Алаша
Көрініс
Алаша — әртүрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын төсеніш мүлік. Екі әдіспен тоқылады. [1]
- Бірі — түрлі-түсті жіптерді жарыстыра жолақтап тоқу.
- Екіншісі — әр түсті бой жіптерді санап отырып, теріп тоқу арқылы көп мәнерлі өрнектер түсіру (қ. Өрмек тоқу).
Алғашқысын қақпа Алаша деп, соңғысын терме Алаша деп, кейде кілем Алаша деп те атайды. Алашадан төсеніш, тұс кілем, қоржындар жасайды. Алаша — қазақ тұрмысында ең жиі қолданылатын мүлік.[2][3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|