Никосия
Қала | |
Никосия | |
гр. Λευκωσία түр. Lefkoşa | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
Кипр/Солтүстік Кипр Түрік Республикасы |
Статусы |
Астана |
Басшысы |
Мехмет Харманчи (СКТР) / Константинос Йиоркаджис (КР) |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
35°10′ с. е. 33°22′ ш. б. / 35.167° с. е. 33.367° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 35°10′ с. е. 33°22′ ш. б. / 35.167° с. е. 33.367° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
Б.з.б. VII ғасыр |
Жер аумағы |
111 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼ 276 410 адам (2012) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
22 |
Пошта индексі |
1010–1107 |
nicosia.org.cy | |
Никосия шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Никосия |
Никосия немесе Лефкосия (гр. Λευκωσία; түр. Lefkoşa) — Кипр Республикасының астанасы және Солтүстік кипрдегі Түрік Республикасының кейбіріне танымал. Кипр аралының орталық бөлігіне орналасқан. 166 мың тұрғыны бар. (1991) Халықаралық әуежай 1974 жылдан бері жабық және мұнда БҰҰ-ның бітімгерлік тобының штабы орналасқан.
2004 жылдың соңындағы мәліметтері бойынша Жасыл сызықтан (қаланың грек бөлігі)оңтүстікке қарай орналасқан 270 мың тұрғынды құраса, солтүстікке қарай (түрік жағына қарай) 84 893 тұрғыны бар.
Никосия - саудалық және өндірістік орталық. Қалада - 2 заманауи сауда кешені, дүкендер, мейманханалар, ойын-сауық кешендері бар. Қалада тоқыма, тері өңдеу, қыш жасау өндірістері, пластмасса және басқа да өнімдер өндірісі қалыптасқан. Маңайында мыс шахталары , сонымен қатар, Никосииде - Кипр Университеті мен тағы 4 өзге Университеттер бар.
Географиясы мен климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Никосия Кипр орталығындағы Месаории кең жазағанда Троодос пен Кирения таулы қырқаларының арасында орналасқан. Никосия Акаки өзеніне жақын жатыр.
Никосия климаты - Жерортатеңіздік климат. Қысының жылылығы мен Жазының құрғақ ыстығы қаланың аграрлы жоспарында дамуына жол бере алмайды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Б.з.д. VII ғасырда негізі қаланып (Ледрадеп аталды, кейін Левкотеон; заманауи атауы б.з. XIII ғас.). Әулие София готикалық соборы (XIII—XIV ғасырлар), Құдайана және августиндіктер шіркеулері(екеуәі де 1330), нарық ансамблі (готикалық базилика, 14-16 ғасырларда кеңейтілген.), "Фамагусты қақпасы" (16 ғ) Әулие Иоанна соборы (1665 жылы қайта салынды, жазбаша цикл бойынша 1730 ж. шамасында), архиэпископ сарайы (1950-59).
1974 жылы Түрік әскерінің басып кіруінен жіне кейін Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасының ресми түрде жариялануынан қала түрік және гректер бөлігіне бөлінді. Олардың арасындағы БҰҰ әскерлерінің қорғауымен қаланың тура тарихи ортасынан және негізгі Ледра сауда көщесі арқылы өтеді. Никосиидің Солтүстік (��үрік) бөлігі өзін-өзі жариялаған ТРСК астанасы болып табылады және Лефкоша деп аталады.
2008 жылдың 3 сәуірінде қаланы екіге бөліп тұратын дуалды бөлшектеу бойынша жұмыстары басталды.[1].
Жергілікті танымал тұлғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Иоаннис Созоменос — Никосиидің 40мың қорғаушылар жасағын түріктер қоршауында қалған уаықытта басқарған XVI ғасырдағы грек әскері және хронограф,
- Марчелло Капра — итальян дәрігері, Ленапто маңындағы шайқасқа қатынасушы
- Новомученик Филумен (Хасапис).
- Иоаннис Карадзас (1767—1798) - грек революционері Ригаса Фереостің үзеңгілесі. 1798 жылы Ригаспен және тағы 4 жолдасымен Белградта түріктердің қинауын басынан өткерген.
- Архиепископ Киприан Кипрский (гр. 'Αρχιεπίσκοπος Κύπρου Κυπριανός', 1756—1821), Кипр православ шіркеуінің архиепископы, 1821 жылы Грек революциясының басталуы кезінде қиналған өлімді бастан өткерді.
- Михалис Хадзиянис — танымал грек музыканты.
- Христофор Писсаридис (грек. Χριστοφορος Πισσασριδης, р. 1948) — кипри және британ экономисі, 2010жылы экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері.
- Эфстатиос Алонефтис — кипр футболисті, АС Омония Никосия ойыншысы және Кипрдің ұлттық футбол құрамасы, бундеслигадағы тұңғыш кипр ойыншысы.
- Христос Милордос — кипрлік әнші.
Көрікті жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кирения қақпасы (Porta del Proveditore). Олар әскери инженер Франческо Барбароның құрметіне аталған. Кирения қақпасы 1931 жылы британдықтар оның екінші жағында жол салғанға дейін қабырғадағы белсенді қақпа болды.
Бастион Мусалла (Барбаро). Бастион ғимаратында түрік қарулы күштері, сондай-ақ халыққа қолжетімді Ұлттық күрес мұражайы орналасқан.
Бастион Джевизли (Лорадано). Анкара Чаглаян саябағы бастионды қоршап тұрған шұңқырда орналасқан.
Бастион Сибели (Флатро). Туристер бұл бастионға жақындай алмайды, өйткені оны БҰҰ басып жатыр. Әрі қарай жылжуды жалғастыру үшін туристер жасыл сызықты кесіп өту үшін екі нүктенің біріне оралуы керек (ең жақын нүкте Локмачи).
Бастион Караффа. Мелина Меркури Холл осында орналасқан.
Фамагуста қақпасы (Porta Giuliani). Қақпа оның сәулетшісі Джулио Саворгнаноның атымен аталған, Асканио ағасы. Бұл қақпа үшеуінің ішінде ең жақсы сақталғаны шығар. Бүгінде олардың үй-жайлары мәдени орталық ретінде пайдаланылады және мереке күндері мұнда түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.
Бастион Подокатро. Міне, Азаттық монументі, ол зынданнан шыққан адамдардың бірнеше қола фигуралары. Жақын жерде бір кездері таудан қалаға су әкелетін су құбырының учаскесі орналасқан.
Констанца бастионы. Дәл осы жерде 1570 жылы қалаға шабуыл жасаған түріктер қорғанысты бұзып өтті. Қазір Байрақтар мешіті осында орналасқан.
Д'Авила Бастион. Қала әкімдігі осы бастионда орналасқан. Бостандық алаңы (Plateia Eleftherias) жақын жерде орналасқан. Бұл кипрлік гректердің дәстүрлі жиналатын орны. Жақын жерде Лаики Гейтония деп аталатын аймақ бар.
Бастион Триполи. Бұл бастион автотұрақ және аялдама ретінде пайдаланылады.
Пафос қақпасы (Порта Сан-Доменико). Бұл қақпа жақын жерде орналасқан Лусиньан монастырының атымен аталған. Бұл монастырьді венециялықтар 1567 жылы қабырғаларды тұрғызу кезінде қиратты. Жақын жерде Қасиетті католиктік крест шіркеуі орналасқан. Бұл мүлдем ешкімнің жері емес. Кіру грек жағында, ал шығу (қауіпсіз жабылған) түрік жағында. Жасыл сызық арқылы ең жақын өткел Ледра көшесінде.
Роккас Бастион. Бұл бекініс түрік жағында орналасқан. Ол саябаққа айналдырылды.
Бастион Захра (Мула). Осы жерден шұңқырлы жерге қарай аласыз. Бұл жасыл сызықтың ең кең жері. Ол БҰҰ-ның шолу постымен аяқталады (бірақ ол қазіргі уақытта сирек қолданылады).
Бастион Кефан (Quirni). Бұл бастионның ішінде Солтүстік Кипр Президентінің сарайы орналасқан. Одан әрі шеңберде Кирена қақпасы орналасқан.
Туыстас қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Үлгі:Флаг Украины Одесса (укр. Одеса), Украина
- Үлгі:Флаг Греции Афины (гр. Αθήνα), Грекия (28 маусым 1988)
- Үлгі:Флаг Ливана Бейрут (араб.: بيروت), Ливан
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Информация о северной части Никосии: история, достопримечательности и др. Мұрағатталған 9 қарашаның 2006 жылы.
- Киприоты сломали разделяющую Никосию стену
- Никосия. Описание города из записок путешественников 14-19 веков
- Путеводитель по Северному Кипру (ағылш.)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|