British Airways
British Airways | ||
---|---|---|
ИАТА BA | ИКАО BAW SHT XMS | Шақыру белгісі SPEEDBIRD SHUTTLE SANTA |
Құрылған жылы | 31 Наурыз 1974 (British Overseas Airways Corporation мен British European Airways тың қосылуынан кейін) | |
Хабтар |
| |
Альянс | Oneworld | |
Әуе паркінің саны | 229 (+52 тапсырыс) тәуелді компанияларды қоспағанда | |
Ұшу бағыттарының саны | 150 код бөлуші және тәуелді компанияларды қоспағанда | |
Компания ұраны | Upgrade to British Airways | |
Штаб-пәтері | Лондон, Англия, Біріккен Корольдік | |
Басшылары | Уилли Уалш (Willie Walsh), Ирландық Бизнесмен, Басты атқарушы директоры (CEO) | |
Сайты: www.britishairways.com |
) — Ұлыбританияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Британ Әуежолдары әуепаркі көлемі, халықаралық бағыттары және басқа да көрсеткіштер бойынша Британиядағы ең үлкен әуекомпания.Оның басты хабтары Лондон Хитроу мен Лондон Гатвик аэропорттары.
Британ Әуежолдары Групп 1974 қыркүйегінде сол кездегі Лейбористер Үкіметімен ұлттандырылған. Ол Лондондық екі ірі әуе компаниялары British Overseas Airways Corporation мен British European Airways, және екі кішірек әуекомпания Cambrian Airways пен Northeast Airlines тың қосылуы арқасында құрылған. Барлық төрт компания 1974 жылдың 31 наурызында Британ Әуежолдарын құру үшін таратылған. Кейін он үш жылдан кейін 1987 жылдың ақпанында компания қайта жекешелендірілген. Тасымалдаушы кейіннен British Caledonian 1988 мен Гатвикте негізделген Dan-Air 1992 компанияларын да өзіне қосып алған.
Негізі Боингтің клиенті болуына қарамастан, Британ Әужолдары 1998 жылдың қарашы айында 89 Airbus A320 ұшағына ірі тапсырыс жасады. 2007 жылы тасымалдаушы өзінің келесі үлкен тапсырысын жасады. Ұзақ қашықтықтарға ұшатын ұшақтарды айырбастау Airbus A380 мен Boeing 787 ұшақтары арқылы жасалмақ. Барлығы 2008 жылы әуекомпания 35.7 миллион жолаушы тасымалдады.[1]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1924 жылдың 31 наурызында Британияның төрт алғашқы әуе компаниясы Handley Page Transport, British Marine Air Navigation Co Ltd, Daimler Airway және Instone Air Line Ltd компаниясына қосылып Imperial Airways Limited компаниясын құрады. Құрылған жаңа құрылым Британ Империясы бойынша Үндістан, Африканың кейбір бөліктері мен кейін Австралияның Канберрасына рейстер аtшты.[2]
Сонымен қатар Британияда кішігірім бірталай әуе компаниялары пайда бола бастап, 1935 жылға қарай олар алғашында жекеменшік Британ Әуежолдары ЖШС құрды.[3] Алайда Империал Әуе Жолдары мен Британ Әуежолдары 1939 қарашасында ұлттандырып Британдық Шетел Әуе Жолдары Корпорациясын құрды (БШӘК). (British Overseas Airways Corporation).[3]
Жекешелендіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сэр Джон Кинг Chairman 1981 жылы әуекомпанияны жекешелендіруге дайындауға төраға етіп тағайындалды.[3] Кинг 1983 жылы Колин Маршалды компания президенті ретінде тағайындады. Сэр Джон Кинг үлкен шығынға батқан ұйымды әлемдегі ең түсімді әуе тасымалдаушылардың қатарына қосты. Әуекомпания паркі мен ұшатын аймақтары қайта қарастырылып, брэнд және жарнамалау эксперттері компанияның имиджін жасарту үшін жалданды.[3] Сол 1980 жылдардың басында 23,000 астам жұмыс жойылды. Соған қарамастан Сэр Джон Кинг жұмысшылардың моралін жоғарыда қалыпта сақтап қалып, компанияны жұмысын жаңартып, заманауи деңгейге жеткізді.[4] Алайда, жұмыстан шығарылғандарға компенсацияна аямай төлегеніне байланысты, компания £545 фунттық шығынға батты. Яғни, салық төлеуші азаматтардың ақшасы болашақ жекелеуші компанияның игілігіне жұмсалды. Ұлттық тасымалдаушы 1987 жылы жекешелендіріп, оның акциялары Лондонның биржасына жіберілді.[3]
Басқа өзгерістер мен тәуелді компаниялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1990 жылдары БӘ "Әлемнің Сүйікті Әуежолы" слоганымен, әлемдегі ең кірісі мол компаниялардың біріне айналды. 1992 жылы ол Гармендық кішкентай Delta Air Transport әуе тасымалдаушысын сатып алып, оның атын Deutsche British Airways қылып ауыстырды. Оны 2003 жылдың маусымында сатқан кезде, оның 16 Boeing 737сі эәне 800 жұмыскері болған.[5]
Лорд Кинг жылы төрегеліктен 1993 жылы төрегелігінен кетті. Оның орнын сол кездегі президент болған Колин Маршал келіп, президент пен төраға орындарын алып отырды. Маршалдың орнына президенттіктің орнына көп өтпей Роберт Эйлинг келді. 1999 жылы Род Еддингтон президентікке келсе, 2005 жылы Уилли Уалш оның орнына келіп қазірге дейін компанияны басқарып келеді.
1995 лылы компания өзінің Азиядағағы British Asia Airways бөлімшесін ашты. Бөлімше Пекинде емес, саяси қарама-қайшылықтарына байланысты Қытайдың Тайпей қаласында орныққан.[6] British Asia Airways Қытайда өзінің аты мен белгісін де өзгертуге тура келді. Компания ұшақтаныдағы өз туынан құралған логоның орнына қытайдың 英亞 символын қоюға мәжбүр болды.[7]
Қаржылық жағдайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жыл соңына қарай | Тасымалданған жолаушылар[8] | Айналымы (£m) | Салық төлеуге дейінгі кіріс/шығын (миллион фунт) | Таза пайда/шығын (миллион фунт) | Адам басына шаққандағы кіріс |
---|---|---|---|---|---|
31 Наурыз 2009 | 33,117,000 | 8,992 | (401) | (358) | (32.6) |
31 Наурыз 2008 | 33,161,000 | 8,753 | 883 | 696 | 59.0 |
31 Наурыз 2007 | 33,068,000 | 8,492 | 611 | 438 | 25.5 |
31 Наурыз 2006 (Қайта қаралған)* | 32,432,000 | 8,213 | 616 | 464 | 40.4 |
31 Наурыз 2006 | 35,634,000 | 8,515 | 620 | 467 | 40.4 |
31 Наурыз 2005 | 35,717,000 | 7,772 | 513 | 392 | 35.2 |
31 Наурыз 2004 | 36,103,000 | 7,560 | 230 | 130 | 12.1 |
31 Наурыз 2003 | 38,019,000 | 7,688 | 135 | 72 | 6.7 |
31 Наурыз 2002 | 40,004,000 | 8,340 | (200) | (142) | (13.2) |
31 Наурыз 2001 | 36,221,000 | 9,278 | 150 | 114 | 10.5 |
31 Наурыз 2000 | 36,346,000 | 8,940 | 5 | (21) | (2.0) |
31 Наурыз 1999 | 37,090,000 | 8,915 | 225 | 206 | 19.5 |
31 Наурыз 1998 | 34,377,000 | 8,642 | 580 | 460 | 44.7 |
31 Наурыз 1997 | 33,440,000 | 8,359 | 640 | 553 | 55.7 |
31 Наурыз 1996 | 32,272,000 | 7,760 | 585 | 473 | 49.4 |
* Аймақтық BA Connect фирмасы үшін қайта қаралған.
Әуе Паркі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұшақ атауы | Қызметте | Тапсырыс | Сатып алу опциясы | Жолаушылар (First/Club World/World Traveller Plus/World Traveller) |
Қашықтығы | Қосымша |
---|---|---|---|---|---|---|
Airbus A318 | 0 | 2 | 16 | 32 (0/32/0/0) | Арнайы қызмет LCY-JFK |
Қызметке кіру мерзімі: Қыркүйек 2009 |
Airbus A319 | 33 | 0 | 132 (0/0/0/132) 126 (0/0/12/114) 114 (0/0/36/78) |
Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған | ||
Airbus A320-200 | 37 | 8 | 155 (0/0/0/155) 156 (0/0/0/156) 150 (0/0/12/138) 130 (0/0/52/78) |
Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған | ||
Airbus A321-200 | 11 | 0 | 188 (0/0/0/188) 184 (0/0/12/172) 153 (0/0/67/86) |
Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған | ||
Airbus A380-800 | 0 | 12 | 7 | Әлі белгісіз | Ұзақ қашықтыққа арналаған | Қызметке кіру мерзімі: 2012 BA deferred 6 A380s by an average of 5 months, the other 6 until 2016 |
Boeing 737-400 | 19 | 0 | 0 | 147 (0/0/0/147) 142 (0/0/10/132) 117 (0/0/50/67) |
Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған | Қызметмен шығу мерзімі: 2016 |
Boeing 737-500 | 2 | 0 | 0 | 110 (0/0/0/110) | Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған | Қызметмен шығу мерзімі: 2009 |
Boeing 747-400 | 55 | 0 | 0 | 291 (14/70/30/177) 299 (14/70/30/185) 337 (14/52/36/235) |
Ұзақ қашықтықтарға арналған | 2 a/c Stored at CWL since Nov 08 Қосымша 8 ұшақ 09 жылда сақтауға қойылады. |
Boeing 757-200 | 7 | 0 | 0 | 186 (0/0/0/186) 179 (0/0/14/165) 158 (0/0/56/102) |
Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған | Қызметмен шығу мерзімі: 2009/10 (каргоға айналдырады) |
Boeing 767-300ER | 21 | 0 | 0 | 189 (0/24/24/141) 252 (0/0/0/252) 249 (0/0/18/231) 228 (0/0/134/94) |
Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған | |
Boeing 777-200 | 3 | 0 | 0 | 229 (17/48/24/127) | Орта- Ұзын қашықтықтарға арналған |
|
Boeing 777-200ER | 41 | 0 | 0 | 226 (14/48/40/124) 220 (13/48/32/127) 272 (0/36/24/212) 280 (0/40/24/216) 275 (0/48/24/203) |
Ұзын қашықтықтарға арналған | |
Boeing 777-300ER | 0 | 6 | 4 | TBA | Ұзын қашықтықтарға арналған | Қызметке кіру мерзімі: 2010 |
Boeing 787-8 | 0 | 8 | 18 | 183 (0/42/51/90) | Ұзын қашықтықтарға арналған | Қызметке кіру мерзімі: 2012 |
Boeing 787-9 | 0 | 16 | Әлі белгісіз | Ұзын қашықтықтарға арналған | Қызметке кіру мерзімі: 2014 | |
Барлығы | 229 | 52 | 45 |
Код бөлісу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оneworld альянс мүшелерінен басқа, Британ Әуе Жолдары келесі тасымалдаушылармен де код бөліседі:[9]
- Aer Lingus
- BMI
- Brussels Airlines
- Flybe
- Loganair
Бөлімшелері мен франшизалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бөлімшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- BA CityFlyer
- OpenSkies
Британ Әуе Жолдары Airways Aero Associations Limitedтің толық иегері. Ашық Аспандарды бағдарламасы құрылғаннан кейін Британ Әуе Жолдары OpenSkies атты жаңа әуекомпания құрды. Әуекомпания өз жұмысын 2008 жылдың маусым айында бастады. Ол Париж бен Амстердамнан Нью-Йоркқа рейстер жасай бастады.
Бұрынғы BEA тігұшақтары 1974 жылы Британ Әуежолдары Тікұшақтарына айналды.
Франшизалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Comair, Оңтүстік Африка, 1996 жылдан бері франшизаны ұстаушы.
- Sun Air, Дания, 1996 жылдың тамызынан бері франшизаны ұстаушы.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми Сайты
- Ұшу картасы
- Британ Әуе Жолдары Архиві мен Музей жиынтығы Мұрағатталған 3 тамыздың 2009 жылы.
- Британ Әуежолдарындағы үйрету
Түсініктемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Traffic Statistics. Тексерілді 24 ақпанның 2008.
- ↑ Directory: World Airlines, Flight International (Наурыздың 27 2007), бет 89.
- ↑ a b c d e British Airways PLC -- Company History. International Directory of Company Histories (1996). Тексерілді, 13 маусым 2009.
- ↑ Randall, Jeff Farewell to a king of British business. BBC News (12 шілде 2005). Тексерілді, 13 маусым 2009.
- ↑ Harrison, Michael. BA pays £49m to offload loss making Deutsche BA(қолжетпейтін сілтеме)." The Independent. Tuesday 3 маусым 2003. Retrieved on 25 мамыр 2009.
- ↑ Something to declare: A likely story. The Independent. Тексерілді, 13 маусым 2009.
- ↑ Photo Мұрағатталған 25 наурыздың 2009 жылы.
- ↑ BA Shares Мұрағатталған 18 қарашаның 2007 жылы. British Airways shareholder 'Reports & Accounts' Archive
- ↑ http://www.britishairways.com/travel/baalliance/public/en_gb