Алтай Республикасы
Координаттар: 50°55′ с. е. 86°55′ ш. б. / 50.917° с. е. 86.917° ш. б. (G) (O) (Я)
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Алтай Республикасы | |||||
| |||||
Елордасы |
Таулы Алтай | ||||
35-ші | |||||
Барлығы |
|||||
Барлығы |
▲208 425 (2012) 2.24 адам/км² | ||||
Барлығы, ағым. баға |
21.6 млрд руб. (2010) 90,2 мың руб. | ||||
Сібір | |||||
Батыс Сібір | |||||
алтай тілі, орыс тілі, қазақ тілі | |||||
Басшысы |
Олег Хорохордин | ||||
Ел Құрылтай төрағасы |
Владимир Тюлетин | ||||
04 | |||||
RU-AL | |||||
MSK+3 (UTC+7) | |||||
Ресми сайты: |
altai-republic.com |
Алтай Республикасы (алт. -Алтай Республика-) — Ресей Федерациясының құрамындағы субъектісі, республика. Әкімшілік орталығы – Таулы Алтай қаласы.
Алтай Республикасы Қазақстан, Қытай, Моңғолия жерімен, сон��ай-ақ Ресей Федерациясының Тыва, Хакасия республикаларымен, Кемерово облысымен, Алтай өлкесімен шектеседі.
Жер аумағы 92,902 шаршы километр, халық саны 210,924 (2021)[2] адамға тең. Батысынан шығысына дейін – 360 км, оңтүстігінен солтүстіке дейін – 480 км.[дереккөзі?]Ресми тілі – орыс, қазақ және алтай тілдері.
Жергілікті халқы — түркі алтайлықтар ұлты, халықтың 37% (2021) алып тұр.[3]
География
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтай Республикасы қазақ даласына, Моңғолия шөлейті мен Сібір тайгасына ұласып жатқан Алтай тауларының солтүстік бөлігінде орналасқан. Ең биік шыңы – Мұзтау (4506 метр). Жер бедері әркелкі: биік тау жоталарының (Қатын, Солтүстік және Оңтүстік Шу) арасын “дала” деп аталатын жазықтық не ауқымды қазан шұңқырлар (Абай, Оймын, Шу) бөліп жатыр.
Климаты континенттік: қаңтар айының орташа температурасы – 12 – 31,80С, шілдеде 9 – 180С. Жылдық жауын - шашын мөлшері тауаралық қазан шұңқырларда – 100 мм-ге, солтүстік – батыс бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. Ең ірі көлі – Алтынкөл, оның көлемі – 230,8 км, тереңдігі – 325 м. Өзендері энергия қорына өте бай. Республиканың солтүстік – батыс жағындағы беткейлер мен аңғарлар – қара топырақты, қалған жерлері таулық күлгін топырақты келеді.
Жерінің 25%-ын орман (балқарағай, самырсын, шырша, қайың) алып жатыр. Өсімдіктердің 212 түрі кездеседі. Дала мен шөлейттің аң – құстары: зерен елік, қарсақ, суыр, манул мысығы, зорман, қосаяқ, бозторғай, құзғын мен бүркіт; биік таулы аудандарға тән жануарлар: арғалы (тау қойы), бун (тауешкі), барс (ірбіс) пен бүркіт мекендейді. Қазба байлықтары: темір, алтын, вольфрам, қалайы, жез, т.б. Талдыдүрген кен орнынан қоңыр көмірдің (шамамен 68 миллион тонна) қоры табылған. Алтай жері әсіресе асыл тастарға бай. Құрылыс материалдары мәрмәрдің, саздың, құмның, әктастың, кесек тастың қоры мол.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтай жерін адамдар ерте замандарда – төменгі және жоғарғы палеолит дәуірінен қоныстанған. Б.з.б. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында Алтай тауларын түркі тайпаларының арғы атасы – ғұндар жайлап, жергілікті ұлыстардың көбісін өзіне бағындырды. Б.з. IV – VI ғасырларында қазіргі алтайлықтар мен басқа да түркі халықтарының арғы тегі – көк түркілер осы аймақта тұрды, 552 жылы Алтай түркілері өз мемлекетін құрып, астанасын Орхон өзеніне көшірді. Үлкен Хинганнан Кавказға дейінгі аралықта үстемдік жүргізген түркілердің солтүстік шекарасы Байкалға дейін созылып, Енесай (Енисей) мен Таулы Алтайды қамтыды, оңтүстік шекарасы Ұлы Қытай қорғанына, Тибет жеріне тірелді. 581 жылы қағанат екіге: Шығыс және Батыс қағандықтарға бөлінді.
Қазіргі Алтай Республикасын қамтыған Шығыс Түрік қағандығы қытай шеріктерімен, араб сарбаздарымен, т.б. ұлыс - тайпалармен арадағы үздіксіз соғыстардың салдарынан VIII ғасырда күйреп тынды. Одан көптеген тарихи - мәдени ескерткіштер: балбалдар, жан-жануар кейпіндегі шекіме бұйымдар, әшекейлер, былғары киім жұрнақтары, алтын белдіктер, сондай - ақ түркі әліпбиімен ойылған жазба мұрағаттар сақталып жеткен. IX – XII ғасылар аралығында бұл өңірде Енесей қырғыздары, қидандар, моңғолдар, т.б. кезек - кезек билік құрды. 13 ғасырдан бастап алтайлықтар Шыңғыс хан негізін қалаған түркі - моңғол ұлыстарының құрамына кірді. XVII – XVIII ғасыларда олардың негізгі бөлігі жоңғар хандығына бағынды. XVIII ғасырдың басында кейбір тайпалар орыс бодандығын қабылдай бастады.
Бұл процесс 1755 – 57 жылы болған Қытай мен Жоңғарияның арасындағы жойқын соғыстан кейін күшейе түсті. Қырғыннан қашқан алтайлықтар Ресей өкіметіне бағынды. Бір бөлігі Қытайдың қол астында қалып қойды. Жалпы, алтайлық сөзі Таулы Алтайдағы және ішінара Кузнецк Алатауындағы түркі тайпаларының жиынтық атауы. Солтүстік алтайлықтарға (“қара татарларға”) Бия өзенінің солтүстік жағалауы мен Телес көлінің солтүстік - батыс жағалауын мекендеген тобалар (тубалар), челкандар, лебединдер (Лебедь өзенінің аңғары) және құмандындар (Бия өзенінің орта ағысы) жатады. “Ақ қалмақтар”, “алтайлықтар”, “таулық”, “биліктер”, т.б. аталатын оңтүстік алтайлықтарға алтай кижалар, төлеңгіттер (теленгит), телестер мен телеуіттер жатады. 19 ғасырда алтайлықтар Ресей империясының отарлық езгісінде болды.
Шұрайлы жерлер тартып алынып, Ішкі Ресейден келген орыс шаруалары қоныстандырылды. Жерінен айрылған, зорлап шоқындырудан қашқан жергілікті халық тауға қашты және тайганы паналады. 1918 – 22 жылдары аралығында Таулы Алтай жеріне Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылы 1 маусымда РКФСР құрамында Ойрат автономды облысы құрылды. Ол 1948 жылы 7 қаңтарда РКФСР-дың Алтай өлкесіндегі “Таулы Алтай автономиялық облысы” деп аталды.
Астанасы 1928 жылға дейін – Ұлала ауылы, кейін – Ойрат-Тура, 1948 жылдан бастап – Таулы Алтай қаласы болды. 1990 жылы 25 қазанда Таулы Алтай халық депутаттарының облысы кеңесі Таулы Алтай АКСР-інің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады және ол Алтай өлкесінің құрамынан бөлініп шықты. 1993 жылы қазанда елдің жоғары заң шығарушы органы – Эл Құрұлтай (мемлекеттік жиналыс) мемлекеттік рәміздеменің қажетті атрибуттарын – жалау мен елтаңбаны қабылдап, республиканың қазіргі ресми атауын заң жүзінде бекітті.
Экономика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтай Республикасында мал шауашылығы экономиканың жетекші саласы саналып, ел аумағының шамамен 75%-ы жайылым болды. Бірақ 1991 – 95 жылдары аралығында республикада мал басы күрт кеміді. 1996 жылдан бастап мемлекеттік сектордағы мал шауашылығы базасының орнына жеке шаруа қожалықтары пайда бола бастады. Әсіресе, әлемдік пиасада жоғары сұранысқа ие тауар – марал мен теңбіл бұғы пантасын өндіруге сұраныс күшейді. Өнеркәсібі нашар дамыған, өндіріс ауқымы жөнінен ауыл шауашылығынан кейін қалып келеді. Өнеркәсіп салаларының арасында құрылыс индустриясы мен жергілікті шикізаттан экзотикалық дәрілік препараттар өндірісі ғана тиімді қызмет атқарып, пайда түсіруде.
Республика көлемінде жергілікті индустрияның шикізаттық сипатынан дайын өнім шығаруға көшіп, кен өндіруші саланы (алтын мен молибден, полиметалл, күміс) дамытуға басымдық беру, табиғи құрылыс материалдарын (ағаш, тас, мәрмәр, гранит) жете өңдеу, сондай-ақ елдің туристік желісін жетілдіру арқылы экономиканы өркендету шаралары белгіленген. Негізгі көлік магистралы – Таулы Алтай – Шуй автомобиль жолы (ұзындығы 621 км) Бийск мен Моңғолия шекарасын жалғап жатыр.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтай Республикасының Конституциясына сәйкес өңір елді мекендерден тұратын 1 қала (республикалық маңызы бар) және 10 ауданға (аймаққа) бөлінеді. «Алтай Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Алтай Республикасының Заңына сәйкес РФ субъектісіне келесі әкімшілік-аумақтық бірліктер кіреді: 1 қала, 10 аудан (аймақ) және олардың құрамына кіретін 91 ауылдық елді мекен.
Республиканың муниципалдық құрылымы шеңберінде Алтайдың әкімшілік-аумақтық бірлігі шекарасында 102 муниципалитет құрылды: 1 қалалық аудан және 10 ауылдық аудан, оған 91 ауылдық елді мекен кіреді.
- Қала (қалалық аймақ) және аудандар (муниципалды аудандар):
№ | Қазақша атауы | Алтайша атауы | Тұрғындар, адам |
Аумақ, мың км² |
Әкімшілік орталық | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қала / қалалық аудан | |||||||||
I | Таулы Алтай | Туулу Алтай | 64 464 | 0,096 | |||||
Аудандар (аймақтар) / муниципалды аудандар | |||||||||
1 | Қосағаш ауданы (аймақ) | Кош-Агаш аймак | 19 188 | 20,0 | Қосағаш ауылы | ||||
2 | Майма ауданы (аймақ) | Майма аймак | 33 939 | 1,4 | Майма ауылы | ||||
3 | Оңдай ауданы (аймақ) | Оҥдой аймак | 14 312 | 11,7 | Оңдай ауылы | ||||
4 | Туражақ ауданы (аймақ) | Турачак аймак | 12 389 | 11,0 | Туражақ ауылы | ||||
5 | Ұлаған ауданы (аймақ) | Улаган аймак | 11 574 | 18,4 | Ұлаған ауылы | ||||
6 | Қан ауданы (аймақ) | Кан-Оозы аймак | 14 685 | 6,3 | Қан ауылы | ||||
7 | Көксу ауданы (аймақ) | Кöк-Суу Оозы аймак | 16 317 | 12,9 | Көксу ауылы | ||||
8 | Шибалы ауданы (аймақ) | Шебалин аймак | 13 735 | 3,9 | Шибалы ауылы | ||||
9 | Самал ауданы (аймақ) | Чамал аймак | 10 395 | 3,0 | Самал ауылы | ||||
10 | Шоя ауданы (аймақ) | Чой аймак | 8315 | 4,5 | Шоя ауылы |
Мәдениет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтайлықтардың бай ауыз әдебиеті бар. Оны ертегішілер (кайчы) мен жыршылар (қожанчы) жаттап алып, ұрпақтан ұрпаққа таратып келді. Ауыз әдебиеті нұсқалары 19 ғасырдың 2-жартысынан қағаз бетіне түсіріле бастады. Эпос үлгілерінің 7 томы – “Алтай батырлары” жарық көрді. 20 ғасырдың бас кезінде М.В. Мундус – Эдоков “Келін” (1927 жылы), “Бұрын және қазір” (1928 жылы) аталатын алғашқы пьесалар жазды. Алтай тұрғындарының тағдыры, бастан өткерген тарихи кезеңдері П.А. Чагат - Строевтың “Дана батыр” (1926 жылы), “Қара Қорум” (1929 жылы) поэмаларында, П.В. Кучияковтың “Күрес” (1932 жылы) пъесасында, “Шайтан аңғары” (1945 жылы) повесінде, С.Сұразақовтың “Тау қожасы” (1962 жылы) жинағында, Л.Қоқышевтың “Арина” (1959 жылы) романында шынайы бейнеленген.
Алтайлықтар сан ғасырлар бойы киіз үйде тұрып келді. Дәстүрлі сән өнері – сырмақ басу, басқұр өру, алаша, кілем тоқу, тері илеп, зерлеу, кесте тігу кәсібі әлі ұмытылмаған. Алтайлықтар тілінде “Алтайдың чолмоны” (“Алтай жұлдызы”, 1922 жылдан) республикалық газет, т.б. басылымдар шығады.[4]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2021 жылғы Бүкілресейлік санақ бойынша Алтай өлкесінің ұлттары:[3]
№ | Ұлт | Халық саны | % |
---|---|---|---|
1 | Орыстар | 106,258 | 50.37 |
2 | Алтайлықтар | 73,242 | 34.72 |
3 | Қазақтар | 12,647 | 0.059 |
4 | Құмандылар | 1,037 | 0.0049 |
5 | Армяндар | 496 | 0.0023 |
6 | Украиндар | 446 | 0.0021 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Административно-территориальное деление по субъектам Российской Федерации на 1 қаңтар 2010 ж.. Росстат (14 шілде 2010).xls
- ↑ Всероссийская перепись населения 2020 года (орыс.). Тексерілді, 10 шілде 2023.
- ↑ a b "Национальный состав населения" (орыс.). Тексерілді, 10 шілде 2023.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алтай кімге қалады?
- Рудой А. Н., Кирьянова М. Р. Научное и рекреационное значение великих геологических памятников Алтая: к созданию Алтайского ледникового парка // Известия Русского географического общества, 2004. — Вып. 5. — С. 61-69. Мұрағатталған 22 мамырдың 2012 жылы.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Altai Republic |
|