Мазмұнға өту

Ақмола облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан облысы
Ақмола облысы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облыс орталығы

Көкшетау

Аудандар саны

17

Ауылдық округтер саны

192

Кенттік әкімдіктер саны

5

Қалалық әкімдіктер саны

11

Ауыл саны

589

Әкімі

Марат Мұратұлы Ахметжанов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°00′ с. е. 69°00′ ш. б. / 52.000° с. е. 69.000° ш. б. / 52.000; 69.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°00′ с. е. 69°00′ ш. б. / 52.000° с. е. 69.000° ш. б. / 52.000; 69.000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

14 қазан 1939 жыл

Жер аумағы

146 219 км² (9- орын)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Экономикалық ауданы

Солтүстік Қазақстан

Тұрғындары
Тұрғыны

787 971[1] адам (2023)(10- орын)

Тығыздығы

5,39 адам/км² (7- орын)

Ұлттық құрамы

қазақтар 52,83 %
орыстар 31,93 %
украиндар 4,02 %
немістер 3,44 %
татарлар 1,74 %
белорустар 1,25 %
поляктар 0,99 %
басқалары 3,8 % (2022 ж.)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 7162 xx-xx-xx

Пошта индекстері

02xxxx

Автомобиль коды

03

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-AKM

Басқалары
Әкімдіктің мекенжайы

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, №83

Ақмола облысының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ақмола облысы

Ортаққордағы санаты: Ақмола облысы

Ақмола облысыҚазақстанның солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1939 жылы құрылған, 1961–1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018)[3]. Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.[4]

Кен байлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.

Өзен-көлдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ірі өзендері Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана және Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға 37 тоған салынған, жалпы су көл. Жалпы ауданы 180,6 млн м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 – 74 млн м3 Ертіс суы беріледі.

Флора мен фаунасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда х��лық жиі қоныстанған.

Қалалары мен өнеркәсібі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалалары – Астана, Степногорск, Атбасар, Макинск, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Щучинск, Көкшетау . Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық жері 12501,1 мың га, оның 4806,1 мың га-сы егістік, 287,8 мың га-сы шабындық, 72,2 мың га-сы жайылымдық (2006). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Облыс аумағындағы темір жолдыңдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды – Астана – Павлодар темір жолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар, Астана – Алматы автомобиль жолдары өтеді.

Ақмола облысы халқының саны[5] [6]

1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007
970 604 979 646 1 061 820 836 271 748 167 748 930 747 185 746 652 748 559
2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020
747 447 738 824 735 135 733 212 731 328 732 947 735 566 736 605 744 420[7] 734 369[7] 738 942[7] 738 587[7] 736 735[7]

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Халқының саны (2009, 2021)[8]
Облыс аудандары мен қалалары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақкөл ауданы 27120 24808 91,5 13280 12479 94 13840 12329 89,1
Аршалы ауданы 27940 24573 87,9 13699 12518 91,4 14241 12055 84,6
Астрахан ауданы 27419 20281 74 13545 10044 74,2 13874 10237 73,8
Атбасар ауданы 50981 44137 86,6 24671 22132 89,7 26310 22005 83,6
Бурабай ауданы 73169 70834 96,8 34856 34154 98 38313 36680 95,7
Бұланды ауданы 34815 29633 85,1 16801 14526 86,5 18014 15107 83,9
Біржан сал ауданы 17930 13613 75,9 8934 6806 76,2 8996 6807 75,7
Егіндікөл ауданы 6802 5468 80,4 3389 2783 82,1 3413 2685 78,7
Ерейментау ауданы 31303 26710 85,3 15640 13438 85,9 15663 13272 84,7
Есіл ауданы 27697 21319 77 13379 10422 77,9 14318 10897 76,1
Жақсы ауданы 21107 16451 77,9 10394 8281 79,7 10713 8170 76,3
Жарқайың ауданы 15423 13246 85,9 7510 6629 88,3 7913 6617 83,6
Зеренді ауданы 40591 35625 87,8 20103 18182 90,4 20488 17443 85,1
Қорғалжын ауданы 10289 7495 72,8 5135 3881 75,6 5154 3614 70,1
Сандықтау ауданы 21521 17185 79,9 10468 8433 80,6 11053 8752 79,2
Целиноград ауданы 52619 78806 148,1 26707 39730 148,8 26744 39409 147,4
Шортанды ауданы 29580 27825 94,1 14494 13906 95,9 15086 13919 92,3
Көкшетау қалалық әкімдігі 147295 187897 127,6 67487 88855 131,7 79808 99042 124,1
Қосшы қалалық әкімдігі 5731 48963 992,7 2520 22014 873,6 2379 26616 1118,8
Степногорск қалалық әкімдігі 68163 68126 99,9 31939 32821 102,8 36224 35305 97,5
ЖАЛПЫ САНЫ 737495 782995 106,2 354951 382034 107,6 382544 400961 104,8

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстістігінде Қазақтың аласа белді- бетегейлі даласы (Сарыарқа) мен Теңіз жазығының арасында орналасқан. 1939 жылдың 14 қазанында құрылған. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Көлемі- 146,2 мың шаршы км. Облыс халқының саны- 739,042 мың адам (1.07.2006 жылға дейінгі мәлімет). Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы - 947 м), Жақсыжалғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Зеренді (587 м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр. Облыстың оңтүстік жағы - орташа биіктігі 300-400 метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-батысы Теңіз-Қорғалжын ойпатымен жалғасады. Ақмола облысының климатышұғыл континенталды, жазы ыстық та құрғақ болып келсе, қысы қатал.

Инвестициялық тартымдылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дамыған көлік-транзиттік әлеует

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс аумағында Көкшетау халықаралық әуежайы, алты жолақты 205 шақырымдық Нұрсұлтан-Щучинск автобаны бар. Жыл сайын жергілікті автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуды қаржыландыру ұлғаюда. Облыстың дамыған темір жол желісі бар. Көкшетау қаласы арқылы темір жолдардың 4 тармағы өтеді. Облыста республика бойынша теміржолдардың ең жоғары тығыздығы – 1000 шаршы км аумаққа 10,66 км (ҚР бойынша орташа – 5,53).

Өткізу нарықтарына қол жеткізу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс аумағында мемлекеттің астанасы – Астана қ. орналасқан. Облыс 4 өңірмен - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Ресей Федерациясының жақын аймақтары: Омбы, Новосибирск, Қорған, Челябинск, Түмен, Свердлов облыстары, оларға бір тәулік ішінде автомобиль көлігімен жетуге болады.

Бай табиғи ресурстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс пайдалы қазбаларға бай және Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде жетекші орындардың бірін алып жатыр. Өңірде өзінің құрамы мен ауқымдылығы жағынан бірегей алтын қоры (Ақкөл, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Шортанды аудандары және Степногорск қ.), уран (Ақкөл, Біржан Сал, Зеренді Сандықтау аудандары), молибден (Біржан Сал, Ерейментау, Сандықтау аудандары), техникалық алмас, каолин, мусковит және доломит (Зеренді ауданы), темір рудасы (Ақкөл, Біржан Сал, Жарқайың аудандары), тас көмір (Ерейментау, Ақкөл аудандары) жинақталған. пайдалы қазбаларды, минералдық сулары шоғырланған. Жалпы жер қоры-14,6 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 10,8 млн. га: егістік-6 млн. га, жайылым-4,4 млн. га. Орман қоры-522,7 мың га, су қоры – 201,2 мың га.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақмола облысына астықтың 25% - дан астамы, сүттің 7% - ы, еттің 8% - ы және республикада өндірілетін жұмыртқаның 16% - ы келеді. Елдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндірудегі облыстың үлесі шамамен 10% құрайды. Ақмола облысы республикада - ел бойынша ең үлкен астық жинау сынағы-4,8 млн. га, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-4,4 млн. га. Астықтың орташа жылдық өндірісі 5,0 млн.тоннаны құрайды, астықтың орташа жылдық экспорты – 2 млн. тоннаны құрайды, соңғы 3 жылда өсімдік шаруашылығының үлесі орта есеппен 70% құрады. Облыстың барлық өңірлерінде мал шаруашылығын дамыту үшін мүмкіндіктер бар. Инвестицияларды тарту үшін ең перспективалы-Аршалы, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Ерейментау және Целиноград аудандары.

Өнеркәсіп секторында облыс құрамында алтын бар кендерді, уранды, машина жасауды, химия өнеркәсібін өндіруге маманданған. Ақмола облысына елде өндірілетін темір жол подшипниктерінің 100% - ы, жүк автомобильдерінің 36,3% - ы, өңделмеген алтынның 30,2% - ы, өңделген сүттің 12,1% - ы және ұнның 9% - ы келеді. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады - 80,4%, онда 533,1 млрд.теңгеге өнім өндірілді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдерін өндірумен, жеңіл және химиялық өнеркәсіптермен, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірумен, өзге де металл емес минералды өнімдерді өндірумен, түсті металлургиямен және машина жасаумен қамтылған. Өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындары «Көкшетауминводы» АҚ алкогольді және алкогольсіз сусындарды шығару зауыты, «Altyntau Kokshetau» АҚ алтын өндіру фабрикалары, «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «Kazakhaltyn Technology» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу компаниясы, «ЕПК-Степногорск» АҚ подшипник зауыты болып табылады.

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының туристік аймағы көшбасшыларының бестігіне кіреді. Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 700-ден астам кәсіпорын (407 орналастыру объектісі, 45 санаторийлік-курорттық мекеме, 178 жол бойындағы сервис субъектісі, туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 68 турфирмалар, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС) кіреді. Кластердің мәдени-тарихи сегменті 900 ескерткіштен тұрады, олардың көпшілігі мемлекеттің қорғауында болады және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезінде пайдаланылады. Облыста туроператорлар табысты іске асыратын және туристік маршруттардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген 80-ге жуық туристік бағыт жұмыс істейді. Оның ішінде туроператорлар Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау аудандарының және Ақмола облысы Біржан Сал ауданының тарихи және киелі жерлері бойынша туристік маршруттарды әзірледі. Оның ішінде 8 бекітілген қасиетті орындар бойынша. Туристік ағын жылына 813 мың келушіні құрайды.

Баламалы энергетика

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақмола облысы әлемдік трендке сүйене отырып, жаңартылатын энергия көздерінің санын көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с артық, бұл оларды энергетиканы дамыту үшін тартымды етеді. Жел энергетикасын дамыту үшін Аршалы, Ерейментау аудандары перспективалы аудандар болып табылады. Ақмола облысы елдің солтүстік бөлігінде орналасқанына қарамастан, облыс аумағындағы күн радиациясының әлеуеті айтарлықтай маңызды. Сонымен қатар, күн энергиясы тек электр энергиясын өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар жылу да қолданылуы мүмкін, бұл күн қондырғыларын нүктелік енгізу мүмкіндігін, соның ішінде орталық электр және жылу жабдықтарынан алыс аудандарда да мүмкіндік береді. Белгілі бір резервке биологиялық отынды қолдану бар екендігін айта кету керек. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу есебінен электр энергиясы алынуы мүмкін.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ақмола облысында ресми деректер бойынша 191 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді: - 90 Ислам - 45 православиелік - 11 католиктік - 43 протестанттық - 1 бахаистік. - 1 Ақмола облысы Кришна санасының қоғамы. Сонымен қатар, облыста тіркелмеген Евангельдік христиан-баптистердің 10 діни бірлестігі жұмыс істегендігі туралы ��есми хабарланған болатын.

Демалыс және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бiрi болып табылады. Өңiрдiң туристiк кластерiне туризм саласындағы 700-ден астам кәсiпорын кiредi (375 орналастыру объектiсi,45 санаторийлық-курорттық мекеме, 266 жол бойындағы қызмет көрсету субъектiсi, 68 туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар турфирма, 3 мемлекеттiк ұлттық табиғи парк -«Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау», Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС).
Кластердiң мәдени-тарихи сегментi 900 ескерткiштен тұрады, олардың көпшiлiгi мемлекеттiң қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезiнде пайдаланылады.
Облыста туроператорлар табысты iске асыратын және туристiк маршруттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген 80-ге жуық туристiк бағыт жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 10 туроператор Көкшетау, Бурабай, Зерендi, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Ақмола облысы Бiржан сал ауданының тарихи және киелi жерлерi бойынша туристiк маршруттарды әзiрлеп, пайдаланады. Олардың iшiнде қасиеттi орындарға бекiтiлген 8 маршрут бар.
Статистикалық мәлiметтерге сәйкес 2019 жылдың бiрiншi тоқсанында орналастыру орындарының саны 375 бiрлiктi құрады, Қордың жалпы сыйымдылығы — 5159 нөмiр, бiр жолғы сыйымдылығы 13327 төсек-орын. Орналастыру орындары 1108,1 млн.теңгеге қызмет көрсеттi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 9,4% артық. Орналастыру орындарында қызмет көрсетiлген келушiлер саны 67950 адамды құрады (2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы статистикалық ақпарат қазiргi күнге дейiн қалыптаспаған).
2018 жылы «3 жұлдыз» санатын «ZERENDA PARK» қонақ үйi алды. «Rixos Borovoe» қонақ үйi халықаралық стандарттар шеңберiнде франшиза бойынша жұмыс iстейдi және «5 жұлдыз» санаты бар.
7 орналастыру объектiсi («Оқ-Жетпес» ЕСК шипажайы, «Park House Kokshetau» қонақ үйi, «Алмаз» шипажайы, «Green Which Hotels» қонақ үйi, «Алтын күн» қонақ үйi, «Зеленый бор» шипажайы, «HOTEL INSAR» қонақ үйi) 2018 жылдың сертификаттарын ұзартты.
Өңiрде 9 сертификатталған орналастыру орындары жұмыс iстейдi.
Цифрландыру процесiн жүзеге асыру аясында 3 тiлдiк www.visitaqmola.kz интернет-ресурс жұмыс iстейдi, оған «Visit Aqmola» мобильдi қосымшасы, оның функционалына аймақтың танымал орындарын сканерлеу QR-коды кiредi. Бұл сайт электрондық ақпараттық дүңгiршектермен синхрондалған (Туристiк ақпараттық дүңгiршектер Астанада — «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында, Бурабай кентiнде — «Бурабай Даму» ЖШС визит-орталығы базасында бар, Астанада «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратында орнатылған).
Өңiрдiң туристiк өнiмiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн туристiң «Burabay PASS» ресми картасы (жолсiлтеме, смарт-карта және Beeline SIM-картасы) сатылымға шығарылды. А.ж. 600-ден астам сату тiркелдi.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2408 спорт ғимараты бар, оның iшiнде ауылда — 1690. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 53 бiрлiкке артты. Бастауыш ұжымдар мен ауылдық округтерде 2108 штат қызметкерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1177 адам. Оның iшiнде 1117 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 160 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 414 жаттықтырушы-оқытушы бар.
Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 172 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда — 160 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 68,7% құрайды.

Ақмола облыста барлық меншiк түрiнiң мәдени объектiлерiнiң 694-i жұмыс iстедi, олардың 663-i мемлекеттiк, 31-i басқа меншiк объектiлерi:
-276 клуб (олардың iшiнде 256 мемлекеттiк және 20 жекеменшiк);
-378 кiтапхана (олардың iшiнде 370 мемлекеттiк және 8 ведомстволық);
-11 музей;
-2 театр;
-21 мемлекеттiк архив;
-облыстық филармония;
-тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
-облыстық халық шығармашылық және мәдени тынығу орталығы;
-3 жекеменшiк кинотеатр.
Облыста 2 513 клубтық құрылымдар жұмыс істейді.
Облыста "Халықтық" атағы 81 адам және "Үлгілі" атағы — 18 адам.
99 ұжым жұмыс жасайды: хореографиялық — 31; хор — 18; фольклор — 18; вокалды топтар — 14; әуесқой театрлар — 4; отбасылық ансамбльдер, цирк студиялары, орыс халық аспаптар ансамбльдерi, ән-би ансамбльдерi, қазақ халық аспаптар ансамбльдерi — 2-еуден, ВИА, фотостудия, орыс халық аспаптар оркестрi, поэтикалық студия — 1-ден.

Денсаулық сақтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халыққа медициналық көмектi 568 денсаулық сақтау ұйымы көрсетедi: 23 (4%) ауруханалық ұйым, жедел медициналық жәрдем станциясы, қан орталығы, 537 амбулаторлық-емханалық көмек көрсететiн ұйым (94,5%): (3 қалалық емхана, 1 БМСК орталығы, 2 аудандық емхана, 1 ЖИТС орталығы, 100 дәрiгерлiк амбулатория (ДА), 44 фельдшерлiк- акушерлiк пункт (ФАП), 386 медициналық пункт (МП)).
Басқа да медициналық ұйымдар — 6 (1,6%).

Ішкі саясат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақмола облыстық әкімдігі — Ақмола облысы әкімінің аппараты қала әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.[9]

Ақмола облыстық мәслихаты — Ақмола облысының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, 1993 жылы құрылған. 2021 жылдан бастап мәслихаттың барлық мүшелері облыс халқының партиялық тізім бойынша пропорционалды өкілдігі арқылы сайланады, қазақстандық заңнамаға сәйкес қажетті қадамдарды шешу және олардың орындалуын бақылауына жауапты.

Тілдерді дамыту

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Облыстағы мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2017 жылы — 70%, 2018 жылы — 74%, 2019 жылы — 76%.
Облыстағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 83,6%, 2020 жылы — 84,3%.
Облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 8%, 2019 жылы — 9%.
Облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 5%, 2019 жылы — 5,5%.
Этно-мәдени бiрлестiктер жанындағы қазақ және ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 26%, 2019 жылы — 27%.
Бүгiнде облыста 614 мектепке дейiнгi мекемебар. Оларда жалпы саны 37675 бүлдiршiн оқиды, оның 23835-i (63,3%) қазақ тiлiнде тәрбиеленедi.
Биыл облыс бойынша 560 орта мектеп бар, оның iшiнде қазақ мектептерi — 159, аралас мектептер — 217, орыс мектептерi — 184. Оқушылардың жалпы саны — 121521, оның 58393-i, яғни 48%-ы қазақ сыныптарында оқиды. Соңғы үш жылда қазақ сыныптарында оқитын балалар санының динамикасы: 2015 жылы — 47%, 2016 жылы — 47,6%, 2017-2018 жылдары — 48%.
Қазiр облыста 33 колледж бар (қазақ тiлдi — 2, аралас тiлдi — 26, орыс тiлдi — 5). Оларда оқитын 21351 студенттiң 6232-i, яғни 29,1%-ы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.
Қазiр облыс бойынша 20 орталық жұмыс iстейдi (17 аудандық, 2 қалалық және облыстық орталық). Олардың барлығында мемлекеттiк тiл үйретiледi, 18-де қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлi үйретiледi. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқитындар саны –5320 тыңдаушы, соның iшiнде мемлекеттiк тiлдi 4761 тыңдаушы оқуда.

Жастар саясат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Облыста жастар құрамы 148 996 адамнан тұрады, бұл жалпы облыс халқының санынан 20,2 % құрайды.
«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде облыстың қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары (17 орталық) жұмыс iстеуде, аталмыш орталықтарда әр адам тегiн түрде психологиялық, құқықтық, әдiстемелiк көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға көмек көрсетiледi.
Жастарды жұмыспен қамту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2019 жылдың 4-тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,8 % төмен.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша NEET жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 5,9% құрады, бұл республикалық деңгейден 1,1 % төмен.
Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында а.ж. басында 2059 жастар өкiлi қатысушылар болды, оның iшiнде 2784 адам ауылды жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 82 адам, ал жастар iс-тәжiрибесiне 179 адам жiберiлдi. Жалпы, а.ж. басында жұмыспен қамту органдарымен 1251 адам жұмыспен қамтылды.
Халықты жұмыспен қамту, ауылды жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдай жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы iске асырылуда.
2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 211 адам 372,9 млн теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның iшiнде мамандықтар бойында: бiлiм беру — 169 адам; денсаулық сақтау — 25 адам; әлеуметтiк қамтамасыз ету — 1; мәдениет — 2; спорт — 7; агроөнеркәсiптiк кешен — 7 адам.
Бюджеттiк несиелердi 374,5 млн теңге сомасына 502 адам алды, оның iшiнде мамандар бойынша: бiлiм беру — 72 адам, денсаулық сақтау — 21, мәдениет — 5, агроөнеркәсiптiк кешен — 4 адам.
Облыста әкiмдермен (облыстық, аудандық және қалалық) басқарылатын Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi 20 кеңес жұмыс iстейдi (1 облыстық, 19 аудандық және қалалық).
Облыста жұмыс iстеп тұрған 24 жастар бiрлестiгi бар. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру үшiн жастар саясаты мәселелерi басқармасымен жыл сайын қаржы қарастырылады.
Облыста әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалды. 2018-2019 оқу жылында атаулы шәкiртақы иегерлерiнiң саны 275 адамға жеттi. 2019-20 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындау үшiн облыстық бюджеттен 102,0 млн теңге бөлiндi.
Жастар iстерi жөнiндегi комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-iнде, ТжКБ-ның 38 ұйымында және облыстың 3 iрi кәсiпорын ұйымдарында жұмыс iстейдi.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


2020 жылы жаздық егiс 4,9 млн. га алқапқа жоспарланған, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты дақылдар — 4,4 млн га. Майлы дақылдардың егiстерiн 254,0 мың га көлемде орналастыру жоспарлануда, 16,1 мың га — картоп, көкөнiстердi 3,4 мың га-ға отырғызу жоспарланған. Мал азықтық дақылдарының жазғы егiсiн 181,0 мың га алқапқа орналастыру жоспарлануда.
2020 жылдың егiс науқанына 16,1 мыңнан астам бiрлiк астық тұқым сепкiштер және 1222 бiрлiк өнiмдiлiгi жоғары егiс кешендерi қатысатын болады, олар ағымдағы жылы 65% астық танабын егу жоспарланып отыр, бұл ылғал сақтау технологиялары бойынша егiс алқабын 3,3 млн. га дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 466,4 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 104,5 %), оның iшiнде сиыр басы — 219,9 мың бас (106,5 %).
Жылқы басы 204,3 мың басты (108,9 %), құс — 8094,0 мың басты (122,8 %) құрады.
Қой мен ешкi басы 589,8 мың басты (101,1 %), шошқа 111,0 мың басты (94,1 %) құрады.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2020 жылдың 1 қаңтарына Ақмола облысында 614 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 240 балабақша және 37955 баланы қамтитын 374 мектепке дейінгі шағын орталық.

Жалпы орта білім беру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыста 579 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 560 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 10 кешкі, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 1 мемлекеттік емес, 1 Назарбаев Зияткерлік мектебі. Контингенті 124228 баланы құрайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыстың ТжКБ ұйымдарының желісін жалпы контингенті 21600 адамды құрайтын 33 мекеме құрайды. 33 колледждің ішінде: 26 — Мемлекеттік және 7 — жеке меншік. Оқыту ауыл және орман шаруашылығы, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен ісі, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет, энергетика, машина жасау технологиясы, көлікті пайдалану сияқты бейіндегі 94 кәсіп (мамандық) және 139 біліктілік бойынша жүргізіледі. Облыс өңірлерін индустриялық-инновациялық дамыту жобалары үшін мамандар даярлау басымдыққа ие болып табылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]