Ташкент
Қала | ||||||||
Ташкент | ||||||||
өзб. Toshkent | ||||||||
| ||||||||
| ||||||||
Әкімшілігі | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ел | ||||||||
Статусы |
Астана | |||||||
Ішкі бөлінісі |
11 аудан | |||||||
Хәкімі |
Шавкат Умрзаков | |||||||
Тарихы мен географиясы | ||||||||
Координаттары |
41°18′ с. е. 69°16′ ш. б. / 41.300° с. е. 69.267° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°18′ с. е. 69°16′ ш. б. / 41.300° с. е. 69.267° ш. б. (G) (O) (Я) | |||||||
Алғашқы дерек |
II ғ. б. э. б. | |||||||
Бұрынғы атаулары |
Шаш (Мадина-аш-Шаш), Бинкет (Бинкат) | |||||||
Қала статусы |
1930 жыл | |||||||
Жер аумағы |
334,8[1] км² | |||||||
Орталығының биiктігі |
455 м | |||||||
Климаты |
қатаң континенталды | |||||||
Уақыт белдеуі | ||||||||
Тұрғындары | ||||||||
Тұрғыны |
▲ 2 571 700 адам (2019) | |||||||
Тығыздығы |
7535 адам/км² | |||||||
Агломерация |
3 000 000 шамасы | |||||||
Ұлттық құрамы |
өзбектер — 63,0 %, | |||||||
Конфессиялар |
мұсылмандар, христиандар, атеисттер және басқалары | |||||||
Этнохороним |
ташкенттік, ташкенттіктер | |||||||
Ресми тілі | ||||||||
Сандық идентификаторлары | ||||||||
Телефон коды |
+998 71 | |||||||
Пошта индексі |
100000-100214[3] | |||||||
Автомобиль коды |
01-09 | |||||||
Басқалары | ||||||||
Марапаттары | ||||||||
tashkent.uz | ||||||||
Ташкент шекарасы
| ||||||||
Ортаққордағы санаты: Ташкент |
Ташкент (өзб. Toshkent, Тошкент) — Өзбекстанның елордасы, Ташкент уәлаятының әкімшілік орталығы, халық саны жөнінен ТМД елдерінде 3-ші орында, Орталық Азияның ең көне қалалардың бірі.
2006 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 2,1 миллион болды, бейресми деректер бойынша 3 миллионға дейін жетті.
Орта ғасырлар заманында қала «Шаш» деп аталды. Кейінірек ол «Шаш қаласы» деген мағына беретін «Шашкент» деп атала бастады. Канд, қанд, кент, кад, кат, куд, осы жалғаулардың бәрі көне парсы тілінен алынған, ол "қала" дегенді білдіреді. Мысалы, Самарқан, Жаркент, Пенжакент сияқты қалалардың аттары осылай пайда болған.
XVI ғасырдан кейін Шашкент деген атау «Ташкент» деген түрге өзгерді. Түсініксіз ескі атауына қарағанда жаңа атау («Тас қала») халық этимологиясының арқасында түсініктірек бола бастады. Ташкент деген түрі орыс тілінің әсерінен қалыптасқан.
Орналасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ташкент қаласы Тянь-Шань тауларының батыс етектеріне жапсарлас жатқан сулы жазықтықта, Шымкент-Самарқан жолының бойында орналасқан. Ташкенттің маңында Шыршық өзені тағы бірнеше өзендермен қосылады, сондықтан қаланың өзі қалың (15 метрге дейін) аллювийлі шөгінді жыныстардың үстінде жайғасқан. Тектоникалық жағынан Ташкент өте белсенді жерде тұр, сондықтан жердің сілкінулері сирек емес. 1966 жылы болған зілзаланың күші Рихтер кестесі бойынша 7.5-ке жетті. Ташкент уақыты Гринвич уақытынан 5 сағат алда (UTC/GMT +5). Ташкенттің орналасу координаттары:
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ташкент қаласы Шыршық өзенінің бойындағы, Гүлстан тауларының етегіндегі шұраттағы (оазис) елді мекен ретінде пайда болған. Көне замандарда осы жерде «Бейтиəн», Қангөй конфедерациясының жазғы астанасы орналасқан.[4]
Шаш патшалығының б.з.д. 5-ші-3-ші ғасырларда соғылған басты қаласының қамалының пішіні төртбұрышты болған, ол Сырдария өзенінен 8 километр оңтүстікте орналасқан. Б.з. 7-ші ғасырында Шаш патшалығында шамамен 30 қала мен 50 шақты каналдың желісі болған, соның арқасында ол соғдылықтар мен түркілердің арасындағы сауда орталығына айналды. 8-ші ғасырдыцң ал��ашқы бөлігінде қала мұсылмандардың билігіне өтті.
Суанзаң қаланың атын «Че-ши» деген түрде жазып қалдырды. Қытайдың Суйшу, Бейшу және Таншу деген жылнамаларында 5-ші ғасырдан бері «Ши» немесе «Чеши» атты бір иеліктің болғаны туралы айтылған [Бичурин, 1950. II т.]
Самани әулетінің заманында қаланың аты «Бинкат» деген түрге енді. Алайда арабтар Бинкаттың айналасындағы аймақты «Шаш» деген ескі атауымен атай берді. Қаланың қазіргі «Ташкент» (Тас қала) деген түркі тіліндегі атауы Қарахандар әулетi билік жүргізген 10-шы ғасырдан бері белгілі.
Хорезмдіктер қаланы 1214 жылы тонады, Шыңғыс ханның әскерлері 1219 жылы оны қайтара тонады. Әмір Темір әулеті және одан кейінгі Шайбани әулетінің билігінің кезінде қала қайта жанданып, өркендей түсті.
1809 жылы қаланы Қоқан хандығы қосып алды. Ол кезде Ташкенттің халқы 100 000-ға жетіп, ол Орталық Азияның ең бай қаласы болып саналатын. Қала Ресеймен жасалған сауданың арқасында байи берді, бірақ Қоқанның салған салықтары оған ауыр болды. Оның үстіне Ташкенттің дінбасылары Қоқаннан гөрі Бұхараның дінбасыларына оң көзбен қарайтын. Бірақ Бұхараның әмірі бұл жайтты пайдаланып үлгірмеді — орыс әскерлері келіп қалды.
1865 жылдың мамыр айында генерал Михаил Черняев қалаға түнгі шабуылды бастады. Қаланың қабырғаларының ұзындығы 25 километр болып, 11 қақпасы, қорғаушыларының саны 30 000 болды. Бұл шабуыл патшаның бұйрығына қарама-қайшы жасалды, оның үстіне Черняевтың әскерлері қаланы қорғап жатқандардыкінен 15 есе аз болатын. Кішкене арнайы топ бір ��ерден шабуыл жасап жатқан кезде басты күш қаланың қамалы арқылы басып кірді, оларды бастаған қолында қресінен басқа түгі жоқ орыс православ священнигі бастап жүрді. Ресей әскері қаланы екі күндік кескілескен ұрыстан кейін қолға түсірді. Орыстың тек 25 жауынгері ғана, қала қорғаушыларынан бірнеше мың адам қаза тапты, солардың арасында — Қоқан хандығының билеушісі Әлімқұл да бар. Қаланың ақсақалдарынан «Ташкент арыстаны» деген лақап алған Черняев жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болудың шараларын жүзеге асыра бастады. Ол қала халқын бір жылға алым-салықтардан босатты, қаланы қарусыз аралап, көше мен базарларда жай халықпен тілдесті. Ол өзін «Ташкенттің әскери басқарушысы» етіп тағайындап, ІІ Александрға қаланы Ресейдің қол астындағы тәуелсіз хандық етуге кеңес берді.
Патша Черняев пен оның қарамағындағы адамдарға марапат пен сый-сияпаттарды үйіп-төкті, бірақ Черняевтың тұрақсыз мінезін еске алып, көп ұзамай оны генерал Константин фон Кауфманмен алмастырды. Ташкентке тәуелсіздік берілмек түгілі, ол жаңадан құрылған Ресей Түркістаны аймағының орталығына айналдырылып, фон Кауфман соның бірінші генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ташкенттің жанында орыс поселениесі құрылып, орыс қоныстанушылары мен саудагерлері ағыла бастады. Ресей мен Ұлыбританияның арасындағы «Үлкен ойын» атты Орталық Азияның үстінен билік үшін тайталастың кезінде Ташкент тыңшылықтың орталығына айналды. 1889 жылы Каспий темір жолы салынып, оны салған теміржол жұмысшылары Ташкентте қоныстанды. Бұл 1917 жылғы Қазан революциясына алғышарттар дайындады.
20-шы ғасырдағы тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде Шыңғысхан қазақ даласын жаулап алып, Орта Азияға шапқыншылық жасағанда, отырықшыларға айнала бастаған қазақтарды көшіріп ала кеткен: «Сонан соң бұлар бұрынғы Апа тауды қалдырып, Ташкент төңірегіндегі тауларды мекен қылса керек. Шағатай нәсілінің үлкен ханы Ташкентте тұрып. бұларды бір інілері билейді екен...» т. б. тарихи деректер береді.[5]
Ақпан төңкерісінен кейін жарияланған Ресей Уақытша Үкіметі Ташкентте өз билігін орнатуға тырысты. Бірақ ол көпке ұзамады, жергілікті мұсылман қарсылығы жойылды. 1918 жылғы сәуірде Ташкент Түркістан Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасының (Түркістан АКСР) орталығы болып жарияланды. Бұл жаңа үкімет ақтардың, басмашылардың және ішкі жауларының шабуылдарына ұшырады. Ташкент 1924 жылы жаңадан ұйымдастырылған Өзбек КСР-ның үлесіне тиді, ал 1930 жылы Самарқанның орнына Өзбекстанның астанасына айналды.
20-шы-30-шы жалдары қаланың өнеркәсібі қарқындап дами бастады, бірақ Ұлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан өнеркәсіп орындарының жаппай КСРО-ның шығыс аудандарына көшірілуінің арқасында ерекше қарқынмен дамыды. Сол арқылы қаланың орыс тілді тұрғындарының саны да қатты өсті, соғыс аймақтарынан шамамен 1 миллион адам көшірілді. Орыстардың саны Ташкент тұрғындарының жартысына жетті.
1966 жылғы сәуірдің 26-сында Ташкентте жойқын жер сілкіну болды (Рихтер кестесі бойынша 7.5 балл). 300 000-нан астам адам үйсіз қалды.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған кезде Ташкент Кеңес Одағындағы тұрғын саны жағынан 4-ші орында тұрған қала, білім беру, ғылым және техниканың ірі орталығы еді.
Ташкент сол кезде басқа кеңес қалаларынан айырмашылығы шамалы болды, өзінің 2000 жылдан астам тарихының немесе Ұлы Жібек Жолының бойындағы маңызды қала болғандығын айғақтайтын орындар аз еді. Қазір Ташкент Өзбекстанның ең көп ұлттар тұратын қаласы, орыс тұрғындарының саны әлі де елеулі. Ташкенттің көшелерін жағалай ағаш көп отырғызылған, қалада фонтандар мен саябақтар көптеп кездеседі.
1991 жылдан бері қаланың экономикасы, мәдениеті мен сырт көрінісі зор өзгерістерге ұшырады. Тарихтағы ең биік Ленин ескерткіші Өзбекстанның картадағы бейнесі сызылған глобус ескерткішімен алмастырылды. Кеңес заманында соғылған ғимараттармен бірге жаңа, осы заманғы ғимараттар пайда болды.
2007 жылы тарихи құндылығы бар мешіттер мен басқа діни ғимараттары көптеп кездесетіндіктен Ташкент Ислам дүниесінің мәдени астанасы болып жарияланды[6].
Қаланың көрнекті орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1917 жылғы төңкерістен кейінгі болған өзгерістердің нәтижесінде және әсіресе 1966 жылғы жер сілкінуден кейін Ташкент көптеген дәстүрлі сәулеттік мұраларынан айырылды. Алайда онда мұражайлар және кеңес дәуірінің ескерткіштері көптеп кездеседі.
Көкілдаш медресесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абдулла ханның билік құрған кезіне (1557-1598) жататын бұл мешітті қазіргі таңда Мауараннахр мұсылмандарының діни басқармасы қалпына келтіріп жатыр. Оны кейін мұражайға айналдыру туралы жоспарлар бар, бірақ қазір ол мешіт ретінде қолданылуда.
Чорсу базары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкілдаш медресесінің жанында орналасқан бұл базар Ташкенттің ескі қаласының орталығы. Қалаған нәрсеңнің бәрін осы базардан табуға болады.
Телашаях мешіті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құранның сақталып отырған ең ескі көшірмесі Осман құраны осы жерде сақталған. Өлтірілген халиф Османның қаны құйылған бұл 655 жылғы Құранды Самарқанға Ақсақ Темір алып келген, кейін оны орыстар әскери олжа ретінде алып, Санкт-Петербургқа әкеткен. Ол 1989 жылы Өзбекстанға қайтарылды.
Жүніс хан мазары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]19-шы ғасырда қалпына келтірілген бірқатар 15-ші ғасыр мазарлары. Солардың ең үлкені — Моғол империясының негізін қалаушысы Бабурдың үлкен атасы Жүніс ханның мазары.
Төле би мазары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Төле би Ташкентте жерленген. Оның мазары қазіргі кезде Қарлығаш би мазары деп аталады.
Шымыр ата мазары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сабыр Рақымов ауданы, Фараби көшесі бойында орналасқан мазар, аумағы 4 га. Мұнда Қазақтың Ұлы жүз, Дулат тайпасының бір атасы Шымыр руының негізін салушы абыз ата жерленген. Бұл мазар қазіргі кезде Қазақстан үкіметі мен зиялы қауымының демеушілігімен реставрацияланған.
Князь Романовтың сарайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Романовтар әулетінің бір мүшесі ұлы князь Николай Константинович (1850-1918) бір теріс әрекеттері үшін Ташкентке қуылған. Оның сарайы әлі күнге дейін қаланың ортасында тұр. Бір кезде ол мұражай болған, енді ғимарат сыртқы істер министрлігінің қарамағында.
Әлішер Науаи атындағы опера және балет театры
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл ғимарат — Мәскеудегі Ленин мавзолейінің авторы сәулетші Алексей Щусевтің жобасы бойынша 1940-1947 жылдары салынған. Оған дейін сол орында Воскресенск базары орналасқан болатын. 1947 жылдың қараша айында Әлішер Науаидың 500-жылдығы аталып жатқан кезде театр салтанатты түрде ашылып, оған ұлы ақынның аты берілді.
Тетардың көрермендер залының сыйымдылығы 1400 адам, сахнасының ауданы 540 шаршы метр. Көрермендер залының екі жағында үш қабатта орналасқан алты фойе сол кезде Өзбек КСР-інің құрамында болған алты облысқа бағышталған: Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Термез, Хиуа және Ферғана облыстарына. Театр ғимаратының залдарын әрлендіру үшін сәулетші әр облыстан шеберлерді шақырды. Осы театрды жасағандағы сіңірген еңбегі үшін Щусев 1948 жылғы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.
1940 жылы басталған құрылыс жұмыстары соғыстың басталуымен тоқтап, 1943 жылы жалғасты. Соғыстан кейінгі жылдары театр ғимаратының құрылысы негізінен сол кезде Ташкентте болған жапон соғыс тұтқындарының күшімен жүргізілді.
Өзбекстанның өнер мұражайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мұражайда Өзбекстанның көне заманғы өнерінің көптеген үлгілері сақталған, соның ішінде соғдылық қабырға өрнектері, буддалық мүсіндер және зороастризм өнерінің туындылары. 19-20-шы ғасырлардың өнер туындылары, мысалы сузани деп аталатын тігісті кілемшелері . Ұлы князь Романов Эрмитаждан өзінің Ташкенттегі сарайын әрлеу үшін «уақытша» алған, бірақ сол күйі қайтармай қойған суреттер де көрерменнің қызығушылығын тудыра алады. Мұражайдың артқы жағындағы кішкене саяжайда 1917 жылғы төңкерістің кезінде және 1919 жылғы Осипов бүлігінің кезінде қаза тапқан большевиктердің және Өзбекстанның алғашқы басшысы Юлдаш Ахунбабаевтың қабірлері бар.
Қолданбалы өнер мұражайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл музей патша заманындағы бір бай дипломат үшін салынған үйде орналасқан. 19-шы-20-шы ғасырдың қолданбалы өнер туындыларының жиынтығынан гөрі үйдің өзі көбірек назар тартады.
Тарихи мұражай
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ташкенттегі ең үлкен мұражай, бұрынғы Ленин мұражайында орналасқан.
Жалтыраған көк күмбезді, іші ерекше көркем әсемделген бұл бір зәулім ғимарат (оң жақтағы фотода бейнеленген). Ішінде көрерменнің назарын Әмір Темір мен Ислам Каримовтың көрмесі өзіне тартады. Мұражайдың сыртындағы бақта салт атты Ақсақ Темірдің ескерткіші орнатылған.
Науаи әдеби музейі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өзбек халқы өзінің көрнекті әдеби тұлғасы ретінде қастерлейтін Әлішер Науаидың атындағы бұл мұражайда көне қолжазбалар, парсы хұснихат үлгілері және 15-ші ғасыр миниатюралары сақталған.
Қала мекемелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ташкентте Орталық Азиядағы метро желісі орналасқан (Астана мен Алматының метро желісі әлі салынып жатыр).
- Ташкент әуежайы Өзбекстандағы ең үлкен әуежай болып табылады. Ол қаланы Азия, Еуропа және Америка құрлықтарымен байланыстырып тұр.
- Ташкенттегі ең үлкен алаң — Тәуелсіздік алаңы, бұрын онда бүкіл Кеңес одағындағы Лениннің ең биік (30 метр) ескерткіші тұрған. 1992 жылы Лениннің мүсіні Өзбекстанның картасы көрсетілген жер шарының бейнесімен алмастырылған.
- Бірнеше америкалық және еуропалық консалтинг фирмаларының ғимараттары.
- Орталық Азиядағы ең биік ғимарат, Ташкент телевизиялық мұнарасы.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала экономикасының басты саласы — машина жасау: «Ташкент трактор зауыты», «Ташсельмаш», «Узбексельмаш», «Таштекстильмаш», «Узбекхлопкомаш», «Ташкент экскаватор зауыты», "Ташкент электр машина жасау зауыты, Ташкент тепловоз жөндеу зауыты, Чкалов атындағы ұшақ жасау зауыты (ТАПОиЧ) және тағы басқалары.
Электронды техника жасап шығаратын зауыттар бар: резисторлар, интегралды схемалар және басқа бөлшектерді жасап шығаратын «Фотон», «Спутник», «Миконд» зауыттары, Ташкент радиоэлектронды аппаратура зауыты және Ташкент электронды есептеуіш машиналары зауыты «Алгоритм», автоматтандырылған басқару жүйелері мен байланыс құралдарын жасап шығарушы Ташкент электромеханикалық зауыты[7].
Сонымен бірге жеңіл (мақта-мата, тоқыма, аяқкиім және т.б. шығаратын), құрылыс, химия, мұнай-химия, химия-фармацевтика, тамақ өнеркәсіптері де дамыған.
Қала әуе, теміржол және аутокөліктері қатынасының ірі орталығы болып табылады.
Білім беру, мәдениет және ғылым салалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалада 21 университеттет және басқа жоғары оқу орындары бар:
- Ташкент мемлекеттік техникалық университеті
- «Келажак илми» Халықаралық бизнес мектебі [1] Мұрағатталған 6 қазанның 2017 жылы.
- Ташкент ақпарат технологиялары университеті
- Ташкенттегі Вестминстер халықаралық университеті
- Өзбекстан ұлттық университеті (бұрынғы ТашГУ)
- Дүниежүзілік экономика және дипломатия университеті
- Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті
- Ташкент мемлекеттік заң институты
- Ташкент қаржы институты
- Мемлекеттік шет тілдері университеті
- Консерватория
- Ташкент мемлекеттік дәрігерлік академиясы
- Шығыстану институты
- 11 театр
- 22 мұражай
Өзбекстан Ғылымдар Академиясы Ташкентте орналасқан.
Ташкентте көптеген ғылыми және конструкторлық мекемелер орналасқан: Өзбекстан ҒА физика-техника институты, Электроника институты, Ұлығбек кентінде орналасқан Ядролық физика институты[8] және тағы көптеген басқалары[9]..
БАҚ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Өзбек тілінде 9 газет, ағылшын тілінде 4 газет, орыс тілінде 9 жарияланым шығады.
- Бірнеше телевизиялық және кабельді телевизиялық ғимараттар, соның ішінде Ташкент телевизиялық мұнарасы.
Қала көлігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Автобус
- Трамвай
- Такси
- Метро
- Троллейбус
Бауырлас қалалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала туралы қызықты мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ташкент телевизиялық мұнарасы Орталық Азиядағыең биік ғимарат болып табылады. Биіктігі 375 метр, дүние жүзіндегі 9-шы орында;
- Ташкентте 19-шы ғасырдың екінші жартысына дейін құл базары болған. Мұрағатталған 29 ақпанның 2008 жылы. Онда адамдар еркін сауда-саттыққа салынып, малға, үй мүлігіне айырбас жасалып отырған;
- 19-шы ғасырдың соңында Ташкенттің төңірегіндегі өзендердің қамыс тоғайларында жолбарыстар тіршілік еткен[10];
- Сонау 1895 жылдың өзінде Ташкентте «Туркестанский кружок любителей археологии» («Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі») деген ұйым құрылған болатын. Оның өз алдына қойған мақсаты «Түркістан өлкесі шеңберінде ежелгі заман ескерткіштерін зерттеу, сипаттау және қорғау» болатын. Бұл ғылыми қоғам 20 жыл бойы (1916 жылға дейін) өлкенің тарихы бойынша дүркін-дүркін бюллетендер шығарып отырды[11].
- 1915 жылы Ташкентте Мұрағатталған 28 шілденің 2013 жылы. Орталық Азиядағы алғашқы қуатты ұшқынды қабылдау-тарату радиобекеті іске қосылды.[12];
- 1870 жылғы сәуірдің 28-інде Ташкентте «Туркестанские ведомости» («Түркістан ведомостары») газеті шыға бастады. Ол 1917 жылға дейін шықты;
- 1870 жылдың маусым айында кейін Өзбекстанның Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханасына айналған «Түркістан кітапханасы» ашылды.
- 1874 жылғы желтоқсан айында Ташкентте қалалық су желісі іске қосылды[13].
- Тұрғын саны жағынан Ташкент КСРО қалаларының ішінде 4-ші орында болса да, қаланың алып жатқан аумағы жағынан Мәскеуден кейінгі 2-ші орында болатын. Бұның себебі — қалада 1 қабатты үйлердің көптігі.
- 1997 жылы Ташкенттің жаңа хайуанханасы салынды. Оның ауданы 23 гектар, бұнда 415 түрге жататын 3000-нан астам жануарлар жиналған.
Спорт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атақшы велосипедші Джамолидин Абдужапаров және футболшы Вассилис Хаципанагис осы қалада туған. Теннисші Денис Истомин осы қалада туып, сонда тұрып жатыр.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Справка о городе на официальном сайте хокимията г. Ташкент. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 наурыз 2018.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 29 наурыз 2018. (орыс.)
- ↑ Сведения о населении города на официальном сайте хокимията г. Ташкент. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 қазан 2013.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 27 тамыз 2012. (орыс.)
- ↑ Почта Узбекистана. Город Ташкент. (орыс.)
- ↑ Pulleyblank, Edwin G. 1963. «The consonantal system of Old Chinese.» Asia Major 9 (1963), p. 94.
- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- ↑ http://mnweekly.ru/world/20070524/55252222.html
- ↑ КУЛЬЧИК Юрий Генрихович, РЕСПУБЛИКА УЗБЕКИСТАН В СЕРЕДИНЕ 90-х ГОДОВ на сайте IGPI.RU
- ↑ Учёные и конструкторы Узбекистана. О физиках ТашГУ Мұрағатталған 28 шілденің 2013 жылы.
- ↑ Учёные и конструкторы Узбекистана. Ветераны Ташкентского КБ Машиностроения Мұрағатталған 18 қарашаның 2007 жылы., О здании Ташкентского КБ Машиностроения(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ 1879 жылдың қаңтарында Бесағаш қақпасының маңында қаңғып жүрген жолбарыс Ташкенттің және көршілес қыстақтардың тұрғындарына көп қиындық туғызған. Қаланың сыртына шығып отын жинау мүлдем мүмкін болмай қалды. Зәңгіата ауылының тұрғындары жыртқыштың көзін құртпақ болып оны аңдып тұрғанда, жолбарыстың өзі оларға бас салып, бір адамды өлтіріп, екі адамды ауыр жарақаттады.
- ↑ СПРАВОЧНИК НАУЧНЫХ ОБЩЕСТВ РОССИИ. Туркестанский кружок любителей археологии
- ↑ Радиобекет орналасқан үйдің фотосуреті(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ НИВА, 1875, №9, стр.143. Разные известия. Городская хроника Мұрағатталған 9 маусымның 2007 жылы.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Tashkent |
- Ташкентпен танысыңыз Мұрағатталған 31 тамыздың 2018 жылы.
- Ташкент фотосуреттерінің жинағы Мұрағатталған 5 маусымның 2008 жылы. орысша
- Соңғы кездері Ташкентте түсірілген суреттер, ағылшын тіліндегі түсініктемелермен Мұрағатталған 10 қарашаның 2008 жылы.
- Ташкенттегі мүгедектер ақпаратының орталығы Мұрағатталған 12 қазанның 2006 жылы.
- «Мұстақыллық» орденімен марапатталған қалалар
- Ленин орденімен марапатталған қалалар
- Қызыл Ту орденімен марапатталған қалалар
- Алфавит бойынша елді мекендер
- Ташкент
- Жібек жолының бойындағы қалалар
- Ташкент облысы қалалары
- Азия елордалары
- Миллионер қалалар
- Киелі қалалар
- Өзбекстан көне қалалары
- Pages using the Kartographer extension