Мазмұнға өту

Аланд аралдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Автономды провинция
Аланд аралдары
фин. Ahvenanmaa
швед. Landskapet Åland
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы

Ålänningens sång

Әкімшілігі
Ел

 Финляндия

Енеді

16 қоғам

Әкімшілік орталығы

Мариехамн

Губернатор

Петер Линдбек

Премьер-министр

Камилла Гунелл

Тарихы мен географиясы
Координаттары

60°12′20″ с. е. 20°29′09″ ш. б. / 60.20556° с. е. 20.48583° ш. б. / 60.20556; 20.48583 (G) (O) (Я)Координаттар: 60°12′20″ с. е. 20°29′09″ ш. б. / 60.20556° с. е. 20.48583° ш. б. / 60.20556; 20.48583 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1920 жыл (автономия)

Жер аумағы

1552 км² (19 орын)

Биіктігі
· Ең биік


129 м

Экономикасы
ЖІӨ

· жан басына

473 мың $ (2013)
15 600 $

Тұрғындары
Тұрғыны

28 501 адам (2012)(19 орын)

Тығыздығы

18,36 адам/км² (10 орын)

Ұлттық құрамы

Финдік шведтер

Ресми тілі

Швед тілі

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

FI-01

Телефон коды

358 18

Интернет-үйшігі

.ax

aland.ax

Аланд аралдары картада

Координаттар: 60°12′20″ с. е. 20°29′09″ ш. б. / 60.20556° с. е. 20.48583° ш. б. / 60.20556; 20.48583 (G) (O) (Я)
Ғарыштан түсірілген сурет
Аланд аралдарының топографиялық картасы
Аланд аралдары

Аланд аралдары (швед. Åland — Оланд, фин. Ahvenanmaa, Ахвенанмаа - «алабұға елі») — Балтық теңізінде орналысқан архипелаг, Скандинавия елдерінің бірі. Финляндия құрамындағы автономия болып табылады. Халық саны - 28 501 (2012 ж.). Провинцияның жалғыз қаласы әрі астанасы - Мариехамн (11 мың тұрғын 2008 жылы).

Ресми тілі - Швед тілі: 91,2 % халық үшін - бұл ана тілі, тұрғындардың   5 % үшін ана тілі Фин тілі; басқа тілдердің үлесі - 3,8 %.

Валютасы - еуро. Ақша айналуында швед кронасы да бірдей пайдаланады[1].

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Архипелаг Балтық теңізінің Ботник шығанағында орналасқан. Шығысында Финляндияның құрлық аймағынан Архипелаг теңізінің шхераларымен бөлінген. Батысында және солтүстік-батысында Швециядан Сёдра-Кваркен бұғазымен бөлінген.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай архипелагтың ұзындығы - 130 км. Архипелаг 6757 аралдардан құралған, олардың ішінде 60-сы - елді мекен. Әлемдегі ең үлкен архипелаг болып саналады. Жалпы аумағы - 1552 км²,оның ішінде 27 км² аумағын өзендер мен көлдер алады. Архипелагтың ең ірі аралы - Аланд аралы, аумағы - 685 км². Архипелагтың ең биік жері - Оррдальсклинт белесі, биіктігі 129 м.

Кейбір ірі аралдары (аумағы 5 км²-ден көп):

Аты Аумағы (км²) Биік төбесі (м) Тұрғыны (адам)
Аланд аралы 685 129 21 400
Лемланд 92 77 1849
Эккерё 91 36 978
Лумпарланд 33 61 397
Вордё 29 48 400
Эстерсокнен 23
Кумлинге 23 238
Хуммерсёландет 17
Дегерё 14 35
Хеллсё 12,8
Энклинге|sv|Enklinge}} 12,2 87
Соннбудаландет 10,4
Чёкар 10,3
Сеглинге 9,7 46
Соттунга 9,3
Чиркландет 6,8 17

Климаты қоңыржайлы, солтүстік елдерінің арасында күн көзін көбірек көретін аймақ болып есептеледі. Мұздар қаңтардың ортасында қатады да сәуірдің ортасы-мамырдың басында ериді. Қаңтардың орта температурасы - —4 °С, шілдеде 15 °С; жауын-шашын мөлшер - 550 мм в год[2]. Аралдарда бірнеше табиғи қорықтар бар.

Әкімшілік бөлінуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аланд аралдарының әкімшілік бөлінуі
Әкімшілік бірлік - коммуна. Жалпы Аланд аралдарында 16 коммунна бар

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Försiktig optimism i det privata näringslivet - men arbetslösheten stiger  (швед.). Statistics Åland, Ålandsvägen (26 наурыз 2013). Тексерілді, 8 қыркүйек 2013.
  2. [1]