Air Astana
Air Astana | ||
---|---|---|
ИАТА KC | ИКАО KZR | Шақыру белгісі ASTANALINE |
Құрылған жылы | 2001 жыл 29 тамыз | |
Қызметін бастады | 2002 жыл 15 мамыр | |
Хабтар | Халықаралық Алматы әуежайы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы | |
Тәуелді компаниялар | FlyArystan | |
Әуе паркінің саны | 49 | |
Ұшу бағыттарының саны | 91 | |
Бас компаниясы |
| |
Компания ұраны | Еуразия жүрегінен | |
Штаб-пәтері | Алматы, Қазақстан | |
Басшылары | Нұрлан Жақыпов (Төраға), Питер Фостер (Президент) | |
Сайты: airastana.com |
Air Astana (заңды атауы «Эйр Астана» АҚ) — Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан әуекомпания. Бұл Алматы халықаралық әуежайы мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан 42 бағыт бойынша ішкі және халықаралық тұрақты рейстерді орындайтын Қазақстандағы ең ірі әуе компаниясы. Компания 2001 жылдың қазан айында құрылған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (51%) мен британдық BAE Systems PLC (49%) компаниясының бірлескен кәсіпорны болып табылады. 2002 жылы 15 мамырда Алматы – Астана бағытында алғашқы рейсін орындады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2012 жылдың қаңтарында "Air Astana" Centre for Asia Pacific Aviation "басқа тасымалдаушылармен салыстырғанда бірінші онжылдықта үздік нәтижелерді көрсеткен" деп аталды (CAPA, Әуекомпанияларды талдау, 9 қаңтар 2012 жыл), дегенмен, оның пайда болуы соңғы кезде авиациялық саладағы ең қызықты оқиғалардың бірі болып табылады. Компания басында ішкі бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушы болып құрылған. 2000 жылдың соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен BAE Systems ел өкіметімен әуе шабуылына қарсы қорғанысты жаңғырту бойынша келіссөзді жылжыту мақсатымен әуекомпанияны құруға келіскен. BAE Systems сол кездегі төрағасы сэр Ричард Эванс мәмледе негізгі рөл ойнаған. Дегенмен, ӘШҚҚ бойынша контракт жасалмаған, ал жоғары басшылықтағы кейінгі өзгерістер мен BAE Systems стратегиялық көзқарастары Қазақстандағы кеңселердің жабылуына әкеп соқты. Сондай-ақ, Назарбаевтың қолдауына қарамастан бастапқыда шетел заңды тұлға ретінде қарастырылған компания қазақстандық БАҚ және саясаткер жағынан қарсылыққа тап болды.
2002-2005
[өңдеу | қайнарын өңдеу]British Airways бұрынғы жетекшісі, бірінші президенті Лойд Пакстонның басшылығымен компания лизингке алғашқы 3 Boeing 737 International Lease Finance Corporation алды. Сосын Aircraft Finance Trading BV (AFT) 4 "Фоккер-50" және Pegasus Leasing Corp. 3 Boeing 757 лизингке алды. Жұмыстың бірінші толық жылынан кейін 2003 жылы компания таза пайда туралы жариялады. "Эйр Қазақ��тан" бұрынғы ұлттық тасымалдаушының 2004 жылдың ақпанында банкроттығынан кейін әуетасымалдаушы өз ұшу картасын басты халықаралық бағыттары бойынша кеңейте бастады: Дубай, Ыстамбұл, Мәскеу, Бейжің, кейін Франкфурт және Лондон.
2005-қазіргі уақыт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2005 жылдың 1 қазанынан Питер Фостер әуекомпания президенті болып тағайындалды. Бұрын Cathay Pacific Airways басшысы, Philippine Airlines компаниясының сауықтыру тобын басқарған, Royal Brunei Airlines бас директоры болған. Құрылған ұзақ мерзімді даму жоспарлары мен менеджмент құрылымы әлі күнге дейін өзгермес болып қалды. Құрылған сәттен бастап тасымалдаушы бұлжымас пайдалылықты көрсетті және 20 пайдалы (таза пайда) компаниялардың тізіміне 2010, 2011, 2012 жылдары Airline Business және Air Finance Journal нұсқасы бойынша енді және соңғысы оны 2015 жылғы әуекомпаниялардың қаржы жағдайы әлемдік рейтингісінде 20 орынға, BBB- рейтингісімен қойды.
BAE Systems 2013 жылғы жұмысының қорытындысын жасай отырып, Financial Times "қазақстандық Air Astana 49% BAE қатысу үлесімен компанияның мол табысты инвестициялардың бірі болды" деген.
2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін «Эйр Астана» Еуропалық Одаққа ұшуға лицензиясы бар жалғыз қазақстандық әуе компания болды.
«Эйр Астана» 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен Қысқы Универсиаданың ресми тасымалдаушысы және бас серіктесі, сондай-ақ 2017 жылғы «ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысы» болды.
«Эйр Астана» әуе паркі 29 ұшақтан тұрады. FlyArystan тәуелді компаниясының ұшақтарын қосқанда «Эйр Астана» компаниялар тобында 42 ұшақ жиналған (2022 жылғы желтоқсан айы бойынша)[2]. 2022-2023 жж. әуе компания флоты көбінесе Airbus A320 жанұясына кіретін ұшақтардан тұрады. Сонымен қатар әуе компания паркінде үш Boeing 767 және бес Embraer 190 E2 ұшағы бар. 2025 жылдың ортасына таман әуе компания тобы бойынша ұшақ санын 59-ға жеткізуді жоспарлап отыр[3].
2023 жылдың Қыркүйек айы бойынша, «Эйр Астана» әуе паркі 49 ұшақтан тұрады.
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ресейдегі қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2002 жылдың қыркүйегінде әуекомпания Астана мен Мәскеу қалалары арасында аптасына 3 рет жиіліктегі рейстерді және Алматы мен Мәскеу қалалары арасында күнделікті рейстерді Boeing 737-700 ұшағымен ашты. 2014 жылы Астана - Мәскеу бағыты бойынша рейстер саны аптасына 9-ға дейін, ал Алматы - Мәскеу бағыты бойынша рейстер саны 14-ке дейін ұлғайтылды. Covid 19 пандемиясына дейін әуекомпания Ресейге 11 бағыт бойынша 54 апталық рейс орындады: Алматы - Мәскеу Airbus A321 және Boeing 767, Астана – Мәскеу, Алматы – Санкт-Петербург Airbus A320, Астана – Новосибирск, Астана – Екатеринбург, Астана – Омбы, Астана – Санкт-Петербург, Алматы-Қазан Embraer 190.
2020 жылғы наурыздан мамырға дейінгі пандемиядан туындаған үзілістен кейін әуекомпания Алматы мен Астана қалаларынан Мәскеу қаласындағы Домодедово халықаралық әуежайына ұшуды, сондай-ақ Алматы-Санкт-Петербург бағыты бойынша рейстерді қалпына келтірді. Рейстер S7 Airlines әуекомпаниясымен код-шеринг келісімі бойынша орындалды. Сонымен қатар, FlyArystan Қарағанды халықаралық әуежайынан Домодедово халықаралық әуежайына, сондай-ақ Алматыдан Новосібірге рейстерді орындай бастады.
2022 жылғы 11 наурызда Эйр Астана Украинадағы соғыс нәтижесі салдарынан бірқатар маңызды іскер серіктестерге салынған ықпалшаралар мен шектеулерге байланысты Ресей аумағына/аумағынан/үстінен ұшатын барлық рейстерін тоқтатты.
ТМД-да қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Air Astana географиялық артықшылығын пайдалана отырып маршруттық желіні қысқа қашықтықтағы рейстермен аймақтағы барлық негізгі қалаларды қамту арқылы кеңейтті. Орталық Азия және Кавказда Air Astana Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан), Баку (Әзірбайжан), Тбилиси (Грузия), Киев (Украина) және Душанбеге (Тәжікстан) қалаларына Алматыдан және Астанадан қатынайды. Жаһандық пандемия кезеңіндегі үзілістен кейін 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін аталған маршруттар қайта жанданды, сондай-ақ FlyArystan Кутаисиге (Грузия) рейстерді орындауды бастады.
Қытай мен Кореядағы қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пандемияға дейін әуекомпания Алматы мен Астана қалаларынан Бейжің қаласына күнделікті рейстерді, сондай-ақ Қытайдың батысындағы Үрімші қаласына рейстерді орындады. 2020 жылдың шілдесінен бастап Чэнду халықаралық әуежайына жолаушылар чартерлік рейстері, сонымен қатар Қытайдың әртүрлі нүктелеріне чартерлік жүк рейстерін тасымалдауға жартылай ауыстырылған Boeing 767 әуекемесімен қайта жалғасты. Жолаушылар сұранысының өсуіне байланысты 2021 жылдың қыркүйегінде жолаушылар әуекемесіне қайта ауыстырылды.
Пандемиядан кейін Корея үкіметінің жол жүру шектеулеріне байланысты Кореяның Сеул қаласына Алматыдан күн сайын және Астанадан аптасына екі рет ұшатын рейстер Алматы мен Сеул қалалар арасында аптасына бір рейске дейін қысқартылды. Алматы мен Гонконг арасындағы әуерейстері белгісіз мерзімге тоқтатылды.
2023 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Бейжің мен Сеулге баратын барлық рейстер пандемияға дейінгі ұшу жиіліктеріне қалпына келтірілді.
FlyArystan
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2018 жылдың қараша айында "Air Astana" FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясын ашу жоспарын жариялады. Жеке басқару құрамымен FlyArystan әуекомпаниясы өз қызметін 2019 жылдың 1 мамырында 180 орындық конфигурациясы бар бірнеше Airbus 320 әуекемесімен және "Air Astana" негізгі әуекомпанияның пайдаланушы сертификатын (AOC) қолдана отырып лоукосттың классикалық моделі бойынша жұмыс жасады, 2020 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша FlyArystan 10 A320 ұшағын пайдалануда, тағы 7 ұшақ 2023 жылға дейін тапсырыста тұр. FlyArystan жолаушылар ағымының жоғары өсуі (2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 553%) 2021 жылы Қазақстанның әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан отандық авиация нарығына айналуына ықпал етті.
ИКАО және ЕО
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әуекомпания маршруттық желісінің дамуына реттеуші факторлар 2009 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін елеулі ықпал жасады. 2009 жылдың сәуірінде Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті бақылау міндеттерінде сәйкессіздіктерді тапқан. Соб себеппен Еуропалық Әуе қауіпсіздігі комитеті барлық Қазақстанда тіркелген әуекомпанияларға Еуропа одағынан/одағына ұшуға тыйм салды. "Эйр Астана" жалғыз бұл қара тізімнен шығарылған.
ЕО-ға кіруге соңғы тыйым салынған Embraer ұшақтарына қойылған шектеулер 2015 жылдың желтоқсанында алынып тасталды.
Жаһандық пандемия кезінде әуекомпания Батыс Қазақстанға мұнай кен орындарының негізгі қызметкерлерін жеткізу үшін Атырау мен Амстердам арасында (сол кездегі жалғыз халықаралық бағыт болды) рейстерді орындады. 2020 жылдың шілде айынын бастап әуекомпания Еуропаға басқа бағыттарды қалпына келтірді, ал 2022 жылдың қаңтарына дейін әуекомпания Астанадан Франкфуртқа (Lufthansa German Airlines компаниясымен код-шер келісімімен) және Лондон Хитроу әуежайына, Амстердам мен Франкфуртқа Атырау мен Оралдан ұшатын рейстер орындады.
2023 жылдың мамырынан бастап Франкфурт пен Амстердамға барлық рейстер пандемияға дейінгі жиіліктерге қалпына келтірілді. 2023 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша Алматыдан Лондонға және Ақтаудан Лондонға рейстер аптасына 5 рет, ал Алматыдан Ираклионға рейс аптасына 4 рет орындалады.
Серіктестік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Эйр Астананың» келесі компаниялармен кодшейр келісімі бар (2016 жыл ақпан айына сәйкес):
|
Ұшақтар паркі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі ұшақтар паркі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Air Astana әуекомпаниясы келесі ұшақтардан тұрады (2022 жылғы желтоқсан айы бойынша)[2]:
Ұшақ Атауы | Ұшақ Саны |
Тапсырыс | Жолаушылар (Business*/Economy) |
Қосымша | |
---|---|---|---|---|---|
Airbus A320neo | 5 | — | 148 (16/132) | ||
Airbus A321-200 | 2 | — | 179 (28/151) | ||
Airbus A321neo | 4 | — | 179 (28/151) | ||
Airbus A321LR | 10 | — | 166 (16/150) | ||
Boeing 767-300ER | 3 | — | 223 (30/193) | Boeing 787-9 ұшақтарымен ауыстырылатын болады. | |
Boeing 787-9 | — | 3 | 2025 жылдың бірінші жартысында жеткізіледі. Air Astana-ның үш 787-8-ге сатып алу тапсырысы 787-9 операциялық лизинг тапсырысына ауыстырылды[9]. | ||
Embraer 190-E2 | 5 | — | 108 | ||
Airbus A320-200 | 10 | 1 | 180 | FlyArystan еншілес әуе компаниясының ұшақ паркі. Он ұшақтың сегізі Air Astana-дан ауыстырылды. | |
Airbus A320neo | 1 | — | 180 | FlyArystan еншілес әуе компаниясының ұшақ паркі.
Air Astana-дан ауыстырылды. |
|
3 | 11 | 188 | FlyArystan еншілес әуе компаниясының ұшақ паркі.
Airbus-тан жаңа жеткізулер |
||
Барлығы | 45 | 13 |
Флот тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Эйр Астана» ұшақтар флотының тарихы:
Ұшақ Атауы | Ұшақ Саны | Қолданысқа енген | Қолданыстан шыққан | Қосымшы |
---|---|---|---|---|
Airbus A319-100 | 1 | 2008 | 2018 | |
Airbus A319-200 | 14 | 2008 | 2021 | |
Boeing 737-700 | 2 | 2002 | 2007 | |
Boeing 737-800 | 2 | 2002 | 2007 | |
Boeing 757-200 | 5 | 2003 | 2020 | |
Embraer 190 | 9 | 2011 | 2020 | |
Fokker 50 | 6 | 2004 | 2013 |
Қызмет және брендинг
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әуекомпания көптеген жылдар бойы жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін үлкен беделге ие болды, бұған Skytrax, Trip Advisor және APEX-тің көптеген марапаттары дәлел бола алады (төменге қараңыз).
Колумбия округінің Вашингтон қаласындағы 2015 жылдың 25 ақпанда өткен Әуе көлік саласының 41-ші Annual Airline Industry Achievement Awards марапаттау рәсімінде «Эйр Астана» компаниясы «Авиациялық нарығының көшбасшысы» атағына ие болды.[1] 2014 жылғы World Airline Awards нұсқасы бойынша «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания атағын үшінші жыл қатарынан иеленіп отыр. Осы салтанатта «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы «Үздік қызмет көрсету» атағына екінші рет ие болды. Сондай-ақ, 2012 жылдың мамыр айындағы Skytrax компаниясы өткізіген аудиты бойынша әуекомпания Ресей/ТМД/Шығыс Еуропа елдерінің арасында Skytrax World Airline Awards 2012 нұсқасы бойынша беделді 4 жұлдызды рейтінгке ие болған бірінші тасымалдаушы болды және аумақта осы атаққа ие болған жалғыз әуе компания ретінде қалды.
Класс түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Air Astana барлық ұшақтарда бизнес және эконом класстарын, сондай-ақ Airbus 321neo Long Range бортында жатын орны бар эконом класс ұсынады. Embraer E2 ұшағын қоспағанда, барлық ұшақтар RAVE компаниясының жеке борттық ойын-сауық жүйесімен бизнес және эконом-класстары жабдықталған.
Жаңа өнімдер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2015 жылдың ақпан айында «Эйр Астана» компаниясы Boeing 757 ұшағында жаңа класс түрін ұсына бастады: эконом-класындағы жатын орындар. Эконом кластағы жатын орындардың жолаушылары әуежайдағы әр түрлі артықшыларымен қоса (сондай-ақ, бизнес-класс залдарына кіру) бөлек жатын эконом салонында келесі қызметтерді пайдалана алады: төсек-орын жинағы, бизнес-класс жол жинақтары және KCTV жүйесі. Жаңа өнім қазіргі уақытта Астана - Лондон, Франкфурт, Париж және Алматы - Гонконг бағыттарындағы Boeing 757-200 ұшағында ғана бар.
Nomad Club
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жиі ұшатын жолаушылардың «Nomad» клубы «Алтын», «Күміс» және «Стандартты» мүшелік деңгейлерден тұрады және Lufthansa компаниясының 「Miles & More」 бағдарламасымен өзара келісілген. Жергілікті қазақ дизайнерлері жасаған кабинадағы және жердегі қызметкерлердің жаңа киім үлгісі 2013 жылдың басында енгізілді.
Бағыттар желісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эйр Астана әуе компаниясының 64 бағыты Қазақстанның көптеген ірі қалаларын және Орталық Азия мен Ресейдің көршілес қалаларын қамтиды. Бұл әуе компанияның беделін жақсарту үшін және дамып келе жатқан әуе нарығы бар аймақта қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтау үшін " кеңейтілген ішкі нарық стратегиясы " деп аталатын шешімнің нәтижесі болып табылады. 2009 жылдан бастап әуе компания Баку, Ташкент, Үрімші, Тбилиси, Душанбе, Бішкек, Новосибирск, Самара, Екатеринбург, Санкт-Петербург, ал 2012 жылдың ортасынан бастап Қазан мен Омбыға рейстерді іске қосты. 2012 жылдың 28 тамызнан бастап Эйр Астана Азияның оңтүстігі мен шығысына Делиге, Сеулге (Asiana Airlines компаниясымен код-шер келісімі бойынша жүзеге асырылатын), Пекинге, Бангкокқа, Куала-Лумпурға, Гонконгқа, және 2013 жылдың қаңтарынан бастап Хошиминге бағыттарын іске қосты. Сондай-ақ күн сайын Астанадан Франкфуртқа және Хитроуға аптасына төрт рет ұшу бағытын жүзеге асырады. Алматы мен Астанадан Киевке баратын бағытты 2013 жылдың көктемінде іске қосты. 2015 жылғы 29 наурыздан бастап Астана - Париж бағыты бойынша аптасына үш рет рейстерді іске қосты. 2015 жылдың 1 маусымынан бастап әуе компания Астана - Тбилиси бағыты бойынша маусымдық рейстерді ұсынады. 2016 жылдың 30 маусымынан бастап әуе компания Алматы-Тегеран бағыты бойынша рейсті іске қосты. 2017 жылдың маусым айында Тегеранға рейстер тоқтатылды. 2020 жылғы 5 желтоқсаннан бастап әуе компания аптасына екі рет ұшу жиілігімен Алматы-Мале бағыты бойынша Мальдив аралдарына рейстерді жүзеге асыра бастады. 2021 жылдың 6 ақпанында Эйр Астана әуе компаниясы Шри-Ланкаға тікелей рейс ашты. Алматыдан Маттал Раджапакс Хамбантот әуежайына Airbus A321Neo ұшағымен аптасына бір рет жүзеге асырылады. 2021 жылғы 31 қазанда Эйр Астана аптасына екі рет Пхукет аралына Airbus A321 NEO LR және Boeing 767-300ER ұшақтарында орындалатын тікелей рейсті ашты.
Өмір салтының бағыттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2020 жылдың наурыз айында Covid-19 пандемиясы салдарынан Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша сапарларға қатаң шектеулерге байланысты Air Astana Қазақстаннан Бангкок пен Куала-Лумпур қалаларына әуе қатынасын тоқтатуға мәжбүр болды. 2020 жылдың қазан айында кейбір курорттық бағыттар бойынша сапарларға қойылған шектеулерді ішінара алып тастағаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына сапар шегуіне шектеулерді алып тастағаннан кейін әуекомпания Анталия (Түркия) және Шарм-эль-Шейхке (Египет), сонымен қатар Мальдив аралдарына (Мале халықаралық әуежайы) және Коломбоға (Шри-Ланка) бағыттарын қалпына келтірді. Саяхатшылардың сапарының орташа ұзақтығының артуына байланысты әуекомпания басшылығы «өмір салты бағыттары» деп атаған бұл рейстер 2021 жылдың наурыз айында қосты. 2022 жылдың қаңтар айы бойынша Air Astana келесі бағыттарды орындайды:
Алматы - Мале (Мальдив аралдары)
Алматы — Коломбо (Шри-Ланка)
Алматы — Шарм-эль-Шейх (Египет)
Алматы – Хургада (Египет)
Алматы - Подгорица (Черногория)
Ақтау, Шымкент - Дубай (оператор FlyArystan)
Ақтау, Астана - Кутаиси, Грузия (оператор FlyArstan)
Алматы, Астана - Ираклион, Грекия (оператор Air Astana)
Қызметкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Air Astana қызметкерлерінің саны 5 600 адамды құрады, бұл Қазақстан азаматтары, сондай-ақ шетелдік өкілдіктердегі жергілікті қызметкерлер. Әуекомпанияда 460 ұшқыш жұмыс істейді, оның 64-і шетелдіктер. Әуекомпанияның барлық ұшқыштарында еуропалық EASA лицензиялары бар. 2008 жылдан бастап әуекомпания Қазақстан азаматтары үшін АҚШ пен Еуропадағы ұшқыштар мектебінде ұшқышты бастапқы даярлау бағдарламасын жүзеге асыруда. 2022 жылдың қаңтар айы бойынша 320 ұшқыш осы бағдарламадан өтті. 2012 жылы әуекомпания Ұлыбританияның Крэнфилд университетінде менеджерлерге арналған жалпы оқу бағдарламасын енгізді, содан кейін ол Ұлыбританиядағы Henley бизнес мектебіне ауысты. Компанияда Қазақстан азаматтары болып табылатын 1100-ден астам бортсеріктер жұмыс істейді. Ұлттық әуетасымалдаушының басшылығы қазақстандық және шетелдік өкілдердің тұрады.
Қызмет көрсеткіштері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2019 жылдан бастап Air Astana компаниясы жолаушыларды негізгі Air Astana брендімен және FlyArystan тәуелді компаниясымен тасымалдай бастады. Тасымалданған жолаушылар саны:
Жыл | Air Astana жолаушылар саны | Air Astana группасы бойынша салық салынғаннан кейінгі пайда (млн АҚШ доллары) |
---|---|---|
2006 | 1,5 млн | 32.0 |
2007 | 2,1 млн | 35.4 |
2008 | 2,3 млн | 17.1 |
2009 | 2,2 млн | 48.0 |
2010 | 2,6 млн | 77.1 |
2011 | 3 млн | 61.3 |
2012 | 3.3 млн | 61.1 |
2013 | 3.7 млн | 51.4 |
2014 | 3.8 млн | 19.5 |
2015 | 3.9 млн | 48.7 |
2016 | 3.7 млн | (39.9) |
2017 | 4.2 млн | 39.3 |
2018 | 4.3 млн | 5.4 |
2019 | 5,1 млн | 30.0 |
2020 | 3,7 млн | (93.9) |
2021 | 6,6 млн | 36,2 |
2022 | 7.4 млн | 78,4 |
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Skytrax ұсынған 4 жұлдызды «Air Astana» әуе компаниясының қызмет көрсету сапасы үшін рейтингі;
- «Әлемнің әуе компаниялары» 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 ж. «Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуе компания», 2021 жылы «Орталық Азиядағы ең үздік әуе компания» (Skytrax марапаттары 2020 жылы тоқтатылды) және 2022 жылы «Орталық Азия мен ТМД елдерінің ең үздік әуе компаниясы»;
- 2013, 2014, 2015 және 2016 жылдардағы «Әлемнің әуе компаниялары» сыйлығы «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік қызметі» номинациясында;
- «Авиация нарығының көшбасшысы 2015 жыл» Air Transport World басылымына сәйкес;
- «Аймақтық Азия тасымалдаушысы», Travels' Choice Awards 2018;
- Американдық APEX қауымдастығы (Airline Passenger Experience Association) бойынша «Негізгі аймақтық әуе компаниялар» 5 жұлдызды номинациясы.
«Шаңырақ» күту залы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Эйр Астана» компаниясы жақында Астана қаласының халықаралық әуежайында бірінші болып эксклюзивті «Шаңырақ» күту залын ашты.
Басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Амантай Жолдыбаев (1993—1995)
- Дмитрий Душимов (1995—1997)
- Рүстем Бектұров (1996—1999)
- Ербол Етекбай (1999—2000)
- Еркін Қалиев (2000—2004)
- Air Astana
- Ллойд Пакстон (2002—2005)
- Питер Фостер (2005 жылдан бастап)
Оқиғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2018 жылғы 11 қарашада Air Astana әуекомпаниясының 1388-ші рейсінің Embraer ERJ-190 ұшағы көкке көтерілгеннен кейін Португалиядағы үшінші тарап техникалық қызмет көрсету жеткізушісінің ірі техникалық тексеруінен кейін басқару тросы дұрыс орнатылмау салдарынан ұшақ күрделі мәселеге тап болды. 90 минуттан астам уақыт өткен соң борттағы 3 ұшқыш және 3 қызмет көрсететін қызметкері бар ұшақ Бежа әуе базасына қонды. Дегенмен, ұшақ көптеген құрылымдық ақауларға ұшырап және есептен шығарылды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ АО "Эйр Астана" (AIRA)
- ↑ a b Air Astana презентовала новый борт на свой 20-летний юбилейhttps://newtimes.kz/obshchestvo/161264-air-astana-prezentovala-novyj-bort-na-svoj-20-letnij-yubilej [14 желтоқсан, 2022]
- ↑ Seet, Charlotte. 24 More Planes By 2025: Air Astana Group Lays Out Its Growth Plans. https://simpleflying.com/air-astana-growth-plans/ (21 December 2022)
- ↑ Bangkok Airways and Air Astana announce Codeshare agreement. Bangkok Airways (19 тамыз 2015). Тексерілді, 21 тамыз 2015.
- ↑ Cathay Pacific and Air Astana Announce Codeshare Agreement, aviationtribune.com, Aviation Tribune OÜ (5 March 2018). Тексерілді 5 наурыздың 2018.
- ↑ Etihad Signs Codeshare Deal with Air Astana. Тексерілді 25 маусымның 2013.
- ↑ Turk Hava Yollari AO : Air Astana and Turkish Airlines sign a codeshare agreement (4 June 2013). Тексерілді 4 маусымның 2013.
- ↑ Hong Kong Airlines signs codeshare agreement with Air Astana (29 January 2016). Тексерілді 29 қаңтардың 2016.
- ↑ Waldron, Greg. Air Astana chief eyes big 2023 after ‘spectacularly successful’ 2022 https://www.flightglobal.com/airlines/air-astana-chief-eyes-big-2023-after-spectacularly-successful-2022/151399.article (21 December 2022)
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми торабы
- Талқылау форумы Мұрағатталған 18 қарашаның 2011 жылы.
|
|