Мазмұнға өту

Дүниежүзілік көрме (2017)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Экспо 2017 Болашақ қуаты
Орналасуы
Ел

 Қазақстан

Орналасуы

Астана

Қызметі
Көрме түрі

Арнайы дүниежүзілік көрме

Өткізілу уақыты

10 маусым — 10 қыркүйек 2017

Ұйымдастырушы

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы

Басты қатысушылары

115 мемлекет, 22 халықаралық ұйым

Келушілер саны

4 млн.

Сайты

http://expo2017astana.com

Ортаққордың логотипі Ортаққордағы медиафайлдар

Экспо 2017Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып - Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.

Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.[1]

Дауыс беру нәтижесі
Қала Ел 1-ші айналым
Астана  Қазақстан 103
Льеж  Бельгия 44

2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.

IT University

Халықаралық көрмеден 2 жылдан кейін ЭКСПО-2017 аумағында жаңа IT университеті ашылды, ол «Астана IT университеті» аталды. Жоғары оқу орны ЭКСПО павильондарының бірін иемденді, қазіргі уақытта олар IT технологиялар саласында білікті кадрлар даярлайды. Университетте оқыту тілі - ағылшын тілі. Жоғары оқу орнына 8 білім беру бағдарламасы кіреді, оны 2020 жылы 9шы-сандық журналистика біріктірді. 2020 жылдан бастап білім беру бағдарламаларының тізімі келесідей: бағдарламалық қамтамасыз ету, үлкен мәліметтерді талдау, есептеу техникасы, өндірістік автоматика, медиа технологиялар, киберқауіпсіздік, телекоммуникациялық жүйелер, ақпараттық технологиялар менеджменті және сандық журналистика. Мемлекет жыл сайын университетке Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша талапкерлер арасында бөлінетін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсынады. Мемлекеттік конкурстық гранттарда Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі пәндерінің бірдей үйлесімі үшін білім беру бағдарламаларының тобын, ал «Сандық журналистика» білім беру бағдарламасы үшін шығармашылық емтихандардың нәтижелері мен Ұлттық бірыңғай пәндердің 2 пәнін таңдау қажет. Тестілеу (оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы) ескеріледі. Сондай-ақ, EXPO 2017 павильоны резидент емес студенттерге арналған студенттер үйі ретінде жабдықталған заманауи тұрғын үй кешенін бөлді.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.

2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін.

Нұр Әлемнің өзі жас инвесторлар стартап-жобалар әзірлеуге, ғылыми өнертабыстарды зерттеуге және бизнес-идеяларын жүзеге асыруға болатын технологиялық инновацияның эпицентрінде орналасқан.

Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.

Билеттер құны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бірнеше түрдегі билеттер сатылды: а) кез-келген күн үшін тіркелген билет - 4000 теңге; б) кез-келген күнге билет - 6000 теңге; в) Кез-келген күннің кешкі билеті - 2000 теңге; г) Жазылым - 25 000 теңге; e) сувенир билеті - 20 000 теңге) Кәмелетке толмағандарға арналған билет - 0 теңге. [9]

«Қазақстан темір жолы» кассаларында билеттер 60% жеңілдікпен сатылды. Күнделікті жұмыс күніне арналған билеттер - 1800 теңге, кез-келген жұмыс күніне - 2000 теңге сатылды.

Басқа кандидаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Экспо-2017 көрмесін өткізуге ниет білдірген, бірақ мәлімдемесін уақытында тапсырмаған қалалар:

Қала Мемлекет
Ньюкастл[2] Аустралия Аустралия
Белград Сербия Сербия
Лилль Франция Франция
Ставангер Норвегия Норвегия
Сидней Аустралия Аустралия
Саламанка Испания Испания

ЕХРО-2017 көрмесінің символдары ретінде Қуат, Мөлдір және Сәуле таңдалды.

Қуат (күш, билік) - жердегі энергияны білдіреді.

Мөлдір(айқын, таза) - судан алынған энергия.

Сәуле(күн сәулесі) - күннен алынған энергия.

Көрменің орталық элементі "Нұр Әлем" кешенінен көріністер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]