Анталия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Анталия
түр. Antalya
Әкімшілігі
Ел

 Түркия

Ил

Анталия

Уәли

Мендерес Түрел

Тарихы мен географиясы
Координаттары

36°54′ с. е. 30°41′ ш. б. / 36.900° с. е. 30.683° ш. б. / 36.900; 30.683 (G) (O) (Я)Координаттар: 36°54′ с. е. 30°41′ ш. б. / 36.900° с. е. 30.683° ш. б. / 36.900; 30.683 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

1 417 км²

Биіктігі Нум

30 242 м

Климаты

Субтропикалық

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

1 603 994[1] адам (2015)

Тығыздығы

2 222 562 адам/км²

Ұлттық құрамы

Түріктер

Конфессиялар

Мұсылмандар

Ресми тілі

Түрік тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+90

Пошта индексі

07x xx

Автомобиль коды

07


http://www.antalya-bld.gov.tr antalya.bel.tr
http://www.antalya-bld.gov.tr

 (түрік.) (ағыл.)

Анталия картада
Анталия
Анталия

Анталия (түр. Antalya) — Түркияның оң түстігіндегі портты қала және курорт, Анталия қаласы теңіз деңгейінен 30 метр биіктікте орналасқан.Қаладағы халықтың саны - 1 603 994 (2015) және шамамен екі миллион адам жаздың мезгілінде болады. Қазіргі таңда Анталия ескі және жаңа қала болып екіге бөлінген.

Әкімшілік аумақтық бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анталия қаласы 5 ауданға бөлінеді

  • Аксу
  • Дөшемеалты
  • Кепез
  • Конияалты
  • Муратпаша
Лара ықшамауданы

Анталия тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анталия б.з.д. 159 жылы грек патшасы Пергама Атталоның қалауымен құрылған және алғашында Атталия деп аталған. Б.з.д. 133 жылы қаланы римдіктер жаулап алып, Адриан императорының қысқы тұрағына айналдырды. Көп жылдар бойы Анталия римдіктердің және кейін Византияның қол астында болды.

VIII ғасырда болған қатты жер сілкінісінен кейін ,бұл өңірде экономикалық құлдырау басталды және бұның себебі ретінде арабтардың және теңіз қарақшыларының шапқыншылығын да алсақ болады. 1080 жылдары селжұқ елінің басып кіруінен кейін, бұл өңірде ислам діні тарала бастады 1207 жылы селжұқтар Анталияны және соған қатысты барлық жерлерді жаулап алады.1423 жылы Анталияны түрік османдары жаулап алады.

Анталия кешкі сағат

Анталия климаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анталианың климаты типті жерорта теңіздік болып табылады. Бұл өңір өзінің құрғақ және жылы жаз мезгілімен және аздаған жауын шашынды қыс мезгілімен ерекшеленеді. Қыс мезгілінде Анталиада жауын шашынның түсуі өте көп болады, ал жазда жауын шашын өте аз болды. Қыстың күні түсетін жауын шашынның басты себебі Тавр таулары болып табыады, ол цеклондардың ары қарай сол түстікке кетіп қалуына төтеп беріп тұр. Бұған құсайтын құбылыс Қырымның оң түстік жағалауында да байқалады, бірақ аз мөлшерде.

Сәуір айынан бастап қазан айына дейін бұлтсыз ашық ауа райы сақталып тұрады. Жылдың басқа мезгілінде ауа райы көбіне бұлтты және жаңбырлы болады. Қаладағы ылғалдылық 64 % құрайды, ал судың орташа температурасы 21,5 °C құрайды. Жаз маусымы шамамен 8-9 айға созылады. Қаңтардың орташа температурасы шамамен +10 °C, ал шілдеде +28-29 °C. Жалпы жылдық орташа температура +18-19 °C. Қыс өте жылы және ылғалды, ал жаз өте ыстық және ұзақ. Қар өте сирек жауады. Қаланы сол түстік жақтан соғатын желден қорғап тұрған тау, қыстың жылы болуының негізгі себепшісі.Бұл тұрғыда Анталияның климаты Ялтаның климатына өте ұқсас.[2] Анталиа - халықаралық әуежайы бар, жақсы дамыған көңіл көтеру орындары бар, көптеген қонақ бар Түркияның танымал қалаларының бірі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Turkey: Major cities and provinces. citypopulation.de. Тексерілді, 8 ақпан 2015.
  2. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бодрум

Түркия

Анкара

Ыстамбұл