Мазмұнға өту

Қазақстан — Норвегия қатынастары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстан — Норвегия қатынастарыҚазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар

Дипломатия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1992 жылғы 2 қаңтарда Норвегия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылғы 5 маусымда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2019 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов  Қадырбекұлы.

2020 жылғы қазан айынан бастап Норвегияның Ослодағы резиденциясымен Қазақстандағы (және Орталық Азия елдеріндегі) Елшісі Джон Микал Квистад болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1992 жылы 2 қаңтарында Норвегия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы 5 маусымында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2004 жылы 21 маусымында Ослода ҚР дипломатиялық миссиясы құрылды. 2012 жылы наурыз айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР дипломатиялық миссиясы Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігіне өзгертілді. 2019 жылы cәуірде Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі болып Еркін Ахинжанов тағайындалды. 2020 жылғы қазан айынан бастап Норвегияның Қазақстандағы Елшісі Джон Микал Квистад болып табылады (кеңсесі Ослода).

Қазақстанда сапармен НК Премьер-Министрі К.Бондевик (2004 ж.) және Мұрагер ханзадасы Хаакон Магнус (2010 ж.) болды. 2018 жылы қазанда Брюссельдегі АСЕМ Саммиті аясында Президент Н.Назарбаевтың Норвегияның Премьер-министрі Эрна Сульбергпен сұхбаты өтті.

2019 жылы 25 қыркүйекте БҰҰ БА аясында Қазақстан мен Норвегияның сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді мен Ине Эриксен Сөрейденің кездесуі болды. Ал, 2021 жылы 2 желтоқсанда Стокгольмда өткен ЕҚЫҰ СІМК шеңберінде қазақстандық Министр осы жылдың қазанында тағайындалған НК-нің СІМ басшысы Анникен Хютфельдтпен кездесті.      

Норвегия (2006 жылы американдық «Ядролық қауіпті азайту бойынша бастама» атты Қоры (Nuclear Threat Initiative – NTI) бастамашылық еткен) Төмен байытылған уранның халықаралық банкін (ТБУХБ) Қазақстанда құру Жобасының донорларының бірі болды. АҚШ (49 млн. АҚШ долл.), ЕО (25 млн. АҚШ долл.), Кувейт (10 млн. АҚШ долл.), БАӘ (10 млн. АҚШ долл.), Норвегия (5 млн. АҚШ долл.) және Қазақстан (400 мың АҚШ долл. және заттай жарналар түрінде) Жобаның донорлары болып табылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанның ресми статистикалық органдарының мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың бойынша ҚР мен Норвегия арасындағы өзара сауда көлемі 85 млн. АҚШ долларын құрады. Бұның ішінде экспорт – 6,6 млн. АҚШ доллары, ҚР-ға импорт – 78,4 млн. АҚШ доллары (сауда айналымы 2020 жылы – 88,8 млн. АҚШ доллары, экспорт – 4,1 млн. АҚШ доллары, ҚР-ға импорт – 84,7 млн АҚШ доллары) болған.

2005-2020 жжылы Норвегиядан тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) ағылып келуі 1,67 млрд. АҚШ долларын құрады.[1]

Қазақстанда норвегиялық капиталының қатысуымен 17 кәсіпорын қызмет жасауда («North Caspian Engineering», «DNV GL Kazakhstan» мұнай сервисі компаниялары және т.б.). Олардың 7 бірлескен, 10 шетелдіктердің қатысуымен, 6 орта, ал 11 шағын кәсіпорын болып табылады.

2015 жылдан бастап Норвегия-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының кеңесі қызмет атқаруда. Оның басшысы – «Nord Development» компаниясының Бас директоры Александр Хроль. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, шағын және орта бизнесті бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін тартуға бағытталған Құрметті консул институты құрылған.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000-2006 жжылы ЮНЕСКО Норвегияның мәдени мұра департаментімен бірлесіп, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Алматы облысындағы Таңбалы петроглифтерін басқару, сақтау және таныстыру жобасын жүзеге асырды.

2019 жылдың 1 желтоқсанында Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз сахнасында «Ұлы Дала» заманауи этно-фольклорлық тобының концерті қойылды.

2019 жылдың желтоқсан айында Осло және Ставангер қалаларында Қазақ киносының күндері өтті.

2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың қаңтар айларында Холменколен шаңғы мұражайында «Қазақстан - Норвегия: спорт дипломатиясы» көрмесі өтті, оның ашылуына танымал спортшылар Владимир Смирнов, Вегард Улванг және Стен Стенсен қатысты.

«Ready Bandy» (Осло) клубында өнер көрсететін қазақстандық Ескендір Нұғманов Норвегияда 2020 жылдың үздік бенди ойыншысы болып танылды.

2020 жылы Қазақстанның Ослодағы Елшілігі 1941-45 жылдары Норвегияда жерленген кеңестік қазақстандық жауынгерлерінің тізімін жариялай бастады. Сол жылдың желтоқсан айында 1944 жылғы Петсамо-Киркенес операциясында қаза тапқан 65 қазақстандық жауынгерлерінің тізімі Киркенес қаласының әкіміне тапсырылды.

2020-2021 жжылы Абайдың Қара сөздері мен таңдаулы поэзиясы («Abais dikt og visdomsord») норвег тіліне аударылып шығарылды. Кітап Норвегиядағы барлық кітап дүкендерінде және негізгі онлайн платформаларда, соның ішінде аудио форматта қол жетімді.

2021 жылдың қыркүйегінде Осло Раушангүл сарайында (Roseslottet) қазақ мәдениеті күні өтті.

2021 жылы режиссер Ернар Нұрғалиевтің "Жаным, сенбейсің!" Ослода өткен «Ravenheart International Film Festival» халықаралық жанрлық фильмдер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Норвегияда әнші әрі музыкант Димаш Құдайбергеннің фан-клубы бар. Балет әртісі Ерік Мұрзағалиев Осло операсының солисті болып өнер көрсетуде. Ал қазақ ди-джей Иманбек норвегиялық жастар арасында өте танымал, ол 2021 жылы норвегиялық музыкант Алан Уокермен бірге «Sweet Dreams» әнін шығарды. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ҚР Ұлттық Банкі
  2. ҚР СІМ Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар  (қаз.). Тексерілді, 15 қыркүйек 2023.