Владимир Яковлевич Бобров
Владимир Яковлевич Бобров (1953 жылы 14 тамызда РКФСР Свердлов облысы Краснотурьинск қаласында туған) - мемлекеттік қайраткер. Орыс.
Анасы - Боброва Антонина Ивановна, зейнеткер.
Павлодар индустриалдық институтының энергетика факультетін бітірген (1975), инженер-электрик.
Техника ғылымдарының кандидаты (1985). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Апюминий тотығы өндірісінде электрді тұтыну режимдерін оңтайландыру». Доцент (1987). 2 кітаптың тең авторы, 46 мақала мен жарияланымның авторы.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан).
1975 жылдан - Павлодар индустриалдық институтының ассистенті , аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі . 1988 жылдан - «ОртаАзЭнергомонтаж» тресінің бас инженері, меңгерушісінің орынбасары. 1993 жылдан - «Қазэнергокабель» А бас директоры.
2004 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші, 4-ші шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.
«Құрмет» орденімен (2004); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы капитан.
Үйленген. Жұбайы - Боброва Людмила Михайловна, «Қазэнергокабель» АҚ-да жұмыс істейді. Ұлы - Михаил (1985 жылы туған); қызы - Мария (1988 жылы туған).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
- 14 тамызда туғандар
- 1953 жылы туғандар
- Краснотурьинскде туғандар
- Павлодар индустриалдық институты түлектері
- Техника ғылымдарының кандидаттары
- Павлодар индустриалдық институты оқытушылары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің III шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері