Сунь Ятсен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сунь Ятсен
қыт. 孫逸仙
Сунь Ятсен
Қытай саясаткері
Лауазымы
Ту
Ту
Қытай Республикасының
уақытша президенті
1 қаңтар — 1 қаңтар 1912 жыл
Ізашары лауазым ұйымдастырылған
Ізбасары Юань Шикай
Өмірбаяны
Партиясы Гоминьдан
Білімі Қытайлықтарға арналған Гонконг медициналық колледжі
Діні протестант-конгрегационалист
Дүниеге келуі 12 қараша 1866 (1866-11-12)
Цуйхэн, Сяншань уезді (қазіргі Чжуншань, Гуандун провинциясы)
Қайтыс болуы 12 наурыз 1925 (1925-03-12) (58 жас)
Бейжің, Қытай Республикасы
Жерленді Сунь Ятсен мазары, Нанкин
Жұбайы Лю Мучжэнь (1885—1915)
Каору Отсуки (1903—1906)
Сун Цинлин (1915—1925)
Чен Цуйфен
Балалары Сунь Фо
Сунь Янь
Сунь Ван
Фумико Миягава
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Сунь Ятсен (қыт. 孫逸仙, 12 қараша, 1866 жыл - 12 наурыз, 1925 жыл) – қытайлық революционер, Гоминьдан (KMT) партиясының негізін қалаушы, құрметті қоғам қайраткері. 1940 жылы Сунь Ятсен «ұлт әкесі» титулын алды.

1866 жылы 12 қарашада Сяньшань уездінің Цуйхэн ауылында дүниеге келді. Оның басқа да Сунь Вэнь немесе Сунь Чжуньшань, яғни «Орталық тау» дегенді білдіретін есімі болған. Ең бірінші жергілікті мектепте оқиды, бірақ кейіннен Гавайя аралына оқуға кетеді. Гонолулу мидициналық колледжінде білім алады. 1883 жылда Қытайға қайта оралады. 1892 Гонконг дәрiгерлiк институтын бiтiрдi. 1894 жылы маньчжурияға қарсы «Қытай қайта туу одағын» төңкерiс ұйымының негiзін салды. Көтерiлiстер өткізудің сәтсiз талпыныстарынан кейiн Ятсен Еуропаға ,шетелге эмиграцияланып, төңкерiс күресіне ақша жинай отырып, АҚШ, Канада және Жапония елдерінде саяхаттады. 1905 жылы Токиода «Тунмэнхой» қытай революциялық ұйымды құрады. 1911 жылы қазанда өткен көтеріліс жеңісінен кейін ол Қытайға оралып, президент тағына таңдалады. Бірақ кейіннен император әскерінің қолбасшысы Юань Шикайға президент лауазымын беруге мәжбүр болды. 1912 жылы Гоминьдан партиясының негізі қаланады. 1913 жылы екінші революцияны бастап, бірақ, өкінішке орай, жеңіліске ұшырайды. Сондықтан исен Жапония қашуға мәжбүр болады.

1922 жылы Сунь Ятсен мен Чэнь Цзюнмин арасында қақтығыс болады. 1923 жылы Ятсен Кантон үкіметін құрады. Қытайды біріктіру мен жапондықтарға тойтарыс беру үшін , коммунистермен ынтымақтастыққа келеді. 1925 жылы Пекинда бауыр қатерлі дертінен қайтыс болып, Нанкинде жерленеді.

«Төртінші мамыр қозғалысы»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Төртінші мамыр қозғалысы» деген атпен танымал болған Пекиннен басталған студенттер толқулары ерекше күшке айналды. Париждегі бейбіт конференциясында Шандун түбегіндегі бұрынғы герман ықпал аймағын Жапонияға беру туралы шешіміне наразылық ретінде туындаған болатын. Қытайда көпшілік Антанта соғысты жеңімпаз болып аяқтады, Қытай герман коалициясында солармен одақтас болғандықтан Шандун провинциясындағы Германияның ықпал ету аймағы Қытайға қайтарылады деп үміттенген еді. Дегенмен Парижде бейбіт конференцияда қатысушылар Шандун Жапония бақылауында болу керек деп шешті.

1919 ж 4 мамырында басталған толқу 2 апта ішінде бастапқыда Пекин студенттері одан кейін халықтың басқа топтары»Отанға қауіп төніп тұр»,»21 талап жойылсын», «Мемлекеттің егемендігін сақтап қаламыз» жәнен т.б. ұрандар көтеріп, белсенді түрде наразылық көрсете бастады. Нәтижесінде Үкімет Версаль бейбіт келісіміне қол қоюдан бастартып, отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Сунь Ятсен осы кезде Шанхайда еді, бұл қозғалысты қолдағанымен оның өзі және әріптестері қозғалысты дайындаумен өткізуге қатынасқан жоқ. Бұдан бұрын Парижге жіберілетін делегаттар құрамы туралы мәселе қарағанда да,Ол Қытайдың барлық халқының мүддесін қорғаушы емеспін оның құрамына кіруден бастартады.Олбүкіл елдің саяси,экономикалық бірлігін қалпына келтіруге шақырады,тіпті қарулы жолды да ұсынды. Солтүстік пен Оңтүстік саяси біріктіру үшін ресей большевиктерінің тәжірбиесіне ден қоя бастады.

1919 ж қазанда революцияға дайындалу үшін Гоминьдан қалпына келтіріледі. Дегенменде жеңіске жету үшін Сунь Ятсен оңтүстік дуцзуннің қарулы құрлымдарына арқа сүйеу керек деп есептеді. Ал, олар болса өз мақсатына жету үшін қайтадан Гоминьданның беделін пайдалануға қарсы болмады. 1920 ж аяғында Сунь Ятсен Оңтүстік Қытайға қайта оралып, призиденттік қызтетке сайланып, солтүстікке қарсы жорыққа дайындалып жатқан шақта жергілікті билеушілер оны орнына түсіріп тастаған соң Шанхайға қайтты.

Сунь Ятсен маңызды мәселелерді шешудегі жігерсіздігі мен әлсіздігіне көзі жеткен радикалды қайраткерлер дағдарыстан шығу жолы марксизм ілімі мен коммунистік партия құру деп білді.1920-1921 ж І жартысында Қытайда шағын үйірмелер құрылып 56 дан 60 дейін мүшелер болды.Елдегі Марксизмнің басты насихатшылары профессор Чэнь Дусю мен Ли Дачнао болды.

1921 ж жазында Коминтерн бастамасымен Шанхайда Қытай коммунистік партиясының Құрылтай сьезі өтті. 7 маркистік үйірмеден 12 адам қатысады. Жартылай астыртын жағдайда жүргізілді. Сьезд әртүрлі саяси қозғалыстар (Гоминдан да) ынтымақтаспауға, кәсіподақ ұйымдастыру, пролитариаттық саяси сауатын ашу, реакцияға қарсы толқуларға қатысу және т.б міндеттер қойды. Тек 1922 ж Екінші сьезде Комитерннің қысымы мен КПК Гоминданмен бірге біріңғай ұлттық демокра��иялық майдан құру туралы шешім қабылдайды. Себебі Москвада Сунь Ятсенді болашағы мол одақтас ретінде көзқарас қалыптасқан болатын.

1923 ж ақпанда Сунь Ятсен қайтадан Оңтүстікке оралып үкіметті басқарып, өзінің партиясын КПК бірлесе қимылдауға бағыттаған қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Бірақта Гоминданның оңтүстік қанаты оны қатты сынға алады, олар сыртқы күшке сенген болатын. КПК оңтүстік аудандарда жұмыс істейтін болды. 1923 ж көктемде ЦК КПК Гуанчжоуға көшірілді. 1923 ж қазанда Сунь Ятсеннің өтініші бойынша КСРО саяси көмекшісі ретінде оңтүстік үкімет қарамағына сол кездегі белгілі большивиктер қайраткері М.М Бородин, Павлов П.А., Блюхер К.А және болашақ революциялық армияның кадрларын дайындайтын әскери мамандар тобы келеді.

Сунь Ятсеннің «үш халықтық принципі»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1924 ж басында Гуаньчжоуда Гоминданның І-сьезі өтіп онда КПК мен бір майдан құру туралы шешім қабылданды. Сьез шешімінде Сунь Ятсеннің «үш халықтық принципіне» жаңа трактовка берілді. «Ұлтшылдық» дегеніміз енді Қытайдағы шетелдік қанаудың жойылуы және барлық ұлттар теңдігі «Демократизм» халыққа кең құқық пен теңдік қамтамасыз ететін мемлекеттік құрлыс құру, «халық игілігі» шаруаларға жер бөліп беру, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және т.б. деп түсіндірілді. Бастапқыда «Ұлтшылдық» Қытайдың бірінші міндеті Цин әулетін құлату және Қытай (Хань) үкіметіне оралу. 2- «Демократизм» монархия құлаған соң буржуазиялық-демократиялық республика орнату. 3- «Халық игілігі» жерге деген құқықты теңестіру және оны национализациялау (1905ж). Жаңа трактовкада «Үш халықтық принцип» Гоминданның саяси бағдарламасын құрады. Сунь Ятсен дүниежүзілік саяси ойларға өз үлесін қосады.Ол 3 халықтық принцип пен 5 билік конституциясын ұсынады. Үш халықтық принцип ұлтшылдық, халық билігі және халық игілігі жүзінде негізделді. Ал бес билік конституциясының идеясы- мінсіз демократиялық мемлекет осы 5 негізгі билік түрімен жүзеге асады: заң, қылмыс, атқарушы, таңдаулы және бақылау. Сунь Ятсеннің негізгі ұраны- «жер шаруаларға берілсін». Сунь Ятсенді тек ұлы ойшыл ғана емес, ұлы қоғам қайраткері ретінде саналады. Оны «Нақты саясат Конфуцииі» деп те атайды. Осы кезде Қытай қоғамында радикалды көзқарастартар күшейе түсті. Олардың негізгі мақсаты айтып кеткендей, Қытайды тәуелсіз Ұлы державаға айналдыру, ішки не сыртқы болсын, шетел державаларынан тәуелді болмау болды.Бұған объективті түрде қызығушылық танытқан қытай ұлттық буржуазиясы болды. Олар мемлекеттің дамуына кедергі болып отырған шетелдіктердің қысымы екенін көрді.