Мазмұнға өту

Лондон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Лондон
ағылш. London

Сағат тілімен, жоғардағы сол бұрыштан бастап: Биг-Бен, Әулие Павл соборы, Букингем сарайы, Лондонның көзі, Трафальгар алаңы, Тауэр көпірі
Ту Елтаңбасы
Ту Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Ұлыбритания

Статусы

Астана

Аймақ

Англия

Аймақ

Үлкен Лондон

Ішкі бөлінісі

Сити және 32 аудан

Мэр

Садық Хан

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°30′26″ с. е. 00°07′39″ б. б. / 51.50722° с. е. 0.12750° б. б. / 51.50722; -0.12750 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°30′26″ с. е. 00°07′39″ б. б. / 51.50722° с. е. 0.12750° б. б. / 51.50722; -0.12750 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

47[1]

Бұрынғы атаулары

Лондиниум, Августа, Лунденвик, Лунденбурх

Жер аумағы

1572 км²

Орталығының биiктігі

22 м

Климаты

қоңыр салқын

Уақыт белдеуі

UTC0, жазда UTC+1

Тұрғындары
Тұрғыны

8 908 081[2] адам (2018)

Тығыздығы

5667 адам/км²

Агломерация

14 075 652 (2016)[3]

Ұлттық құрамы

ақтар 59,8 % (оның ішінде британдар 44,9 %),
азиаттар 18,4 %,
қаралар 13,3 %,
аралас 5 %,
басқалары 3,4 %

Конфессиялар

христиандар 48,4 %,
мұсылмандар 12,4 %,
индуисттер 5,1 %,
иудейлер 1,8 %, сикхтер 1,5 %,
атеисттер 20,7 %

Этнохороним

лондондық, лондондықтар

Ресми тілі

ағылшын

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+44 20

Пошта индекстері

E, EC, N, NW, SE, SW, W, WC, BR, CM, CR, DA, EN, HA, IG, KT, RM, SM, TN, TW, UB, WD

london.gov.uk  (ағыл.)

Лондон картада
Лондон
Лондон
Лондон картада
Лондон
Лондон

Лондон (ағылш. London [ˈlʌndən] Файл жайлы ақпарат тыңдау) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының қаласы және астанасы. Британ аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы 1706,8 км². Халқы 8 млн. адамнан асады және халқы санынан әлемде 18-нші орында. Бұл көрсеткіш Еуропада 2-ші болып табылады.

Лондон нөлдік немесе Гринвич Меридианы үстінде орналасқан. Лондон 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын қабылдап Олимпиада ойындарың 3 рет қожайыны болуда.

Лондон әлемдегі өнер, сауда, білім және ғылым, сән, қаржы, кәсіптік қызмет, денсаулық сақтау, зерттеу және даму, туризм және көлік салалары бойынша жетекші жаһандық қала болып табылады. Қалада әлемдік деңгейдегі Хитроу әуежайы және Темза өзенінің жағасында әлемдегі ең үлкен өзен порттарының бірі орналасқан.

Қала өз маңайын қосқанда алуан түрлі дін және мәдениеттерді қамтитын 300-ден аса әр тілдерде сөйлейтін әр-түрлі ұлт өкілдерімен жұрттанған.

Халық саны
1801—2015 жылдары, млн адам
[4]
Этникалық топтар, 2011 жыл

2011 жылдағы санақ бойынша лондондықтардың 45% ақ нәсілді британдықтарға, тағыда 15% - басқа да ақ нәсілділерге жатқызды. 61% азаматтар Англияда, ал 37% - Ұлыбританиядан тыс жерде дүниеге келген. Олардың ішінде 3 пайызы Үндістанда, 2 пайызы Польшада дүниеге келген.

Лондондағы климат қоңыржай белдеудің ішіндегі қоңыржай теңізді климат болып табылады. лондонның қысы жұмсақ, жазы жылы болып келеді. Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы температураны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын. Ең жылы айы - шілде: ортатәуліктік ауа температурасы ең көп дегенде 22,5°C құрайды. Қауіпті температура жаздың шілде тамыз айларында орнайды (2003 жылдың тамызнда температураа 37°C дейін көтерілген).

Лондон ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
Абсолюттық максимум, °C 14,9 18,5 22,2 40 30,6 34,3 35,0 37,3 33,4 28,2 18,9 15,2 37,3
Орташа максимум, °C 7,7 8,0 29,4 10,9 17,3 20,4 22,9 22,5 19,2 14,9 10,7 7,9 14,7
Орташа температура, °C 5,0 4,9 7,1 9,2 12,6 15,6 17,9 17,6 14,9 11,4 7,7 5,3 10,8
Орташа минимум, °C 2,4 2,1 4,0 21,9 8,3 11,3 13,4 13,3 11,1 8,2 4,8 2,6 7,2
Абсолюттық минимум, °C −16,6 −16,1 −11,1 15 −2,4 1,4 2,4 0,2 −0,4 −5,7 −9,1 −16,1 −16,6
Жауын-шашын нормасы, мм 56 41 42 42 51 45 44 49 48 69 57 55 599
Дерекнама: World Climate, Weatherbase, Ауа райы және Климат

Лондон аудандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлкен Лондон ситилерден және 32 ауданннан (оның ішіндегі 13 Ішкі Лондонда және 19 Сыртқы Лондонда орналасқан):

  1. Сити
  2. Вестминстер
  3. Кенсингтон және Челси
  4. Хаммерсмит және Фулем
  5. Вандсворт
  6. Ламбет
  7. Саутуарк
  8. Тауэр-Хэмлетс
  9. Хакни
  10. Излингтон
  11. Камден
  1. Брент
  2. Илинг
  3. Хаунслоу
  4. Ричмонд
  5. Кингстон
  6. Мертон
  7. Саттон
  8. Кройдон
  9. Бромли
  10. Луишем
  11. Гринвич
  1. Бексли
  2. Хейверинг
  3. Баркинг және Дагенхэм
  4. Редбридж
  5. Ньюхэм
  6. Уолтем-Форест
  7. Харинги
  8. Энфилд
  9. Барнет
  10. Харроу
  11. Хиллингдон

Хаммерсмит-энд-Сити (Hammersmith & City ағылш.) бағыты - Хаммерсмит және Баркинг бекеттерінің арасында салынған лондондық метрополитен бағыты. Дүние жүзіндегі ең алғашқы метро болып табылады. Әлемдегі ең ескі жерасты темір жол болып табылатын, өзінің құрамында Лондодағы Фаррингдон және Паддингтон бекеттерінің арасындағы 1863 жылдың 10 қаңтарнан бастап жолаушының қозғалысы үшін ашық, ең ескі жерасты өткелігі бар.

Бағыт жолаушылар тасымалдау санын ескергенде, лондондық жерасты теміржолы 12 бағыттың арасында 10 орын алады.

Көрікті жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лондон көрікті жерлері
Лондондағы Әулие Павл соборы
Тауэрс бекінісі
Букингем сарайы
Тауэр көпірі
Зәулім ғимараттардың бірі

Лондонның панорамадағы көрінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Panorama of London, taken from the Golden Gallery of St Paul's Cathedral

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Number 1 Poultry (ONE 94), Museum of London Archaeology, 2013. Archaeology Data Service, The University of York.
  2. Population estimates: Persons by single year of age and sex for local authorities in the UK, mid-2018.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 қазан 2019.
  3. The population of all agglomerations in the United Kindom with a population of 45,000 or more.
  4. По данным переписей, подробнее см.: Statistics of the population of London from 1801 to 2001.  ???. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 қазан 2012. Тексерілді, 1 қыркүйек 2012.