Мазмұнға өту

Лундалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лундалар
балунда, руунд, ндембу
Бүкіл халықтың саны

1,9 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Замбия

700 000

 Ангола

670 000

 Конго Демократиялық Республикасы

530 000

Тілдері

лунда тілі

Діні

христиандық, дәстүрлі нанымдар

Лундалар (балунда, руунд, ндембу) — Замбияның солтүстік-батысында, Анголаның шығысы мен солтүстігінде және Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігінде тұратын банту тобының халқы. Жалпы саны 1,9 млн. адам. Замбияда (700 000 адам. 2023 ж.), Анголада (шамамен 670 000 адам. 2023 ж.) және Конго Демократиялық Республикасы (530 000 адам. 2023 ж.) болды. 15 мыңға жуық Лунда Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдеріне (негізінен Бельгияға) көшті.[1]

Лундалардың көпшілігі банту тобына жататын лунда тілінде сөйлейді.[2]

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: христиандар (католиктер, протестанттар), бір бөлігі – дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[3]

Банту халықтарының мемлекеті 16 ғасырда Кассай өзенінің жоғарғы ағысында (қазіргі Солтүстік-Шығыс Ангола және Батыс Конго) дамыды. Лунд халқы бұл аймақта ежелден бері өмір сүргенімен, олардың империясын Лубаның батысындағы басқыншылар құрды. 1600-1750 жылдар аралығында Лунд топтары көптеген елді мекендер құрды. Лунд империясы негізгі әкімшілік орталықтан, жақын провинциялардың шеңберінен, автономды алыс провинциялардың шеңберлерінен және лундтың қауымдық мәдениетін бөлісетін шалғай ауылдардан тұрды. Осылайша империялық шекаралар жалпы түрде анықталды.

XVII—XIX ғасырларда Лунд мемлекеттілікке ие болды, сауда дамыды, Лунд құлдар мен піл сүйектерін экспорттады, жаңа патшалық еуропалықтар келгенге дейін өз территориясын сәтті кеңейтті. Балундалар олардың ��нуіне белсенді түрде қарсы тұрды, бірақ бағынуға мәжбүр болды. ХХ ғасырда Лунд ұлтының өкілдері Катанга сепаратистік қозғалысының негізін құрады.[4]

Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (сорго, тары, жүгері, маниок, бұршақ, ямс, темекі, пальма, жержаңғақ, тәтті картоп және т.б.) және балық аулау. Үй жануарлары – ит, тауық, ешкі, қой ұстайды. Көрші халықтармен салыстырғанда қолөнер нашар дамымаған. Олар саудамен, оның ішінде құл саудасымен де айналысқан. Қазіргі Лундтың бір бөлігі қалаларда тұрады, плантацияларда және тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейді.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туыстық есеп матрилинді, солтүстік топтарда — екі жақты. Матрилинальды жалпы құрылым сақталады, туысқандық некеге артықшылық беріледі. Отбасы шағын, уксорилокальды немесе вирилокальды. Ажырасу оңай, көп әйелдік тек тектілер арасында болған. Қазір ата құқығының нормалары (мұрагерлік, некені өтеу және т.б. ережелері) қолданылуда. Кейбір жерлерде инициациялар сақталған - қыздар үшін жеке (чисунгу) және ұлдар үшін ұжымдық (муканда).

Дәстүрлі қоныстары -дөңгелек жоспардағы шағын ауыл. Тұрғын үйлері - пальма бұтақтарынан немесе сабаннан жасалған конустық төбесі бар дөңгелек өрілген лашықтар. 10 мың адамға дейін халқы бар прото — қалалық елді мекендер — билеушілердің резиденциялары қалыптасқан.

Дәстүрлі киім – теріден тігілген (ақсүйектерге – матадан тігілген) белдік киімдер.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая Российская Энциклопедия https://bigenc.ru/c/lunda-narod-1a485c
  2. Лунда https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1314458
  3. Иллюстрированный энциклопедический словарь ЛУНДА https://1598.slovaronline.com/6526-%D0%BB%D1%83%D0%BD%D0%B4%D0%B0
  4. Материал из Большого Справочника https://newstest.ru/%D0%9B%D1%83%D0%BD%D0%B4%D0%B0(қолжетпейтін сілтеме)
  5. Народы и культуры Лунда https://travel-journal.ru/ethno/39/926/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. народы мира / Лунда http://www.etnolog.ru/people.php?id=LUND