстауға Абылай ханның кіші ұлы Шама сұлтанды әкеліп, ол көп ұзамай жуантаяқ атасы қазақтарының билеушісі деп жариялапғап деліпеді (қараңыз: 2 кесте). XIX ғасырдың 40-жылдарында Шама батыр Дадан атасын Солтүстік Балқаш өңірі мен Қотанбұлақ алқабына қуып жіберген.
Көп кешікпей Шама батыр жоғарыда аталған алқапқа көшкен. Шыңғыстауды жуантаяқ атасынан басқа Мұсабай, Көкше аталары (қараңыз: 2кесте) мекендеген. Шыңғыстауды және оның солтүстігі мен шығысында жатқан кең даланы мекеи еткен тобықтылар XIX ғасырдың екінші жартысында Семей облысының құрамына еніп, Шаған (10 ауыл, 1167 шаңырақ), Бөрлі (10 ауыл, 1451 шаңырақ), Шыңғыс (11 ауыл, 1155 шаңырақ), Мұқыр (2 ауыл, 1586 шаңырақ) болыстарымен қоса Қызылмола болысының бір бөлігін иеленген. Семей облысындағы 2606 шаруашылықтан тобықтылардың үлесіне (Бесқарағай болысындағы азын-аулақ Тарақты руын 8 ауыл, 1239 шаңырақты қосқанда) 11284 шаруашылық тиген, ал барлық арғындар 12525 шаруашылық болған. Тобықты руынан қуып жіберіліп, Балқаш өңіріне кеткен Дадан атасы (қараңыз: 2кесте) Қарқаралы уезіпің 1252 шаруашылығы бар Батыс Балқаш болысы болды. Уезд жерінің қалған басым көпшілігі Қаракесек руының, оның Бошай, Майқы, Танас, Жылықбас, Сарым деген т. б. аталарының (қараңыз: 2кесте) қонысына айналды. Олар Тоқырауын, Қусақ, Ашаңбел, Мұқыр өзендерінің бойын, Қарқаралы, Кент, Қу, Едірей, Қарпытай, Қызыларай, Қоңыр тауларын, осы өңірдегі көптеген алқаптарды мекендеді.
Оларда 28036 шаруашылық бөлды. Қазақстанның шығысындағы жайылымдарға қазақтардың Орталық Қазақстан даласынан Ерейментау арқылы және одан әрі шығысқа қарай Баянауыл тауы мен көлдеріне, Ертіс өңіріне қайтып оралғаны жоғарыда айтылды. Баянауыл тауына бірінші болып Сүйіндік руы келген. Олардың келуі Сүйіндік руының коптеген тармақтарын бастап келген Айдаболдың немересі Олжабай батырдың есімімен байланыстырылады (қараңыз: 2 кесте). Айдаболдың өзі Ташкент маңында өлген. Олжабай батыр Абылай сұлтан әскерінде қызмет етіп, қалмақтарға қарсы күреске белсене қатысқан. 1730 жылы ол Айдабол руының жеті ұрпағымен Баянауыл төңірегінде қалмақтарды оңтүстікке қарай қуып, жері құйқалы, көлі тұнық, орманы киіздей Баянауыл тауы мен оның төңірегін өзіне қаратып алған.
Айдаболдар өз иеліктерін одан әрі Далба, Қызылтау тауларына дейін кеңейткен. Айдабол руының жазғы жайлауы Көкшетау округінің солтүстігінде, Айдабол руының белгілі биінің есімімен аталған Торайғыр көлі аймағында болған. Жоғарыда айтылғанындай, қаракесектер Қарқаралы тауынан ығыстырып шығарған Қанжығалы руы Ерейментауға, бір бөлігі Ертіс өзенінің бойына, Песчаный поселкесінің тұсына көшіп барған. Сол жылдары Қызылтау мен Далба тауына Сүйіндіктің асырап алған баласы Қаржастың ұрпақтары көшіп келген. Мұса Шормановтың (белгілі би, қоғам қайраткері әрі өлкетанушы) бабасы Сәти Түркістаннан келіп, Қылтауға қоныс тепкен. Оның қыстаған жері Сәтитас деп аталып кеткен. Жаздыгүні Сәти өзінің Қаржас руымен, сондай-ақ Құлболды, Жанболды және Орманшы руларымен (халық арасында олар «төртуыл — төрт туыстың ұрпағы» деп аталып кеткен) бірге батысқа қарай алыстап, Итемген, Мамай көлдеріне кетіп қалған, ал ол колдер сол жерлерде жерленген төртуыл билерінің есімдерімен аталған.
Айдаболдың Қаржас тармағымен қоса бұл жерлерге Бегендік руының Қозған, Тәңірберді және Сарық аталары көштіп келіп, Қызылтауға ірге тепкен. Осы жерге Жолболды руының Орманшы атасы көшіп келді, бірақ олар, арғындардың басқа аталары сияқты, Орталық Қазақстаннан емес, қайта Шу өзенінің оңтүстігінен келген еді. Ертістің сол жағалауын Бәсентиын руының көптеген аталары мекендеді. Сәмек, Бәйімбет, Күшік аталары (қараңыз: 2 кесте) Ертіс бойына 1800 жылы келген.
Орыс үкіметі оларға Ямышев, Подстепной поселкелері арасындағы жерді берді. Бәсентиін руының қауымдары жаз кезінде алыстағы Обь өзеніне дейін емін-еркін көшіп барып, Алтай таулы округінің жерінде еркін жайлап жүрді. Бірақ Сібірді отарлаудың күшеюіне байланысты (ХІХ ғасырдың 70-жылдары) Бәсентиін руының қазақтары қайтадан сол жағалауға көше бастады (қараңыз: 2 кесте). Бәсентиін руының Апай атасы кейін пен Павлодардың негізі қаланған жер маңында көшіп жүрген. Көлденең және Сатыбалды аталарының (қараңыз: 2 кесте) қонысы тортұлдар келгенге дейін де Баянауыл тауларының шығыс беткейінде болатын. Төртұлдар келген соң, олар ығыстырылып шығарылып, өздерінің Апай атасындағы туыстарына көшіп барды. 1833 жылдың жазында жаңадаи екі округ: Ямышев бекінісі тұсынан, Баянауыл және Омбы бекінісінің оңтүстік-батыс жағынан Үшбұлақ округі құрылды.
Басқаларымен бірге бұл округтер де Арғын тайпасы рулары мен аталарының көшпенді қауымдарына қараған. Егер Арғындардың рулық құрылымына назар аударатын болсақ, аталған болыстарға көбінесе өздері әр түрлі патрилиндждер мен таксономиялық жіктерден бастау алатын қауымдардың біріккенін көреміз. Мысалы, 5 болыстар сүйіндік руына, ал оларға енетін қауымдар әр алуан жіктер мен аталық жіктерге жатады. Айтар болсақ, бірінші болыс үш негізден таралған: Ақбура мен Тұлпар ағайынды, ал Қаржас оларға немере болады (қараңыз: 3кесте). 5 болысқа Қаржас ұрпақтарынан: оның (Қаржастың) ұлы Алтын (Алтынторы) меи немересі Сатылғаннан (қараңыз: 2кесте) тарайтын ұрпақтар жиналған. Мұндай нәрсе Сүйіндік руының басқа болыстарынан да байқалады. Бұған оқырман Арғын руының құрылымына назар аударып көз жеткізе алады. Қозған болысы Бегендік руына жатады (қараңыз: 2кесте), ал қалған болыстардың қайсысына жататынын атауларынан аңғаруға болады.
Баянауыл округі құрамында 122 ауыл болып, оларда Арғын тайп��сының әр түрлі руларына жататын 6955 шаңырақ бар деп есептелген. 1835 жылғы деректер бойынша, округте 65 465 адам болғап. Баянауыл округіне жатқызылған бірнеше болыс Томск губерниясында: 19 ауылдан тұратын (1001 шаңырақ) Сәмеке Бәсентиін болысы Бийск округінде Подстепной станицасы мен Босаға алқабына жақын жерде, 4 ауылдан тұратын (60 шаңырақ) Күшік болысы (Күшік Қаракесектің төртінші ұрпағы (қараңыз: 2 кесте) Барнаул округінде Қарағай және Ақсеңгір алқабында көшіп жүрген. Сібір мекемелерінің бұратаналарды басқару туралы «Заңдар жинағының» 188 бабы негізінде бұл қазақтар ішкі шеп жерінен сыртқы округтер аймағына қуып жіберілуге тиіс болатын. Алайда сыртқы округтерде бос жайылымдардың болмауы себепті бұл шаруашылықтар Томск губерниясында уақытша қалдырылған еді.
Санкт-Петербургтегі М. Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының қолжазба бөлімінде (қосымша тізбе, № 64) Жеке Сібір корпусы Бас штабы жанында жасалған «Сібір бастықтарына қарасты Қырғыз даласының картасы» сақтаулы, онда қазақ рулары қоныстарының шамамен алынған жерлері көрсетілген. Архив деректері мен әлгі картаның көрсетулеріие сәйкес, Үшбұлақ округінің шекарасы батысында Үшбұлақ мекеиі (Көкшетаудың оңтүстік-шығысында) ауданынан басталып, солтүстік-шығысында Ертіске дейін созылып жатқан; солтүстігінде Үлкен-Қарой, Теке көлдерін, оңтүстігінде Сілеті-Теңіз көліп қамтыган. Бұл аумақ Үшарал округі таратылғаннан кейін Көкшетау округінің оңтүстік бөлігіне айналды, бірақ біз барлық мәліметтерді бастапқы округ бойынша келтіреміз, өйткені Сібір ведомствосының архив істеріиде ол жөніндегі мәліметтер тым аз. 1835 жылғы мәліметтер бөйынша округте 54344 адам болған. Сонымен, округ аумағын Арғын тайпасының: қанжығалы және қарауыл руларының аталары мекендеген.
Олардың қоныстары көбінесе Ерейментаудан шығысқа қарай болған да, оның батыс жағына қарай көшкен (қараңыз: 2 кесте). Әжібай тармағы Қанжығалы руының 8 атасын біріктірген. Жоңғарларға қарсы күресте ерекше көзге түскен Бөгенбай батыр Қанжығалы Бөгенбай деп те аталады (қараңыз: 2 кесте, сегізінші ұрпақ). Ішкі жақта, яғни Ертістің оң жағалауында тұрған қазақтарға да арнайы тоқтала кеткен жөн. Бұл жерлер Семей ішкі округінің бір бөлігі болатын және әр түрлі ведомстволарға бағындырылған еді. Жер пайдалану ережелеріне сәйкес, қазақтар Кабилеттік жерлерде барлығы 787 шаруашылыққа (39,4%) учаскелерді жалға алып, Белағаш даласы дейтін жерде; «еркін дала» аймағында 657 шаруашылық (33%); Сібір казак әскерінен жалдап алынған жерде 168 шаруашылық (8,4%) тұрды. 112 шаруашылық (6%) Семейде тұрақты мекен етін, олардың Белағаш даласында егістігі болды.
Округке есептелген 266 шаруашылық (13%) округ шегінен тыс жерлерде көшіп жүрді. Белағаш даласы дегеніміз Семейден солтүстікке қарай жатқан кеңбайтақ жер, ал «еркін дала» Жалқарағай, яғни Шульба тоғайы. XVIII ғасырдың аяғында Жалқарағай бос жатқан жер еді, оған қазақтар қыстыгүні сол жағалаудан өздерінің табындарын айдап апаратын. Бұл жерге бірінші болып Уақ тайпасының қауымдары көшіп барды да, Семей округін ұйымдастырған кезде болыстың аты солардың атымен (Байуақ) аталды. Мұнда біртіндеп түрлі тайпалардың басқа рулары да көшіп келе бастады, сөйтіп көп ұзамай Белағаш және «еркін дала» бір Белағаш болысына айналды. Бұл болыстың 1444 шаруашылығынан Тобықты руының қауымдары 551 шаруашылық (38,2%), Қаракесек 170 шаруашылық (11,79%), Тарақты 79 шаруашылық (5,49%) болды, ал бүкіл Арғын тайпасының шаруашылықтар саны 700 еді (55,59%).
XIX ғасырдың екінші жартысында Баянауыл және Үшбұлақ сыртқы округтерінің, Семей ішкі өкругінің қа зақтары Семей облысындағы Семей және Павлодар уездерінің құрамына енді (1868, 1881 жж. реформалар). Семей уезіндегі 26 062 шаруашылықтан арғындардікі 12 525 шаруашылық болды. Саны ең көп Тобықты руы еді, олар уездің оңтүстік-батыс бөлігін Шыңғыстау жазығын мекендеді. Тарақты руының көпшілігі солтүстік жағында, Черный поселкесі ауданында көшіп жүрді. 1893 жылғы санаққа қарағанда Павлодар уезінде 21 877 шаруашылықты біріктірген 144 старшын бөлғатт. XX ғасырдың бас кезінде уездегі шаруашылықтар саны 13,5 мыңнан астам шаруашылыққа көбейді.
Мұншама көп шаруашылық қайдан келген және оны туғызған не? 1891 жылы дала облыстарын басқару туралы заң енгізілгеннен кейін орыс әкімшілігі қазақ шаруашылықтарының әр облыс, уезге қарайтынын түпкілікті анықтауды талап етті.
Павлодар уезі Томск және Тобыл губернияларымен шектесіп жатты да, оның көптеген шаруашылықтары осы губерниялардың жерлерінде, әсіресе Құлынды даласында көшіп жүретін, ал Құлынды даласында көшіп жүруге Министрлер Кабинетінің 1880 жылғы 22 қарашада бекіткен ережесіне сәйкес рұқсат етілген еді. Тегінде, Павлодар уезінде шаруашылықтардың бұлайша күрт көбеюін халықтың табиғи осуімен ғана емес, сонымен қатар бұрын Томск және Тобыл губернияларының жерлерінде көшіп жүрген қазақ шаруашылықтарының далаға қайта қуылып тығылуымен де түсіндіруге болады. Уезде Орта жүз қазақтарының 35 396 шаруашылығы көшіп жүрген, олардың ішінде арғындардікі 27327 шаруашылық. Аумақтың негізгі бөлігін Сүйіндік руының Қаржас, Ңұлболды, Орманшы, Жапболды аталары алып жатты.
Осы аталар «төртул» деген бір этнонимге бірікті (қараңыз: 2кесте). Құлболды мен Айдабол аталары Баянауыл, Далба, Қызылтау тауларын қыстап, жаздыгүні Есіл даласындағы Торыайгыр көліне қарай солтүстік-шығысқа қашықтап кетіп отырған. Бәсентиін руы (Сәмек, Бәйімбет, Күшік, Анай, Көлденең, Сатыпалды аталары қараңыз: 2 кесте) Ертістің сол жағалауыттда Ямышев бекінісінің тұсынан Песчаный поселкесі не дейін көшіп жүрген. Қанжығалы руы (Әжібай тобы) Жасанақ көліне құятын Шідерті өзенінің бас жағын, Жалаулы, Шолақ көлдерінің маңыи мекендеген. Бегендік руының қауымдары Ертістің оң жағалауында Белағаш даласының солтүстік бөлігінде көшіп жүрген.
Арғындардың Шығыс Қазақстандағы орналасуын қарастыра келгенде, олардың батысқа арғындар ұйыса мекендеген Орталық және Солтүстік Қазақстан даласына ойысқанын көреміз: оңтүстігінде солтүстік-батыс Балқаш өңірін бойлай Сарысу, Сарыкеңгір және Қаракеңгір озендерінің бас жағымен, одан әрі солтүстікке қарай оңтүстік Сібір жағына дейін жетеді. Осы кең өңірде барлық Орта жүз тайпаларыыың көптеген рулары мекен еткен, бірақ көбінесе арғындар басым болып отырған. Су көздері мен жайылымдары мол осы аймақты да кезінде жоңғар басқыншылары басып алып, қазақтар оларды кейін қуып шыққан. XIX ғасырдың аяғында жазылған аңыздар бойынша, арғындардың ірі атасының негізін салушы XVI ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Мейрам Ертістен Есілге, одан әрі Сарысуға дейін, яғни осы аймақтар шегінде көшіп жүрген.
Бұл жерлерге жоңғарлар XVII ғасырдың 20жылдарында келді де, қазақтар негізінен батысқа және Сырдария бойына, ал кейбіреулері Нұра өзенінің орта ағысына ауа көшкен. XVII ғасырдың екінші жартысында Нұра орта ағысы мен бас жағында Қуандық, Қарпық, ал Ерейментау даласында Қанжығалы рулары көшіп жүрді. Қазақтардың жаппай көшіп келуі жоңғарлар қуып шығарылғаинан кейін басталды. Қанжығалылар Ерейментауға, одан әрі Ертіске және Ом өзеніне қарай қоныс аударды. Қарауыл, Атығай рулары Зеренді, Жалтыркөл, Саумалкөл т. б. көлдер айналасына, Мезгіл ормандарына, Көкшетауға, Есіл даласының солтүстік аудандарына көшіп барды. Бірақ негізгі көшіп қоныстанушылар Қуандық руының шаруашылықтары болды. Олар Есіл өзенінің орта ағысында Нұраның төменгі ағысын бойлай жатқан көлдер төңірегінде, Нұраның орта және жоғарғы ағысы бойында, Құланөтпес өзені аңғарында, Қосағаш, Наршөккен, Семізқыз, Бұғылы, Сарытау, Нілді, Жамантогалы, Ортау тауларында орын тепті.
Терісаққан өзенінің Есіл өзеніне құяр жеріне дейінгі далаға Қуандық руының қауымдарымен шектесіп, Сүйіндік руы қоныстанды. Осы кең далада көшіп жүрген Орта жүз руларының қазақтары негізінде, жоғарыда айтылғанындай, үш округ: Ақмола, Көкшетау, Құсмұрын және кейіннері Атбасар округтері құрылды. Солардың алғашқысында басқалардан гөрі арғындар мейлінше көп болды. Ақмола округтік приказының деректері бойынша, Ақмола қонысының төңірегінде біржола орныққан, мал шаруашылығымен бірге диқаншылықпен де айналысатын 3 ауыл (215 шаңырақ) болған. Жоғарыда келтірілген кестеде болыстардың атаулары рубасылардың есімдерімен емес, қайта олардан тараған патронимиялар және таксономиялық жіктер арқылы берілген. Мұның өзі рулардың өсіпөніп, бөлініп, жаңа эпонимдер мен патрилинидждер пайда болатынын, уақыт өте келе жаңа рулардың, өзінің рулық тегін жаңадан есептей бастаудың пайда болуына әкеп соғатынын көрсетеді. Енем-Түнғатар болысына бір кезде Қарауыл, ал XIX ғасырда тек оның немересі Түнғатар ру басы болған (қараңыз: 2 кесте) қауымдар бірікті. Бұл болыс атауының бірінші бөлігінің (Енем) тегі рудың неғұрлым ұсақ атасы немесе болыстың, ауыл ақсақалының аты болса керек. № 2, 3, 6, 9 болыстар Алтайдан (Қуандықтың ұлы) басталады.
Осы болыстарға енген қауымдардың негізіне әр түрлі эпонимдер: Қареке, Мойын, Алысай, Байдалы (қараңыз: 2 кесте) алынған. № 4, 5 болыстар да Қуандықтан (екінші баласының немересінен (Қарпық-Тінәлі; қараңыз: 2 кесте), ал № 8-ші болыс үшінші баласының немересінен (Өмір-Темеш; қараңыз: 2кесте) тараған. Соң��ы Қырғыз-Төртұл болысына әр түрлі этнос біріккен. Бұл жөнінде сәл таратып айтқан жөн. Көшпенді қырғыз қауымдары Ақмола даласына сонау жоңғарларды қуып шыққан кезде келген еді. Кейіннен оларға Көкшетау төңірегінен келген қырғыздар қосылды. Соңғылары, тегінде, Кенесары сұлтанның Қырғызстанға жорығы кезінде соның жағында соғысқан қырғыздар болса керек. Кенесары жеңіліске ұшырағаннан кейін бұл қырғыздар қазақтармен бірге кеткен де, оларға Балуан көлі мен Сасықкөл маңынан жер берілген.
Уезд атауының екінші бөлігіне келетін болсақ, аңыздарға қарағанда, Төртуыл ру басы Сүйіндіктің төртінші ұрпағы болған Малай мен Жәдігердің (қараңыз: 2 кесте) ұрпақтарын біріктірген.
1837 жылғы статистикалық деректер бойынша Ақмола сыртқы округінде 67091 адам болған. Солтүстік ендіктің 52 градусынан Қазақстанның солтүстік шекараларына дейін орналасқан қазақ қауымдары (Сібір казак әскерлерінің Петропавл бекінісінен Пресногорьков бекінісіне дейінгі жерін қоспағанда) Көкшетау сыртқы округіне біріктірілді. Осы кең-байтақ аумақта Орта жүздің басқа тайпаларымен шектес тұрған Қарауыл, Атығай, Қанжығалы рулары мекендеген. Мұнда тек арғындарға ғана тоқталайық. Көкшетау округіндегі 13 810 шаңырақтан (109 050 адам) арғындардың үлесіне 5370 шаңырақ тиген, оларда, өз есептеуіміз бойынша, 26 850 адам болган. XIX ғасырдың 40-жылдарына қарай, яғни Көкшетау округі құрылған уақыттан 16 жыл өткеннен кейін шаңырақтар мен болыстар саны көбейген, ал төменде келтіріліп отырған кестеден бұған көз жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге арғындардың көшіп жүрген жерлерін де білуге болады. 1824 жылғы ведомоста бар Қанжығалы болысының көрсетілмегеніне қарамастан, 16 жыл ішінде шаңырақ саны 3313 шаңыраққа артқан.
Тегінде, ол болыс руластары Ерейментауда көшіп жүретін Баянауыл округіне берілсе керек. Көкшетау арғындарының тоғыз болысының алтауы Атығай руы да, үшеуі Қарауыл руы. 1824 жылмен салыстырғанда, 1840 жылға қарай табиғи өсімнің және басқа жерлерден туыстарының көшіп келіп қосылуына байланысты болыстар ұсақ бөлшектерге бөлінген. Көкшетау округі қазақтарында да жаңа патрилиндждердің құрылып, жаңа туыстық (таксономиялық жік) басталғанын көруге болады. Атығай руының өкілдері мынадай болыстарда бар, 1 болысқа ағайынды екі адамның ұрпақтары Майлы мен Балта біріккен, олар Атығайдан тарайтын төртінші ұрпаққа жатады (қараңыз: 2 кесте). Төмендегі халық аңызына қарағанда, Майлы деген лақап ат.
Бір ашаршылық жылы бір топ қазақ көршілерінен 90 түйені ұрлап сөйып алады да, сонымен тіршілік етеді. Көршілері бұған кешірім жасайды (аштықтан аман қалу да олжа ғой), сойылған түйелері табылмай, өркешін шапқан майлы балта ғана табылады. Сондықтан руы «майлы балта» атанып кеткен. 2 болысқа немере туыстар Бабасан мен Бағыс біріккен (қараңыз: 2 кесте). 3 болыстағы Ақкиік, Қойлы мен Құлансу да сондай (қараңыз: 2кесте). 4 болыста ағайынды екеудің ұрпақтары — Баба мен Бағыс біріккен (қараңыз: 2 кесте). 7 болысқа біріккелдер Бәйімбет пен оның немересі Андағұлдың ұрпақтары (қараңыз: 2 кесте). Қалған үш болыс Қарауыл руының ұрпақтарына жатады. 6 болыс Есенбайдың (Қарауылдан төртінші ұрпақ) ізбасарлары Қараша мен Ноғай, оның ұрпақтары халық арасында «алты ата ноғай-қарауыл» деп те аталады (қараңыз: 2кесте). Арғын рулары Омбы мен Петропавл ішкі округтерінің жерінде де көшіп жүрген. Өкінішке қарай, біздің қолымызда көшіп жүрген шаруашылықтардың саны туралы мәліметтер жоқ. Н. Е. Бекмаханованың есептеулеріне қарағанда, Омбы ішкі округінде 11285, Петропавл округінде 23949 қазақ болған. Біздің ел арасыпан жинап жасаған жазбаларымыз бойынша, аталған ішкі округтерде арғындардың екі руы: Атығай мен Қанжығалы қоныстанған.
Әдебиет
- Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности // Живая старина. Вып. III-IV. Санкт-петербург, 1886.С. 91.
- Жабагин М.К., Сабитов Ж.М., Агджоян А.А. и другие. Генезис крупнейшей родоплеменной группы казахов - аргынов в контексте популяционной генетики // Вестник Московского университета. Серия XXII. Антропология. № 4/2016. 2016. С. 65-66.
- Сабитов Ж.М. Происхождение Аргынов и Маджар с точки зрения ДНК-генетики / Этногенез казахов: историко-генетический аспект. Алматы: Shegire DNA, 2014. С. 271.
- Красовский М. Область сибирских киргизов. Часть 1. Санкт-Петерьург, 1868. С. 336-337.
- Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985. С. 308.
Сілтемелер
- Аргын - Шежире Мұрағатталған 20 наурыздың 2016 жылы.
- History.kz Арғындар Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2008 жылы.
- Полное секвенирование отдельной гаплогруппы G1 измеряет мутации и выявляет миграции
- Phylogenetic Analysis of Haplogroup G1 Provides Estimates of SNP and STR Mutation Rates on the Human Y-Chromosome and Reveals Migrations of Iranic Speakers(қолжетпейтін сілтеме)
- Казахи-аргыны – потомки единого предка или союз племен?
- Арғын ішіндегі рулар саны сұрақнама бойынша(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |