Арканзас (штат)
АҚШ штаты | |||||
Арканзас | |||||
| |||||
Штат ұраны |
«Халық басқарады» (лат. Regnat populus) | ||||
Штат әні |
Arkansas (song) Arkansas (You Run Deep in Me) Oh, Arkansas | ||||
Штат лақапаты |
«Табиғи штат» (ағылш. The Natural State) | ||||
Литл-Рок | |||||
Ең ірі қаласы |
Литл-Рок | ||||
Ірі қалалары |
Форт-Смит Фейетвил Спрингдейл Джонсборо | ||||
Тұрғыны |
2 937 979 (2011 жыл) 32−орын (АҚШ б-ша) | ||||
- тығыздығы |
21,33 адам/км² | ||||
29−орын | |||||
- барлығы |
137 732 км² | ||||
- су беті |
2 876 км² (2,09 %) | ||||
- ендік |
33°0' с. е. бойынша 36°30' с. е., 385 км | ||||
- бойлық | 89°41' б. б. бойынша 94°42' б. б., 420 км |
||||
Теңіз деңгейінен биіктігі |
|||||
- максимал биіктігі | 839 м | ||||
- орташа биіктігі | 20 м | ||||
- минимал биіктігі |
17 м | ||||
Штат статусын иеленуі |
15 шілде 1836 жылы 25 ретпен | ||||
- штат болмай тұрып |
Арканзас территориясы | ||||
Губернаторы |
Аса Хатчинсон | ||||
Вице-губернаторы |
Лесли Ратледж | ||||
Заң шығару органы |
Ассамблея Арканзас Бас Ассамблеясы | ||||
- жоғарғы палатасы | Арканзас сенаты | ||||
- төменгі палатасы | Арканзас өкілдер палатасы | ||||
Сенат мүшелері |
Том Коттон Джон Бузман | ||||
Орталық увқыты: GMT-6/-5 | |||||
AR | |||||
Ресми сайты: |
http://www.arkansas.gov | ||||
|
Арканзас (ағылш. Arkansas /ɑrkənsɔː/)[1]) — штат, Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік аймағында орналасқан[2]. Халқы 2 937 979 адам (АҚШ штаттарының ішінде 32-орында; 2011 жылы). Астанасы және ірі қаласы — Литл-Рок.
Географиясы және климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арканзас жер көлем 137 732 км² (штаттар арасында 29-орын). Штат оңтүстігінде Луизианамен, батысында Техаспен және Оклахомамен, шығысында Теннесси және Миссисипи, солтүстігінде Миссури штаттарымен шекараласады.
Штаттың шығысында Миссисипи өзенінің жазығы орналасқан, солтүстігінде Уошито тауы және Озарк дөңесті үстірті алып жатыр. Климаты субтропикалық, шамалы ылғалды. Қысы жұмсақ және қарлы. Жауын-шашыны жылына 1000 мм-ден жоғары. Қаңтар айының орташа температурасы +2...+15 °С, шілдеде - +27 °C. Жазда кейде +40 °C ыстыққа жетеді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арканзас аумағын еуропалықтардан бірінші болып Эрнандо де Сото экспедициясы мүшелері зерттеді (1541). Штатты бірінші француздар, кейін ағылшындар және немістер қоныстанды. XVI ғасырдан XIX ғаыр аралығында Арканзас территориясына Испания мен Франция бір-бірімен таласты.
Артынан 1836 жылы 15 маусымда АҚШ-қа қосылды. Арканзас одақтық мемелекет құрамында құлиеленуші штат болды. Артынан азаматтық соғыстан кейін президент Эндрю Джонсонның тыйым салуына қарамастан АҚШ құрамына қайта қабылданды.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2003 жылы штаттың ЖІӨ-і $76 млрд болды. Арканзас — күріш, соя бұршағы өндіруе лдегі бай штат. Азық-түлік индустриясын дамытуда, электроқұралдар мен автокөлік бөлшектері өндірістері бар. Пайдалы қазбалар арасында боксит кені бойынша алдыңғы орындарда.
Демографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арканзас халқының едәуір өсуі 1940-жылдары байқалды. Этникалық құрамы: «американдықтар» — 15,9 %, афро-американдықтар — 15,7 %, ирландықтар — 9,5 %, немістер — 9,3 %, ағылшындар — 7,9 %. Ең жылдам өсуші этникалық топ — Азиядан келгендер. Негізгі конфессия — протестанттар (негізгі ролде баптисттер және методисттер).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Jones, Daniel. (1997) English Pronouncing Dictionary, 15th ed. Cambridge University Press. ISBN 0-521-45272-4
- ↑ Census Regions and Divisions of the United States. Geography Division, United States Census Bureau. Тексерілді, 23 маусым 2012.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Official State website Homepage
- Facts About Arkansas Мұрағатталған 24 тамыздың 2006 жылы.
- U.S. Census Bureau Мұрағатталған 4 қаңтардың 2011 жылы. (АҚШ санақ бюросы)
- Arkansas Newspapers Мұрағатталған 23 шілденің 2008 жылы.
- Arkansas State Code (the state statutes of Arkansas)
- Literature of Arkansas Мұрағатталған 23 шілденің 2008 жылы.
|