Мазмұнға өту

Аквапимдер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аквапимдер
аквапем, акуапем, тви
Бүкіл халықтың саны

650 000

Ең көп таралған аймақтар

 Гана

Тілдері

аквапим тілі

Діні

христиандық, дәстүрлі нанымдар

Аквапимдер (аквапем, акуапем, тви) — Гананың оңтүстігіндегі акан тобының халқы. Аккра қаласының солтүстігінде, Вольта және Денсу өзендерінің арасында орналасқан . Саны 650 мың адам (1992).[1]

Тілдері аквапим, ашанти және ахем тілдері, көбінесе чви (тви) тілінің диалектілері ретінде қарастырылады.[2]

Аквапиндер – христиандар (пресвитериандар, методистер, католиктер, африкалық православие шіркеуінің ізбасарлары), афро-христиандық культтерді ұстанушылар, ахмадия сектасының мұсылмандары, шамамен 3%-ы дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[3]

Аквапимдер 17 ғасырдың басында солтүстік-батыстан Гананың оңтүстігіне көшті. Олар жергілікті черепон және гуан халықтарын ассимиляциялап, 1640-1730 жылдары аквамның салық төлеушісі болған және 1742-1826 жылдары Ашанти конфедерациясының құрамында болған Аквапим тайпалық одағын құрды.[4]

Негізгі кәсібі – егіншілік (ямс, маниок, күріш, тары, құмай, жүгері, банан, майлы пальма өсіру), ұсақ мал мен құс өсіру, ұсталық, керамика, ағаш ою. Қазіргі уақытта көпшілігі какао және кофе өсірумен айналысады.[5]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аквапимдердің дәстүрлі қоғамдық ұйымының негізін ауылдық қауымдар (нкура), көп балалы отбасылар (фиефо), матрилинейдік рулар (абусуапон) және нторо патрилаттық институты құрады, олардың негізінде әскери рәсімдер (асафо) қалыптасты. Аквапимді көсем (оманхене) және ауылдық қауымдар басшыларынан құралған ақсақалдар кеңесі басқарды. Дәстүрлі өмір салты, материалдық мәдениеті және әлеуметтік институттары Ашантидікіне өте жақын.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большой энциклопедический словарь https://gufo.me/dict/bes/%D0%90%D0%9A%D0%92%D0%90%D0%9F%D0%98%D0%9C
  2. Значение слова аквапим https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B0%D0%BA%D0%B2%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D0%BC
  3. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1806319
  4. Аквапим https://megabook.ru/article/%D0%90%D0%BA%D0%B2%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D0%BC
  5. Энциклопедия народов мира. Аквапим
  6. народы мира / Аквапим http://www.etnolog.ru/people.php?id=AKVA