Қазақстан — Уругвай қатынастары
Қазақстан — Уругвай қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Уругвай Республикасы арасындағы қатынастар.
Дипломатия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]30 шілде 1993 жылы Қазақстан мен Уругвай дипломатиялық қатынастар орнатты.
Визалық саясат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уругвай азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
Қазақстан азаматтарына Уругвайға кіру үшін виза қажет.
Байланыстар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2022 жылғы 18 наурыз – Уругвайға жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Уругвай Парламентінің Cенаторы Маркос Метол Састренің шақыруымен Уругвай Парламентіне барды.[1]
2023 жылғы 10 наурыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтың Уругвай Шығыс Республикасы Сенаторлар палатасының Сенаторы Маркос Метолмен онлайн кездесуі өтті.[1]
2023 жылғы 13 шілде – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Уругвай Елшісі Гильермо Валлес мырзамен кездесті.[1]
2023 жылғы 27 шілде – Қазақстан мен Уругвай арасындағы дипломатиялық қатынастарының орнатылғанына 30 жыл толуына орай Уругвайдың Бразилиядағы Елшілігінде екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің салтанатты құттықтау ноталарымен алмасу рәсімі және қабылдау өтті.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b c d Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі (қаз.). Тексерілді, 21 қыркүйек 2023.