Мазмұнға өту

Анкара

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Елорда
Анкара
түр. Ankara
Әкімшілігі
Ел

 Түркия

Статусы

Астана

Ил

Анкара

Мэр

Мансұр Яваш

Тарихы мен географиясы
Координаттары

39°52′ с. е. 32°52′ ш. б. / 39.867° с. е. 32.867° ш. б. / 39.867; 32.867 (G) (O) (Я)Координаттар: 39°52′ с. е. 32°52′ ш. б. / 39.867° с. е. 32.867° ш. б. / 39.867; 32.867 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

Ансира

Жер аумағы

1 417 км²

Биіктігі

938[1] м

Уақыт белдеуі

UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

5 445 026[2] адам (2017)

Тығыздығы

3451 адам/км²

Этнохороним

анкаралық, анкаралықтар

Ресми тілі

Түрік

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+90 312

Пошта индексі

06x xx

Автомобиль коды

06

ankara.bel.tr
 (түрік.) (ағыл.)

Анкара картада
Анкара
Анкара

Анкара (түр. Ankara) — Түркия Республикасының елордасы, екінші ең үлкен қаласы. Халқының саны жағынан Ыстамбұлдан кейін, жер көлемі жағынан Конядан кейін екінші орын алады. халық саны — 4.9 миллион адамдар жетеді.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Болу, Чанқыры, Қырыққала, Қыршахар, Коня, Ақсарай мен Ескішахар арасында орналасқан. 38°33'-40°47' солтүстік ендіктер мен 30°52'-34°06' шығыс бойлықтарының арасында орын алады. Батыстан шығысқа, солтүстілтен оңтүстікке қарай өтетін транзиттік жолдардың қиылысатын нүктесі болып саналады. Үлкен бөлігі Ішкі Анадолы аймағына қараса, қалған бөлігі Батыс Қаратеңіз аймағында жатыр.

Анкараның жан саны ADNKS (Adrese Dayalı Nüfus Kayıt Sistemi — мекенжай бойынша халық санын тіркеу жүйесі) бойынша 2015 жылда 5,270,575 болды. Тұрғындардың 2.225.033-і еркек, 2.241.723-і әйел болып есептелді. 1978 жыл мен 1983 жыл арасында туылғандар халық санының ең көп бөлшегін құрап, жалпы саны 429.946-ға жетті. Күнделікті қала іші тасымалда қала әкімдігі қамтамасыз еткен автобустар мен жеке меншіктегі бағыттық көліктер (минибустар) қызмет көрсетеді. Қала әкімдігіне бағынышты көліктерде магниттік карт (карточка) қолданылады. Жеке көліктерде нақтылай ақша қолданылады. Қаладағы такси саны халықтың сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті. Таксилер тәулік бойы жұмыс істейді. Түнгі сағат 12-ден таңғы сағат 6-ға дейін таксилер түнгі бағамен қызмет көрсетеді. Анкара қаласы 1923 жылдан бері Түркияның астанасы болып табылады. Халқының саны жағынан елдегі екінші орындағы қала. Ол тек саяси орталық емес, сонымен бірге, Ыстамбұл және Ізмір қалалары секілді экономикалық маңызы бар қала.

Анкара қаласының әлемнің біраз елдерінің қалаларымен бауырластығы бар. Қазақстанның астанасы, Астана қаласы, Анкараның бауырлас қалаларының қатарына кіреді.

Анкара, XVIII ғасырдың суреті.

Анкара Азиядағы ең көне қалалардың бірі. VII ғасырдан бастап Еуропа мен Азияны байланыстыратын жанданған сауда жолдарының қиылысында орналасқан Ангордың немесе Анхирдің (Ἄγκυρα, «якорь») грекше аты бойынша белгілі. Кеш Византия кезеңінде көптеген грек отбасылары өмір сүрді[3].

1071 жылы Манзиктердің шайқасында Византия армиясының жеңіліске ұшырағаннан кейін Анкара Селжуктердің бақылауында болды, бірақ мұнда христиандардың жойылуы болмады.

1098 жылы қалада 1-ші крест жорығына қатысқан рыцарлар түріктердің шабуылы болды, бірақ олар қаланы тастап кеткен соң, түріктер қайтадан қаланы басып алды.

1118 жылы византиялықтар уақытша Ангирдің басқаруын қалпына келтіре алды, бірақ 1176 жылы олар оны мәңгілікке жоғалтты. XII ғасырдың соңында қаладағы православие тез бұзылып кетті.

1402 жылы Анкараға жақын жерде, тарихта «Ангора шайқасы» деп аталып кеткен Темір мен Сұлтан Баязидтің арасында шайқас өтті. Сұлтанның әскері жеңіліске ұшырады, ал өзі Темір қолға түсірді. Қала мен оның төңірегі осы оқиғалардан зардап шекті, бірақ Мурад II билігі кезінде қала бірте-бірте қалпына келе бастады.

1912 жылы олар осында өмір сүрді: түріктер - 32692 адам, армяндар - 12 019 адам, гректер - 3154 адам[4].

1919 жылдың соңынан бастап түрік ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Кемал Ататүрктін бас штаб-пәтері қалада орналасқан.

1920 жылдың сәуір айында Түркияның Ұлы Ұлттық Ассамблеясы Анкараға жиналды, онда ұлттық үкімет құрылды. 1922 жылға дейін Анкара провинциялық қала болды.

1923 жылдың 13 қазанында Анкара астанасы деп жарияланды.

Анкараның климаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жазда ауа райы ыстық болады, жауын-шашын аздап жауады. Шілденің орташа температурасы — 23С°. Ыстық ауа райы 35С° дейін сирек болады. Ең жоғары температурасы —41.2 С° 30 шілде 2000.

Қыста ауа райы суық болады. Көп қар жауады. Ең төмен температурасы — 32.2 С° 16 қаңтар 1980

Жауын-шашын көктеммен күзде көп болады.

Климаты — Қоңыржай континенттік.

Анкара галереясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]