Мазмұнға өту

Сарыкөл ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Сарыкөл ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қостанай облысы

Аудан орталығы

Сарыкөл

Ауылдық округтер саны

11

Кенттік әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

23

Әкімі

Амантай Кәкімбекұлы Балғарин

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, №72

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°24′36″ с. е. 65°39′36″ ш. б. / 53.41000° с. е. 65.66000° ш. б. / 53.41000; 65.66000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°24′36″ с. е. 65°39′36″ ш. б. / 53.41000° с. е. 65.66000° ш. б. / 53.41000; 65.66000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1936 жыл

Жер аумағы

6 116 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

17 488[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар (42,55%)
қазақтар (29,41%)
украиндар (18,08%)
немістер (2,97%)
белорустар (2,85%)
басқалары (4,14%)[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

10

Сарыкөл ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Сарыкөл ауданы

Сарыкөл ауданыҚостанай облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс[3]. 1928 жылы құрылған. Орталығы — Сарыкөл кенті. Аудан аумағы 6 116 шаршы километрді алып жатыр.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батысында Меңдіқара, Алтынсарин, оңтүстігінде Қарасу, солтүстігінде Ұзынкөл, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандарымен шектеседі.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 21903 28894 46670 46733 39363 31087 24785 19377

Тұрғындар саны – 20 553 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 31,19%, орыстар – 40,64%, украиндар – 18,24%, немістер – 2,89%, беларустар – 2,85%, татарлар – 0,75%, молдовандар – 0,47%, башқұрттар – 0,47%, әзербайжандар – 0,45%, поляктар – 0,29%, чуваштар – 0,29%, удмурттар – 0,26%, басқа ұлт өкілдері – 1,21%.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

23 елді мекен 6 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 5 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Барвинов ауылдық әкімдігі Барвиновка ауылы 1 1094
Большие Дубравы ауылдық әкімдігі Большие Дубравы ауылы 1 459
Веселоподол ауылдық округі Весёлый Подол ауылы 2 780
Златоуст ауылдық әкімдігі Златоуст ауылы 1 805
Комсомол ауылдық округі Комсомольское ауылы 4 874
Маяк ауылдық әкімдігі Маяк ауылы 1 661
Сарыкөл кенттік әкімдігі Сарыкөл кенті 1 8738
Севастополь ауылдық округі Севастополь ауылы 2 719
Сорочин ауылдық округі Сорочинка ауылы 5 1765
Тагиль ауылдық округі Тагильское ауылы 3 973
Тимирязев ауылдық әкімдігі Тимирязевка ауылы 1 813
Урожайный ауылдық әкімдігі Урожайное ауылы 1 375

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында 94 пайызын құрайды. Тауар өнімінің негізгі түрі – бидай. Аудында 21 ЖШС, бір өндірістік кооператив және 775 шаруа қожалықтары бар. Ауданда элеваторлар және нан қабылдау пункттері, шұжық цехтары, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу цехтары, макарон және жиһаз жасау цехтары, төрт диірмен бар. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері 1405 кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен ұсынылады.

Әлеуметтік құрылымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандық орталық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулаториясы, 18 медпункттері 20 орта, 8 негізгі және 6 бастауыш мектептер, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі, өнер мектебі. Мектептердің оқу жабдықтары қазіргі заман талабына сай. Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде жеті мамандықтар бойынша білім береді. Аудандық мәдениет үйінде жас жұбайлар некелерін тіркейді. Балалар бақшаларында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]