Леонардо да Винчи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Леонардо да Винчи
Leonardo da Vinci
Леонардо да Винчидің автопортреті
Леонардо да Винчидің автопортреті
Туған күні

15 сәуір 1452 (1452-04-15)

Туған жері

Винчи қаласының маңы, Флорентина республикасы

Қайтыс болған күні

2 мамыр 1519 (1519-05-02) (67 жас)

Қайтыс болған жері

Амбуаза, Түрен, Франция

Мектебі

Андреа Верроккио

Атақты қолөнерлері

Мона Лиза
Витрувиан адамы
Жасырын кешкілік
Ақкіс ұстаған келіншек
Мадонна Бенуа

Марапаттаушылары

Лодовико Сфорца, Чезаре Борджиа,
I Франциск

Ықпалы әсер етті

Леонардески
Рафаэль Санти

Леонардо да Винчи (итал. Leonardo da Vinci, 15 ақпан 1452 жыл, Винчи қаласының маңы — 2 мамыр 1519 жыл, Амбуаза, Түрен, Франция) — италияндық ұлы суретші, математик әрі ғалым, «Әмбебап адам» (лат. homo universale) — италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі.

Өмірбаяны

Флоренцияның бір аймағындағы Пиеро да Винчи деген нотариус пен диқаншы отбасынан шыққан Катерина деген қыздың баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті. Тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда Флоренцияда саудагершілікпен айналысады. Артынан княздер сарайларында шығармашылық ірі жоспарлар ұсынып, еш түсіністік таппайды. Әбден көңілі қалған ол 1516 жылы қаңтарда король Франсуа I ұсынысымен Францияға көшіп келіп, ғұмырының соңғы 4 жылын, осы жақта, Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді.

Леонардоның қазіргі біз атап жүрген мәнді тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі — итал. Leonardo di ser Piero da Vinci, яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».

  • 1470 — Леонардо да Винчи Верроккио шеберханасына (Флоренция) көмекші боп кіреді.
  • 1472 — Флоренсия Суретшілер гильдиясының (одағы) мүшесі.
  • 1472-1477 — «Исаның шоқындырылуы», «Ізгі хабар», «Құмырамен бейнеленген Мадонна» туындыларымен жұмыс істейді.
  • 1482 — Миландағы Лодовико Сфорца сарайына шақырылады.
  • 1487 — Құстың ұшуын негізге алып, ұшатын машина — орнитоптерді жасайды.
  • 1488 — «Ақкіс ұстаған келіншек» суреті.
  • 1489 — Бассүйектердің анатомиялық кескіндері.
  • 1490 — «Сазгер портреті» суреті.
  • 1495-1498 — «Жасырын кешкілік» суреті.
  • 1502 — Чезаре Борджаға архитектор әрі әскери инженер ретінде қазметке тұрады.
  • 1503 — Флоренцияға оралады.
  • 1503 — «Мона Лиза» суреті.
  • 1505 — Құстың ұшу сызбанұсқасы.
  • 1506 — Миланға оралып, Франция королі (сол кезде Италия солтүстігін басқарған) Луи XII-ге қызметке тұрады.
  • 1507 — Адам көзінің құрылысын зерттеуі.
  • 1509 — Қасиетті Анна соборында қолтаңба қоюы.
  • 1512 — «Өз портреті»
  • 1512 — Лев X папасының қорғауымен Римге көшеді.
  • 1514-1516 — «Жохан Шоқындырушы» суреті.
  • 1516 — Сарай суретшісі, инженер, сәулетші, және механик ретінде Францияға көшуі.

Шығармашылығы

Леонардо До Винчи «Мона Лиза» суретін салған. Бұл оның ең әйгілі шығармасы. Деректер бойынша суретте 1479 жылы өмір сүрген Лиза атты әйел бейнеленген, ал кейбір деректер бойынша суретте Леонардо До Винчи өзінің әйел келбетіндегі суретін салды деген көзқарас бар. Оның себебі суреттің аты «Мона Лайза», яғни италиян тілінен аударғанда «Моя леди» дегенді білдіреді.

Сонымен қатар суреттің шын аты «Мона Лиза» емес, «Джоконда» деген дерек шықты.Осындай аталу себеі суретте Франческо Дель Джоконданың әйелі бейнеленуі мүмкін деген болжам бар.

Бұл сурет Парижде, оқ өтпейтін әйнекпен қапталып сақталған. Қазіргі кезде ол 7 миллион доллар шамасында бағаланады.

Өнертапқыштығы

Оның тірі кезінде ел мойындаған туындысы — пистолетке арналған (кілтпен қосылатын) дөңгелек құлып. Бастапқыда сирек қолданылған бұл тетік XVI ғасыр ортасына қарай дворяндар арасында, әсіресе кавалерияда кең тараған. Тіпті лат құрылымында да ізін қалдырған, атап айтсақ, максимиоиандық сауыттарды пистолетпен ату үшін жеңімен бірге қолғап жасай бастады. Дөңгелектік құлпының сәтті шығарылғандығы сонша — ол тіпті XIX ғасырда да қолданыста болды..

Данышпан адамдардың туындылары уақыт өте мойындалып жататыны сияқты Леонардоның ойлап тапқандарының көбісі кейін толықтырылып, өзгертіле жетілдіріліп, бүгінгі күнге дейін қолданыста болып келді.

Мысалы, Леонардо да Винчи ауаны сығып, құбырлырмен жүргізетін құрал жасаған. Бұны пештерді жағудан …бөлмелерді желдетуге дейін қолданады.

Адамның су астында көп уақыт болу мүмкіндігі Леонардоны да қызықтырған. Бұл одан бұрынғы-соңғы ғалымдарды да қызықтырған болатын. Мысалы, Баттиста Альберти Неми көлі түбінен кейбір Рим кемелерін көтеруді жоспарлаған. Леонардо болса жай жоспарлап қана қоймай, су өткізбейтін теріден жасалатын сүңгуірлер костюмінің жобасын жасады. Костюмнің омырауында сүңгуірдің көтерілуін жеңілдету үшін ауамен толтырылатын, көлем ұлғайтқыш қалтасы болған. Леонардоның сүңгуірі демалу үшін, оның қалпағын су бетінде жүзетін күмбезбен жалғайтын, икемге келетін түтікпен жабдықталған.

Леонардо да Винчидың қазіргі тікұшақтың «атасының» сызбанұсқасын жасағаны да баршаға мәлім. Винтінің ұзындығы сызбаға сәйкес 4,8 м болуы тиіс делінген. Ғалым жоспарына сәйкес ол металл окантовкасы, полотномен жабылу керек. Винт осьтің айналасында жүрген адамдардың рычагты итеруімен айналдырады.Леонардо өз жұмыстарында: «Егер винт механизмі біркелкі жақсы жасалған болса, яғни, еш айырылыс, тесіксіз және тез айналдырылса, онда ол ауада қолдау тауып биіктеп ұшып кетеді», — деп жазған.

Адамды жүзіп үйретуге керекті маңызды дүние — құтқару дөңгелегі. Леонардоның бұл тапқаны қазіргі кезге дейін еш өзгеріссіз қалды деуге болады.

Жүзу қарқынын үдету үшін ғалым өзіндік қолғап ойластырады, бұл біртіндеп бүгінгі ластыға айналады.

Сену қиын, бірақ Леонардо қазу үшін емес, қазылған заттарды көтеру, тасымалдау үшін …экскаватор ойлап табады. Ғалымдардың пайымдауынша, экскаваторлар Арно өзенінің арнасын өзгерту жобасына керек болған. Ені 18 м, ұзындығы 6 м болатын шұңқыр қазу жоспарланған. Автордың суреттері қазатын машина мен шұңқыр өлшемдері жайлы ақпарат береді. Штангаларының әрқилы ұзындығы бар көтергіш кран бірнеше қарсысалмақпен екі немесе одан көп деңгейлі экскава��ияда қолданыла алатынымен қызық. Кран жебелері 180°-қа бұрылу аясымен арнаны толықтай қамти алды. Экскаватор рельстерге орнатылып, жұмыс орны өзгерген сайын, орталық рельстегі винттік мехинизм көмегімен алдыға жылжып отырған.

Леонардоның ең танымал суреті — көне автомобиль жобасы. Өзін-өзі қозғалтатын арба, энергия шығаратын рөлмен жалғанған, арбалетті механизммен жүретін болған. Артқы дөңгелектері бір-біріне тәуелсіз айналдырыла алған. Рөлмен байланысқан төртінші дөңгелек арқылы арба бұрыла алған. Бастапқыда король ауласының көңіл көтеруіне арналған бұл көлік Қайта Өрлеу дәуірі мен орта ғасыр инженерлер өздігінен жүру көліктер қатарына жатқан.

Ғалымның кейбір еңбектерін адамзаттың енді ғана сынақтан өткізуге батылдары баруда: мысалы, Леонардо да Винчидың жобасымен норвегиялық Ас қаласынды 2001 жылы 100-метрлік жаяушылар көпірі жасалды. Бұл оқиға — өз уақытын әлдеқайда басып озған шебер архитектуралық жобасының іске асуының 500 жыл ішінде алғашқысы.

Леонардо да Винчи бұл көпірді түрік сұлтанына арнап жобалаған: көпір Ыстамбұлдағы Алтын Мүйіз шығанағы арқылы өтуі тиіс болғын. Егер бұл жобы сол кезде іске асса онда ол өз заманындағы ең ұзын көпір (ұзындығы 346 м) болар еді. Сұлтан Баязет II Леонардоның бұл жобасынан бас тартқандықтан көпір салынбай қалады. 2002 жылы Британияда ұлы Леонардо да Винчидың тағы бір ойы іске асады: Суррей графтігінде дәл соның сызбасы бойынша жасалған қазіргі дельтаплан бастапқы үлгісі сәтті ұшты.

Суррей төбелерінде өткен сынақты дельтапланеризмнен екі дүркін әлем чемпионы Джуди Лиден жүргізді. Ол әйелге да Винчи «протодельтапланын» ең биік 10 м көтеріп, 17 секунд ауада ұшқан. Бұл аппараттың істейтіндігіне айқын дәлел болды. Леонардо да Винчи ойынша «егер екі жағы да 12 адам қолындай ұзын, ал биіктігі −12, болатындай тығыз матадан тұратын тент болса, онда адам кез келген кәдімгідей биіктен зақымсыз секіре алады». Бұны өзі сынап үлгермесе де, 2000 жылы британ парашютисті Адриан Николас Оңтүстік Африкада 3 мың метр биіктіктен әуе шарынан Леонардо да Винчи сызбасымен жасалған парашютпен секіреді. Сәтті қонады.

Қызықты дерек

Леонардо да Винчи көз жұмардың алдында өзінің шәкірттеріне мұқият толтырылған 120 дәптерді мұраға қалдырған екен. Оның ішінде механика мен инженерлік саланы, әскери өнерді жан-жақты зерттеп жазылған дүниелер бар. Бір таңқаларлығы – Леонардо анатомия ғылымына да ден қойып, адам ағзасының ішкі құрылысын да тыңғылықты зеттеген көрінеді. XX ғасырдың орта шенінде суретшінің тарапынан жасалған зерттеулер медицина саласы мамандарының арасында талас-тартыс туғызды. Суретшінің шәкірті Паоло Джиово Винчидің мәйітханаларда өліктерді сойып, адам ағзаларын зерттеумен айналысқандығын нақтылы түрде дәлелдеді. Орыстың атақты ғалымы Павлов Леонардоны өзінің ұстазы санаған. Көркемсурет өнерінің хас шебері ХVI ғасырдың өзінде-ақ адамның ішкі ағза мүшелерінің құрылысын толық зерттеген көрінеді. Павловтың Винчидің теориясын дәлелдегенінен бергі аралықта 400 жылдай уақыт өтті. Алайда оның анатомия іліміне қосқан жаңалығы әлі де күшін жойған жоқ. Бірақ, дүние салардың алдында әйгілі қылқалам шебері анатомияға ден қоямын деп, көркемсуретті ақсатып алғанына үлкен өкініш білдіріпті.

Әдебиет

  • I. Les manuscrits de Leonard de Vinci, de la Bibliothèque de l’Institut, 18811891;
  • Leonardo da Vinci: Traité de la peinture, 1910.
  • Geymüller H., de, Les manuscrits de Leonardo de Vinci, extr. de la «Gazette des Beaux-Arts», 1894;
  • Grothe H., Leonardo da Vinci als Ingenieur und Philosoph, 1880;
  • Herzfeld M., Das Traktat von der Malerei, Jena, 1909;
  • Il Codice di Leonardo da Vinci, nella Biblioteca del principe Trivulzio, Milano, 1891;
  • Il Codice Atlantico di Leonardo da Vinci, nella Biblioteca Ambrosiana, Milano, 18941904;
  • Leonardo da Vinci, der Denker, Forscher und Poet, Auswahl, Uebersetzung und Einleitung, Jena, 1906;
  • Müntz E., Leonardo da Vinci, 1899.
  • Péladan, Leonardo da Vinci. Textes choisis, 1907;
  • Richter J. P., The literary works of L. da Vinci, London, 1883;
  • Ravaisson-Mollien Ch., Les écrits de Leonardo de Vinci, 1881;
  • Волынский А. Л., Леонардо да Винчи, СПб, 1900 (роскошное изд.); 2-е изд., СПб, 1909;
  • Гуковский М. А. Механика Леонардо да Винчи. — М.: Изд-во АН КСРО, 1947. — 815 с.
  • Патер В., Ренессанс, М., 1912;
  • Сеайль Г., Леонардо да Винчи как художник и учёный. Опыт психологической биографии, СПб, 1898;
  • Сумцов Н. Ф., Леонардо да Винчи, 2-е изд., Харьков, 1900 (и на украинском языке, там же, 1907);
  • Флорентийские чтения: Леонардо да Винчи (сборн. статей Э. Сольми, Б. Кроче, И. дель Лунго, Ж. Паладина и др.), М., 1914;

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Leonardo da Vinci