Сандаве
Сандаве | |
васандаве | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
70 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар,протестантизм |
Сандаве (васандаве) — Танзанияның орталық аймақтарындағы (Кондоа ауданы) халық. Саны 70 мың адам.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - сандаве тілі. Суахили және басқа банту тілдері де таралған.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни көзқарастары: дәстүрлі нанымдар, кейбіреулері протестанттар.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шаруашылықтың дәстүрлі түрі бойынша – аңшылар мен терушілер. 20 ғасырдың басынан белгілі бір топтар арасында қолмен атқарылатырн егіншілік, ұсақ мал (ешкі), тауық өсірілді.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізі бірнеше шағын отбасылардан тұратын шағын топтар болып табылады. Сандавелердің едәуір бөлігі көршілес Ньятуру (батыс сандаве) және гого (оңтүстік сандаве) мәдениетінің элементтерін қабылдады.
Сандавелер ән айтуды, би билеуді, музыка шығаруды және сыра ішуді ұнататын көпшіл халық және оларда әндердің үлкен қоры бар. Барлық рәсімдер мен әдет-ғұрыптары бір-бірінен ерекшеленді, мысалы, егін жинау және құда түсу рәсімдері, сүндеттелу тойлары.
Олар өздерінің уақытша үйшіктерін су көздерінен алыс жерде тұрғызды, содан кейін айналадағы аймаққа аң аулауға шықты.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Энциклопедия «Народы и религии мира» https://peoples_religion.academic.ru/69/%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%B2%D0%B5
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/3531740
- ↑ Значение слова САНДАВЕ в Современном энциклопедическо�� словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1845108.html
- ↑ Народы и культуры Сандаве https://travel-journal.ru/ethno/45/1215/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Сандаве http://www.etnolog.ru/people.php?id=SAND