Рунди (халық)
Рунди | |
барунди | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
10,2 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Бурунди |
9 млн. |
Руанда |
500 000 |
Танзания |
500 000 |
Уганда |
250 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдарды, христиандық |
Рунди (барунди, варунди)[1] — Банту тобының халқы, Бурунди Республикасының негізгі халқы. Халқы 10,2 миллион адам, оның ішінде 8,7 миллион хутулар, 1,4 миллион тутсилер, 0,1 миллион пигмей-твалар. (2014, бағалау). 1970-1990 жылдардағы қақтығыстар нәтижесінде жүздеген мың Руни көрші елдерге қашып кетті. 500 мыңнан астам адам Руандада, 500 мың адам Танзанияда, 250 мың адам Угандада тұрады.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - рунди тілі, Бурундидің ресми тілі (француз тілімен бірге), банту тілдеріне жатады. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кейбірі дәстүрлі нанымдарды сақтайды, кейбірі христиандар (негізінен католиктер).[4]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихи тұрғыдан алғанда, тутси, хуту және тва пигмейлері арасындағы текетірес жиі өткір әскери-саяси қақтығыстарға әкелді. Хутулардың едәуір бөлігі соңғы онжылдықтарда тұрақты қысым мен кемсітушіліктің салдарынан Бурундиден Руандаға қашып кетті. 90-жылдардың басында тутсилер мен хутулар арасындағы қақтығыс күшейіп, руаралық соғыс іс жүзінде Руандадағы азаматтық соғысқа айналды. Хутулар өздерінің азаматтық құқықтары үшін күресте халық милициясын құрады. Дегенмен, әрқашан саяси тұрғыдан көбірек ұйымдасқан, негізінен қала халқын құрайтын тутсилер, қазіргі хутулардан айырмашылығы, Руанда патриоттық майданын құрып, әскерилердің көмегімен елдегі билікті басып алды.
Хуту әскерлері мен олармен бірге болған Тва пигмейлері тутси күштерінен жеңіліп, Руандадан қашып, Конго Демократиялық Республикасы мен Танзаниядағы босқындар лагерлеріне тарап кетуге мәжбүр болды, олар халықаралық көмек арқылы қолдау тапты. Олардың өмір сүру жағдайлары өте қиындап, көптеген хутулар және әсіресе Тва пигмейлері аштық пен аурудан өлді.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рундилер екі топқа бөлінеді: малшылар – тутсилер (15%), егіншілер – хутулар (85%) және аңшылардың шағын тобы – Тва (0,75%). Тутсилер ірі қара және ұсақ мал өсірді, хутулар ауыспалы егін шаруашылығымен айналысты (құмай, жүгері, банан-плантин, бұршақ, маниок, кофе). Хутулар маусымдық ауыспалы егістердің күрделі жүйесін, тау беткейлеріндегі террассалық алқаптарды пайдаланады, ал кейбір жерлерде суару каналдарының техникасын пайдаланады. Твалар ауыл шаруашылығымен және жалдамалы маусымдық жұмыстармен айналысады.
Қолөнер өнерінде (кілемшелер, қызыл және қара геометриялық ою-өрнектері бар қоржындар), былғарыдан жасалған қолөнер (терілерді өңдеу, олардан бұйымдарды тігу және жасау), тоқу (қызыл-қара-қызғылт сары оюлары бар сисал талшықтарынан жасалған кілемдер) қыш ыдыстары (үлкен балшық құмыра жасау), моншақтардан, сүйектерден, музыкалық аспаптардан зергерлік бұйымдар жасау дамыған.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XIX ғасырдың аяғынан бастап нормативті моногамия пайда болды. Әлеуметтік ұйым рулық-кландық (сегменттік) әлеуметтік құрылымды тудыратын патрилинейлік генеалогиялық рулы байланыстарға негізделген. Көп балалы отбасының шаруашылығы ауыл қауымдастығының бірлігін құрайды. Неке патрилокальды.
Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлері: хутуларда дөңгелек, қаңқалы төбесі конустық саманнан жасалған үйшіктер, тутсилерде «ара ұясы тәрізді» өрілген үйшіктер, тваларда бұтақтардан және шөптерден жасалған шағын үйшіктер бар.
Негізгі тағамдары - май және бұрыш қосылған дәнді және бұршақ дақылдарынан дайындалған ботқа, бұқтырылған тағамдар, жапырақтардағы шикі және пісірілген банандар, қышқыл сүт өнімдері, балық, банан сырасы.
Қазір еуропалық үлгідегі киімдер басым. Мереке күндері тутсилер бір иыққа түйіліп, белбеуіне байланға�� кең ұзын жейделер мен жамылғы шапандар киеді.
Халық өнері шығу тегі, ру жауларымен болған шайқастардағы жеңістері туралы тарихи балладалар, әндер, билер, күйлер арқылы бейнеленген.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Современная энциклопедия Рунди https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/206058-rundi/
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/3520550
- ↑ Большой энциклопедический словарь РУНДИ https://gufo.me/dict/bes/%D0%A0%D0%A3%D0%9D%D0%94%D0%98
- ↑ Значение слова РУНДИ в Большом российском энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/bolshoy-rus/1741180.html
- ↑ a b народы мира / Рунди http://www.etnolog.ru/people.php?id=RUND
- ↑ Народы и культуры Рунди https://travel-journal.ru/ethno/44/1202/(қолжетпейтін сілтеме)