Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов
Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов | |
Лақап аты |
Қазақ «Қыраны» |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Қызыләскер ауылы, Шымкент уезінде (қазіргі — Келес ауданында), Сырдария облысында (қазіргі — Түркістан облысында), Түркістан КФР, РКФСР. |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Қызыләскер ауылы (қазіргі — Лесбек батыр ауылы), Келес ауданында, Шымкент облысында (қазіргі — Түркістан облысында), Қазақ КСР (қазіргі — Қазақстан Республикасы), КСРО |
Әскер түрі | |
Қызмет еткен жылдары | |
Атағы | |
Әскери бөлімі | |
Басқарды | |
Қызметі | |
Шайқасы | |
Марапаттары |
Кеңес Одағының Батыры (1945), Ленин ордені (1945), Алтын Жұлдыз медалі (1945), "Ұлы Отан Соғысы" II дәрежелі ордені (1945) |
Отставкада |
1945 жылдан бастап |
Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов (11 ақпан 1920 жыл, Қызыләскер ауылы (қазіргі — Лесбек батыр ауылы), Шымкент уезінде (қазіргі — Келес ауданында), Сырдария облысында (қазіргі — Түркістан облысында), Түркістан КФР, РКФСР — 12 тамыз 1980 жыл, Қызыләскер ауылы (қазіргі — Лесбек батыр ауылы), Келес ауданында, Шымкент облысында (қазіргі — Түркістан облысында), Қазақ КСР (қазіргі — Қазақстан Республикасы), КСРО) — Жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің лейтенанты, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945).
Биография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов 1920 жылы 11 ақпанда Қызыләскер ауылында (қазіргі — Лесбек батыр ауылы) шаруа отбасында дүниеге келген. Шанышқылы тайпасының Қият руынан шыққан. Бастауыш мектепті бітірген соң колхозда еңбек етті. 1940 жылы Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскерінің қатарына шақырылды. 1941 жылдан — Ұлы Отан соғысы майдандарында. 1944 жылы Кіші Лейтенанттар курсын бітірді. 1944 жылдың желтоқсанына қарай Лейтенант Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов 2-ші Украин майданының 46-армиясының 316-атқыштар дивизиясының 1077-атқыштар полкінің взводын басқарды. Ол Мажарстанды азат ету кезінде көзге ерекше түсті.
Соғыстағы ерлігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1944 жылы желтоқсанның 4-нен 5-не қараған түні Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов өз бөлімшесінде алғашқылардың бірі болып Дунайдан өтіп, плацдармды алуға белсене қатысты. Келесі күні Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасовтың взводы жау бөлімшелерінің он бес қуатты қарсы шабуылын тойтарып қайтты. Ұрыстарда Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов жараланды, бірақ ұрыс даласынан кетпей, ұрысты жалғастырды. Взвод пен оның командирінің әрекеті плацдармды сәтті ұстап тұруға және кеңейтуге ықпал етті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен «Шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін» лейтенант Лесбек Жолдасов-қа "Ленин" және "Ұлы Отан соғысының батыры" деген жоғары атақ берілді. "Алтын Жұлдыз" медалі, нөмірі 7623.
��оғысты басынан-аяғына дейін өткені үшін, және соғысқа бағаланбас үлес қосқаны үшін:
- "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді (1945);
- "Ленин" Ордені (1945);
- "Алтын Жұлдыз" медалі (1945);
- "КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының" грамотасы (1945);
- "Ұлы Отан Соғысы II дәрежелі" ордені (1945) берілді.
Соғыстан кейін
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Соғыс аяқталғаннан кейін Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов запасқа жіберілді, туған жеріне оралды. Педагогикалық институтты бітіріп, одан кейін орта мектептің директоры болды. Денсаулығына байланысты 1980 жылы 12 тамызда өмірден озды. Қазіргі таңда батыр қызмет еткен мектеп Лесбес Жолдасовтың есімімен аталады.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кеңес Одағының Батырлары — қазақстандықтар. Кітап 1. Алматы, 1968 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |