Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев
Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Амангелді ауылы, Амангелді ауданы, Қостанай облысы |
Қайтыс болған күні | |
Азаматтығы | |
Партиясы | |
Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев — Қазақстан мемлекет қайраткері, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1962 жылы 9 мамырда Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді кентінде туған. Қазақ
Қостанай ауылшаруашылық институтын (1984) ғалымагроном мамандығы бойынша; Орталық Азия университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі (2007 жылдан).
1985 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданындағы «Александровск» кеңшарының №3 бөлімшесінде агроном; 1987 жылдан - №2 бөлімше басқарушысы; 1991 жылдан - «Александров» кеңшарының бас агрономы. 1991 жылдан - Қостанай облысы Наурызым ауданының «Дәмді» кеңшарының директоры.
1995 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданының «Нива» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы.
1997 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданының «Нива» өндірістік кооперативі басқармасының төрағасы.
1999 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданының «Надеждинка» ЖШС директоры.
2004 жылдан - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімі.
2006 жылдан - Қостанай қаласының әкімі.
2008 жылдан - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен (2005); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы лейтенант.
Үйленген. 2 баласы бар.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2