Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев
Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев - 1956 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Исатай ауданының Қобыланды ауылында туған. Қазақ. Анасы - Жұмағазиева Сахан, зейнеткер.
Хронологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алматы мал дәрігерлік институтының мал дәрігерлік факультетін (1980) зооинженер мамандығы бойынша;
- Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы және несие» факультетін (2004) экономист мамандығы бойынша бітірген.
- Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).
- 1980 жылдың қарашасынан - Ақтөбе облысы Қобда ауданының «Қобда» кеңшары №1 бөлімшесінің зоотехнигі;
- 1981 жылдың қазанынан - сұрыптаушы-зоотехнигі;
- 1982 жылдың желтоқсанынан - кеңшардың бас зоотехнигі.
- 1985 жылдың қыркүйегінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданының Ильич атындағы ұжымшарының партком хатшысы.
- 1990 жылдың ақпанынан - Қазақстан КП Қобда аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
- 1990 жылдың сәуірінен - Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары.
- 1994 жылдың ақпанынан - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Орақ пен балға» ұжымшары басқармасының төрағасы.
- 1996 жылдың қаңтарынан - Ақтөбе облысы Исатай ауданының әкімі.
- 1997 жылдың сәуірінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі.
- 2006 жылдың шілдесінен - Ақтөбе облыстық жолаушылар тасымалдау және автокөлік жолдары басқармасының бастығы.
- 2007 жылдың наурызынан - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі.
- 2010 жылдың сәуірінен - Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі.
- 2011 жылдан бері - Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық бөлімшесі Ойыл бөлімшесінің төрағасы (2010 жылдан).
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Астана» (1989),
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
- «Тыңға 50 жыл» (2005),
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
- «Ерен еңбегі үшін» (2006) медальдарымен марапатталған.
- Ақтөбе облысының Жыл адамы (2004).
- Қобда ауданының Құрметті азаматы (2009).
Әскери атағы - запастағы майор. Діни көзқарасы - «Барлық заңды діни көзқарастарға құрметпен қараймын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тәуелсіз, өркендеуші, саяси тұрақты Қазақстан». Хоббиі - аңшылық, балық аулау, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи-танымдық шығармалар. Үйленген. Жұбайы - Жұмағазиева Ләззат Әбдіқапарқызы, Ш. Бекмұхамбетова атындағы Ойыл ОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Қызы - Жұмағазиева Гүлмира Мұхтарқызы; ұлы - Жұмағазиев Әліби Мұхтарұлы. Немерелері - Аслан, Асанәлі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |