Мазмұнға өту

Бірғаным Сарықызы Әйтімова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әйтімова Бірғаным 2009 жылы

Бірғаным Сарықызы Әйтімова (26.2.1953 жылы туған, Бәйтерек ауданы, Бакаушин ауылы) — мемлекет және қоғам қайраткері. Орал педагогика институтын (1974), Алматы саясаттану институтын (1989), Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді (1994) бітірген.

  • 1974-76 ж. мектеп мұғалімі,
  • 1976-79 ж. — Бәйтерек ауданы «Пермь» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы,
  • 1979-83 ж. — Орал қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы болды.
  • 1983-87 ж. ЛКЖО ОК-нің хатшысы,
  • 1987- 90 ж. Қазақстан балалар қоры төрағасының орынбасары,
  • 1990- 93 ж. Жоғары Кеңес депутаты,
  • 1993-96 ж. Жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі министр,
  • 1996-97 ж. сенатор,
  • 1997 жылдан Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі төтенше және уәкілетті елшісі. Әйтімова «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
  2. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3