Мазмұнға өту

Жабал Ерғалиев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі
Ту
Ту
20 қыркүйек 2019 жылдан бері
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ту
Ту
Қазақстан Сенаты V, VI-шақырылымдарының депутаты
Ту
Ту
2011 — 2017
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Ту
Ту
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты
Ту
Ту
2007 — 2011
Әкімі Мәжит Есенбаев
Альберт Рау
Сергей Дьяченко
Өмірбаяны
Партиясы Нұр Отан
Білімі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті[1]
Мамандығы журналист
Дүниеге келуі 30 қазан 1955 (1955-10-30) (69 жас)
Қараағаш ауылы, Чкалов ауданы, Көкшетау облысы, Қазақ КСР, КСРО
Марапаттары

Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев[2] (30 қазан 1952 жыл, Қараағаш ауылы, Чкалов ауданы, Көкшетау облысы) — қазақстандық жазушы, журналист, қоғам қайраткері, 2019 жылдан бері Қазақстан Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі, 2011–2017 жылдары аралығында Сенат V және VI-шақырылымдарының депутаты.[1]

Жабал Ерғалиев 1952 жылдың 30 қазанында Көкшетау облысының Чкалов ауданындағы Қараағаш ауылы дүниеге келді.[1]

1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1973 жылдан бұрынғы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде кіші әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

1997–2005 жылдар аралығында Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы болып қызмет істеді.

2005 жылдың 28 қаңтарында Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ақмола облысының және Көкшетау өңірінің тарихында тұңғыш рет «Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналын шығаруды ұйымдастырды.

2007 жылдың 18 тамыз��нда болып өткен сайлауда Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Депутаттығын 2011 жылға дейін жалғастырды.[1]

Ақмола облысы әкімдігі жанындағы бюджет комиссиясының, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің, Қазақстан халқы Ақмола облыстық Кіші Ассамблеясының, тіл және онамастика жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі.

2011 жылы Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болды да, 2017 жылы депутаттығын аяқтады.[1]

2014 жылдың 17 қазанынан бері Сенаттың әлеуметтікмәдени даму және ғылым Комитетінің тұрақты мүшесі.[1] 2019 жылдың 20 қыркүйегінде Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның жарлығымен Сенат жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.[3]

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашқы әңгімелері 1978 жылы Алматыда жарық көрген жас жазушылардың антологиясында басылып шықты. Кітаптары:

  • «Сөне көрме, жүлдыздар»
  • «Қазақтың Қарасай батыры»
  • «¥лтым менің, үлысым менің»
  • «Хан көтерген ел едік ер үланын»
  • «Бұлтты түнгі толған Ай»
  • «Жол сапар жалғаса береді»

Драмалық шығармалары:

  • «Соңғы тұяқ»
  • «Ескі арба» повестері
  • «Бұлтты түнгі толған Ай»
  • «Тойғандар мен тозғандар».

Бұл екі драмалық шығарманың екеуі де Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрының сахнасында сәтті қойылып келеді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жабал Ерғалиұлының марапаттары:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d e f g Ергалиев Жабал Ергалиевич (Персональная справка)  (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 16 қазан 2023.
  2. Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы  (қаз.). Қазақстан Парламенті Сенатының ресми сайты. Тексерілді, 16 қазан 2023.
  3. НАЗАРБАЕВА, Дариға Нұрсұлтанқызы Распоряжение Председателя Сената Парламента Республики Казахстан от 20 сентября 2019 года №008-р/д Об утверждении персонального состава Совета сенаторов при Сенате Парламента Республики Казахстан  (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 16 қазан 2023.
  4. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
  5. Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды  (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (14 желтоқсан 2020). Тексерілді, 16 қазан 2023.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]