Науырзым ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Науырзым ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
8 | ||
Ауыл саны |
11 | ||
Әкімі |
Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, №1 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
51°16′48″ с. е. 63°58′12″ ш. б. / 51.28000° с. е. 63.97000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°16′48″ с. е. 63°58′12″ ш. б. / 51.28000° с. е. 63.97000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1964 жыл | ||
Жер аумағы |
15,2 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
9 193[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (72,31%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
10 | ||
Науырзым ауданы — Қостанай облысының орталық бөлігінен оңтүстікке қарай орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1964 жылы құрылған. Жерінің аумағы — 18,3 мың км². Орталығы — Қарамеңді ауылы, Қостанайға дейінгі арақашықтығы — 198 км. Аудан аумағында ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміндегі №1102 нысан саналатын Наурызым қорығы орналасқан.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Әулиекөл, батысында Қамысты, оңтүстігінде Амангелді, Жангелдин аудандарымен, шығысында Қарасу және Ақмола облысының Жарқайың ауданымен шектеседі.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Науырзым ауданы Торғай үстіртінің солтүстік жағында орналасқан. Жер бедері едәуір күрделі. Шығыс жағындағы Торғай Үстіртінің орталық бөлігі ауданды бойлық бағытта бөліп жатыр. Жерінің оңтүстік жағында өзен аңғарларымен бөлінген, беттері негізінен тегіс Қызбелтау, Қарғалы таулары мен Қыземшек шоқысы орналасқан. Ең биік жері Қарғалы тауында (308 м). Жер қойнауында Панфилов қоңыр көмір кені, Шошқалы құм-қиыршықтас кені, отқа төзімді балшық, Шолақсай кен орны, Қарасу құм кендері бар. Науырзым ауданы жер беті суларына біршама бай. Өзендер жүйесі Үлкен Дәмді, Наурызым Қарасуы, Қаражылға, солтүстігінде Данабике өзендері мен олардың көптеген сай-салаларынан тұрады. Көлдерінің көпшілігі тұзды сулы.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Науырзым ауданы құрғақ дала белдемінде орналасқан, климаты шұғыл континенттік. Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы — -18–-19°С. Өте суық қыста температура Ақсуат кені төңірегінде -46°С-қа дейін төмендеген. Жазы ыстық. Шілденің орташа температурасы — 22°С. Жаз тым ыстық жылдары ауа температурасы 40°С-қа дейін жетеді. Климаттың құрғақ болуына байланысты жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200–250 мм-ден аспайды. Оның 70–75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз тымық күндер аз. Соғатын желдердің жылдық орташа жылдамдығы 4,5–5 м/с шамасында. Жер қыртысы түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақтан тұрады. Торғай және Сыпсыңағаш қолаттарының табанында сортаң және шақатты қызғылт-қоңыр топырақ тараған. Ауданның солтүстігінде бетеге мен селеуі басым әр түрлі астық тұқымдас шөп өскен. Наурызым қорығы алқабында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы орман, Торғай қолатының және Қаражылға мен Науырзым Қарасуы өзендерінің бойы бұйырғын аралас қара жусан мен көкпектен және әр түрлі шөп аралас бидайық пен қияқ шөптерден тұрады. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, саршұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, ормандарда тиін, тұяқтылардан елік, қабан, құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, дуадақ, шіл, ақ және қара құрлар, өзен-көлдерде аққу, қаз, үйрек, тырна, қызғыш, жылқышы, т.б. мекендейді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1970 | 1979 | 1989[3] | 1999 | 2009[4] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
18469 | ▲23478 | ▲30323 | ▼17914 | ▼13180 | ▼10126 |
Ауданда халық сирек қоныстанған және түгелдей ауылдық жерде тұрады. Тұрғындар саны – 10 766 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 71,87%, орыстар – 14,82%, украиндар – 5,49%, әзербайжандар – 2,35%, татарлар – 1,64%, беларустар – 1,22%, немістер – 0,93%, башқұрттар – 0,46%, басқа ұлт өкілдері – 1,24%.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]11 елді мекен 4 ауылдық әкімдік пен 4 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Буревестник ауылдық әкімдігі | Буревестник ауылы | 1 | ▼876 |
Дәмді ауылдық округі | Дәмді ауылы | 3 | ▼788 |
Қарамеңді ауылдық округі | Қарамеңді ауылы | 2 | ▼4236 |
Қожа ауылдық әкімдігі | Қожа ауылы | 1 | ▼726 |
Өлеңді ауылдық әкімдігі | Өлеңді ауылы | 1 | ▼638 |
Раздольный ауылдық округі | Раздольное ауылы | 1 | ▼681 |
Шилі ауылдық округі | Шилі ауылы | 1 | ▼599 |
Шолақсай ауылдық әкімдігі | Шолақсай ауылы | 1 | ▼968 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атауы | Халқы (2021) |
---|---|
Қарамеңді | ▼4188 |
Шолақсай | ▼968 |
Буревестник | ▼876 |
Қожа | ▼726 |
Раздольное | ▼681 |
Өлеңді | ▼637 |
Шилі | ▼599 |
Дәмді | ▼502 |
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданында негізінен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Мұнда ауыл шарушылығына жарамды жердің жалпы аумағы 1129,8 мың га, оның 187,0 мың га-сы — егістік, 53,7 мың га-сы — шабындық, 889,1 мың га-сы — жайылым. Ауданда 20 ғасырдың 90-жылдарының орта кезінде таратылған бұрынғы кеңшарлардың, т.б. шаруашылықтардың негізінде жаңа типтегі көптеген ауыл шарушылық бірлестіктері құрылды. Науырзым ауданы негізінен астық және мал өсірумен айналысады. 2003 жылы мұндағы егістіктің аумағы 170,1 мың га-ға жетті. Мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінен Науырызым ауданында жалпы білім беретін 22 мектеп, 1 мәдениет үйі, 9 клуб, 11 кітапхана, аудандық аурухана мен емхана, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 дәріхана жұмыс істейді[5].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|