Мазмұнға өту

Ахан Құсайынұлы Бижанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ахан Құсайынұлы Бижанов

Ахан Құсайынұлы Бижанов (23 тамыз 1949 жылы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында туған)саясаттану ғылымының докторы (1997 жылы).

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.[1]

Қазақ политехника институтын (1971 жылы) бітірген соң, Алматы темір-бетон зауыт��нда электрик, инженер-электрмеханик, 1976–94 жылдары Алматы қаласы, Ленин ауданы атқару комитеті төрағасының, Алматы қаласы әкімшілік бастығының 1-орынбасары. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Мемлекет құрылыс және аймақтық саясат жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болды. 1995–96 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2000 жылы), ҚР Парламенті Сенатының депутаты. «Демократические основы модернизации казахстанского общества (политический анализ)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.[2]

«Құрмет» орденімен (2006), 5 медальмен марапатталған.

Әскери атағы - подполковник.

Діни көзқарасы - діни төзімділікті жақтайды, дінге құрметпен қарайды.

Саяси қайраткер ретіндег і идеалы - Н.Ә. Назарбаев, М.К. Ататүрік.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық, құқықтық, дамыған мемлекет».

Хоббиі - спорт, әдебиет.

Сүйіп оқитын әдебиеті - Ш. Айтматовтың, М. Мақатаевтың шығармалары.

Үйленген. Жұбайы - Мақашева Ғалия Рахымжанқызы (1949 жылы туған), Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры (Астана қаласы). Ұлдары - Бижанов Данияр (1974 жылы туған), Бижанов Бахтияр (1980 жылы туған).[3]

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. "Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода", Алматы, 1997.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiнде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 сәуiрдегi N 2935 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2011 жылы.

2. Алматы қаласынан Сенат депутаты болып Ахан Бижанов сайланды Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алмабеков Т. Албан ата энциклопедиялық шежіре. // [1] — Алматы, 2003. — 1352 б. — ISBN 9965-00-838-8.
  2. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
  3. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2