Мазмұнға өту

Сандаве

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сандаве
васандаве
Бүкіл халықтың саны

70 000

Ең көп таралған аймақтар

 Танзания

Тілдері

сандаве тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар,протестантизм

Сандаве (васандаве) — Танзанияның орталық аймақтарындағы (Кондоа ауданы) халық. Саны 70 мың адам.[1]

Тілі - сандаве тілі. Суахили және басқа банту тілдері де таралған.[2]

Дінге сенушілердің діни көзқарастары: дәстүрлі нанымдар, кейбіреулері протестанттар.[3]

Шаруашылықтың дәстүрлі түрі бойынша – аңшылар мен терушілер. 20 ғасырдың басынан белгілі бір топтар арасында қолмен атқарылатырн егіншілік, ұсақ мал (ешкі), тауық өсірілді.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізі бірнеше шағын отбасылардан тұратын шағын топтар болып табылады. Сандавелердің едәуір бөлігі көршілес Ньятуру (батыс сандаве) және гого (оңтүстік сандаве) мәдениетінің элементтерін қабылдады.

Сандавелер ән айтуды, би билеуді, музыка шығаруды және сыра ішуді ұнататын көпшіл халық және оларда әндердің үлкен қоры бар. Барлық рәсімдер мен әдет-ғұрыптары бір-бірінен ерекшеленді, мысалы, егін жинау және құда түсу рәсімдері, сүндеттелу тойлары.

Олар өздерінің уақытша үйшіктерін су көздерінен алыс жерде тұрғызды, содан кейін айналадағы аймаққа аң аулауға шықты.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Энциклопедия «Народы и религии мира» https://peoples_religion.academic.ru/69/%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%B2%D0%B5
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/3531740
  3. Значение слова САНДАВЕ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1845108.html
  4. Народы и культуры Сандаве https://travel-journal.ru/ethno/45/1215/(қолжетпейтін сілтеме)
  5. народы мира / Сандаве http://www.etnolog.ru/people.php?id=SAND